Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет251/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   472

 

531 


 

адамдардың  тұрмысына  сіңген    жөн-жосық,  жол-жоралғылары,  әр  адамның  іс-

әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан көріністері. 

Салт-дәстүрлер  халықтардың  тіршілік  кәсібіне,  наным-сенімдеріне,  өмірге  деген 

көзқарасына  байланысты  туып,  қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып,  өзгеріп, 

жаңарып  отырады.  Оның  жаңа  қоғамдық  қатынасқа  қайшы  келетіндері  жойылып, 

өмірге  қажеттілері  дамып,  жаңа  мағынаға  ие  болады.  Ұлттық  келбетімізді 

қалыптастыру  жолындағы  ұрпақ  тәлім-тәрбиесінде  біз  мұны  әрқашан  да  есте 

ұстауымыз керек. Өскелең ұрпаққа білім беріп тәрбиелеу халықтың  салт-дәстүрімен, 

сана-сезімімен  тығыз  байланыста  жүргізілетін  болса,  оның  нәтижесі  де  соғұрлым 

жемісті болмақ. 

Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фарабидің өзі: «Тәрбиесіз берілген білім апат әкеледі» 

деген.  Олай  болса,  «Тәлім  сөз  –  тәрбие  құралы»  деген  нақыл  сөз  өмірден  алынған 

шындық екені белгілі. Сондықтан да болар, халық тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар 

бойы  жалғасып  келеді.  Егер  біз,  адамды  адам  еткен  еңбек  десек,  сол  еңбекті  балаға 

үйретіп, адамгершілік қасиетке баулып, жол сілтейтін - халық тәрбиесі. Халқымыздың 

ұлттық  тәлім-тәрбиесіне  қатысты  сан  ғасырлық    тыныс-тіршілігінің  өзіндік 

ерекшеліктерінен туындаған салт-дәстүр,                          әдет-ғұрыптары мол. «Атадан 

бала  тусайшы,  ата  жолын  қусайшы»  дегендей  халық    атадан  балаға    жалғасып  келе 

жатқан жақсы қасиеттерін келер ұрпаққа сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан. 

Ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктерінің бірі – халқымыздың қайырымдылығына 

байланысты.  Ата-бабамыз  ұрпағын  қайырымды  жұртқа  қамқор  болуға,  кемтарларға 

әрдайым  көз  қиығын  салып,  қол  ұшын  беруге  баулыған.  Ата-анасының  алдында 

перзенттік  парызын  өтеуге,  имандылыққа  тәрбиелеген.  Халқымыздың  жазуы 

болмағанмен ұрпақты ата-баба үлгісімен тәрбиелеуге айрықша мән берген. Оларды жеті 

атасын білуге, салт-дәстүрін,                әдет-ғұрпын сақтауға үйреткен. 

Халқымыздың  патриоттық  үлгісін  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би,  Ақтамберді, 

Бұқар жырау және ХХ ғасырдың басында қалыптасқан А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, 

Ж.Аймауытов,  С.Торайғыров,  М.Жұмабаев,  Б.Сырттанов,  Ғ.Мұсағалиев  сынды  қазақ 

қайраткерлері жасап берді деуге негіз бар. 

Әйтеке би «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп, халыққа қызмет етудің, 

патриотизмнің  айнасы  бола  білді.  Тәуке  хан  заманынан  бері  қазақ  қоғамында 

патриотизм байлықтан да жоғары бағаланды. 

Адамның  бойында  ұят  сезімі  қалыптасқан  күнде  ғана  Отан  алдындағы  парызды 

орындау үшін саналы түрде қауіп-қатерге бас тіге алады. Б.Момышұлы: «Әрбір азамат 

өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі 

арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге міндетті» деген. Бұны 

отбасында  өсіп  келе  жатқан  жас  буындарды  патриотизмге  тәрбиелеуде  ерен  үлес 

қосатын аса маңызды әлеуметтік  орта деп ой түюге болады.    Дала мінезді қазақтың 

көңілі шалқар, кейде сағымдай бұлдырап, жұмбақ болып қалатын сәттері де бар, өрлік 

пен кеңдік, батырлық рух, патриоттық сезім бойына дарыған қазақ халқы ешқашан өз 

рухын түсірмек емес. Көшпенді күй кешсе де, үлкен мәдениет тұрғызды, отырықшы күй 

кешсе  де,  далаға  тән  рухын,  өзіндік  болмысын  сақтап  отырды.  Орта  адамды 

қалыптастырады,  оның  даралық  қасиеттерін  айқындай  түседі.  Олай  болса, 




 

532 


 

халқымыздың  ұлттық  рухын,  этнопедагогикалық  құндылықтарын  қастерлеп, 

жастардың патриоттық  сезімдерін жоғарылата түсу керек деп есептейміз. 

