Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет248/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   472

 

525 


 

Ойын  тек  бала  үшін  құрбылырымен  тіл  табысуға  көмектеспейді,  сонымен  қатар 

бала өзінше әрекет етеді. Өз әрекетін басқару балада алғаш ойында, содан кейін басқа 

әрекеттерінде көрінеді. Ойында бала ересек талабын және мораль нормасын емес, басқа 

адам бейнесінің көшірмесін жасап алады. Өзін –өзі бақылау мектепке баланың соңғы 

жас  кезінде  көрінеді,  сондықтан  алғаш  оған  сыртқы  бақылауды  ойындағы  достары 

қояды. Балалар алғаш бір –бірін, өзін бақылап ұстайды. Сыртқы бақылау біртіндеп өзін-

өзі ұстау үрдісінен алынып тасталынады. 

Мектепке  дейінгі  балалардың  тұлғалық  қасиеттері  мен  сапалары,  «Мен»  қасиеті 

үлкендердің  ықпалының  негізінде  қалыптасды.  Төменде  3-5  жастағы  балалардың 

психикалық,  тұлғалық  дамуын  қалыптастыруға  бағытталған  психологиялық 

жаттығулар мен психотехникалық ойындарды ұсынып отырмын. 

«Мимикалық гимнастика» жаттығуы 

Мақсаты: балалардың ішкі сезімдерін дамытуға мүмкіндік туғызу. 

Балалар кезекпен бір –бірлеп ортаға шығып, өздерінің ішкі сезімдерін немесе басқа 

да өздеріне таныс сезімнің түрлерін (қорқыныш, үрей, реніш, ашу, сүйіспеншілік және 

т.б.)  айнаға  қарап  бейнелейді.  Қалған  топ  мүшелері  «айнаның»  рөлін ойнайды.  Олар 

ортадағы ойыншының бейнеленген сезімін қайталайды. 

«Мен өте жақсымын» жаттығуы 

Мақсаты: баланың өзін –өзі бағалау қабілетін жоғарлатуға мүмкіндік туғызуы. 

Жүргізуші  балаларға  өзімен  бірге  бірнеше  сөздерді  қайталауларын  сұрайды. 

Жүргізуші  сөздерді  түрлі  дауыспен  жеткізеді:  сыбырлап,  қатты,  айқаймен.  Барлық 

балалар  сыбырлайды.  Дауыстайды,  содан  кейін    «Мен»  «Өте»  «Жақсымын»  деп 

айқайлайды. 

«Қонжыққа мейірімді сөздерді айт» жаттығуы 

Мақсаты: баланың өзін –өзі бағалау қабілетін жоғарлатуға мүмкіндік туғызу. 

Балалар  бір  –біріне  доп  лақтырып  адамдардың  бойындағы  жақсы  қасиеттер 

болатынын  естеріне  түсіреді.  Одан  кейін  жүргізуші  сабаққа  ойыншық  қонжықты  

«шақырады».  Балалар  «Сен  ......  (мейірімдісін,  қабілеттісің,  сүйкімдісің)»  деген 

сөйлеммен аяқталатын жақсы сөздерді ойластырады. Одан кейін әрқайсысы кезекпен 

«қонжыққа  айналады»  да  (оның  қолынан  ұстайды),  ал  қалған  балалар  қонжықтың 

орнындағы балаларға мейірімді сөздер айтады.   

«Маймылдар » жаттығуы  

Мақсаты:  балалардың ішкі ұмтылысын, мүмкіндігін дамыту. 

Жүргізуші  балаларға  қылмындауды  және  біреуді  қайталағанды  ұнататын 

маймылдар болып ойнауды ұсынады. Барлығы «маймылға» айналады. Іштерінен біреу 

бастаушы  (бастапқыда жүргізуші одан кейін барлық балалар кезекпен қайталайды), ал 

қалғандары соның қозғалысын қайталаушы болады. Бірінші бастаушы бет әлпетін, одан 

кейін денесін дауысын, тыныс алуына дейін қылмындатады. 

«Түрлі –түсті қар» жаттығуы 

Мақсаты:  балалардың өзіндік бейнесін қалыптастыру.  

Егер  сабақ  қыста  жүргізілсе,  ыдысқа  қар  салып  ,  соның  ішінде  қалашық  жасау 

ұсынылады (қамал, үйшікжәне т.б.), және оны гуашпен боятады. Содан кейін жасалған 

туындыларына  әңгіме  құрастырады.  Мұның  барлығын  жеке  түрде  және  топтада 

орындауға болады. 



 

526 


 

«Менің қолымнан келеді » жаттығуы 

Мақсаты: баланың өзін –өзі сыйлауын дамыту. 

Балалар  бір  –біріне  доп  лақтырып,  нені  жақсы  жасай  алатындарын  дауыстап 

айтады. Мысалы, «Мен жақсы жүземін!»,«Мен суретті жақсы сала аламын!», және т.б.  

«Сұхбат» жаттығуы 

Мақсаты: баланың өзін –өзі бағалауын жоғарылатуға мүмкіндік туғызу. 

Жүргізуші бала ересек болады. Ол орындыққа шығады, жүргізуші оған ересектің 

рөліне  енуіне  көмектеседі.  Содан  кейін  жүргізуші  «газет  немесе  журналдың 

корреспонденті» болып,  балалардан олардың отбасы, жұмысы жайлы сұқбат алады. 

Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын және тұлғалық сапаларын дамытамыз. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізу  ісі-тіл 

дамытудың негізгі  бір міндеттері болып есептеледі.  

Ойын  арқылы  бала  айналасындағы  нәрседен  өзіне  қызықтысына  ықыласы  ауып 

таңдап  алады.    Баланың  бір  ерекше  қасиеті  сөйлеуден  еш  жалықпайды.  Ойын  бала 

тілінің  дамуына  ықпалын    тигізе  отырып  танымдық  белсенділігінің  дамуына  жол 