Осындай халқымыздың асыл мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың зердесіне  

дарыту  –  ата-аналар  мен  ұстаздардың  еншісінде.Себебі,  бала  тәрбиесі  –  баршамызға 

ортақ. 


«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  деген  қағиданы  ескерсек,  өз  еліміздің  салт-

дәстүр,  әдет-ғұрпы  бай  қазына  деп  түсініп,  оларды  келешек  ұрпаққа  жеткізу  қазіргі 

таңдағы  педагогтардың  басты  борышы  деп  түсінемін.  Халқымыздың  тәлім-тәрбиелік 

мұрасына  үңілсек,  ол  адамгершіліктіі,  қайырымдылық  пен  мейірімділік,  имандылық 

пен  инабаттылықты  дәріптейді.  Ата-бабаларымыз  баланы  бесігінен  жақсы  әдетке 

баулыған. 

«Үлкенді  сыйла,  сәлем  бер,  жолын  кеспе»,  «Өтірік  айтпа»  деген  сөздердің  мәні 

ешқашан жойылмақ емес. «Жігітке жеті өнер де аз», «Қызға қырық үйден тыйым», - деп 

ұлдың да, қыздың да өнерлі, өнегелі жан болуына жол сілтеген. 

Ұлттық қасиет-ұлт ұйтқысы.Ұлттық қасиетті қалыптастыратын рухани құралдар: 

тіл, ойлау қабілеті, салт-дәстүр, тәрбие, психология. Бұл ұғымдар бір-біріне тәуелді. 

Халқымыздың  талайды  тамсандырған:үлкенді  сыйлау,  ата-ананы  құрметтеу, 

бауырмалдық қасиеттерін танып білуіне баулу – ұстаздың басты міндеті. Мың жылдық 

тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде, отбасында, тұрмыс-тіршілікте батылдық пен 

батырлыққа,  әділдік  пен  адалдыққа  махаббат  пен  ізгілікке,  иба  мен  иманға  үздіксіз 

тәрбиелеп отырған. Бұрын ата- әже тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, баланы отбасы ғана 

емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген. 

Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа  адамгершілік-

патриоттық тәрбие беру. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге 

болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған. 

Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни 

адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен 

тәрбиешілер  шешуші  роль  атқарады.  Еліміздің  болашағы  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 

бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. 

Патриоттық  тәрбие  –  бұл  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  адамгершілік, 

патриоттық  сезімдерін  мақсатты түрде  қалыптастыру үрдісі. Бүгінгі күні бұл жұмыс 

қиын  да,өзекті,өйткені  қазіргі  жас  отбастарында    патриоттық  тәрбиені  қажет  деп 

түсінбейді. Сондықтан біз бұл мәселеге бәріміз бірге жұмылуымыз қажет, сонда ғана 

айтарлықтай  қорытындыға  келеміз.  Сөзсіз,  патриоттық  тәрбие  жұмысын    мектепке 

дейінгі  шақтан  бастау  қажет.  Осы  жаста  балалар  үлкеннің  айтқанын    тыңдап 

қабылдайды, сондықтан  тәрбие үрдісінде балалардың Отанға, өз қаласына, үйіне деген 

қамқорлықтарын    нақты  түрде  қалыптастыру  қажет.  Оқу  іс-  әрекетіндегі 

қолданылатын    кейбір  ұғымдар  балаларға  түсініксіз  де  болып  келеді. 

Сондықтан  тәрбиешінің негізгі мақсаты — балаларға әрбір адамның  өз Отанына деген, 

үлкендерге, салт - дәстүрге деген сыйластық туралы   өзі жақсы білуі керек, түсінікті 

деңгейде түсіндіре білу. Балабақша балаларының сұрақтары көп болып келеді: «Неге 

зейінді  және  сыйлы  болу  қажет?»;  «Біздің  Отанымыз  қандай?»;  «Неге  елімізді 

қорғауымыз қажет?» — осы  сияқты сұрақтарға олар оқу іс-әрекетінде жауап ала алады. 

Біздің балабақшада биылғы оқу жылында балаларға адамгершілік  тәрбие сезімдерін 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау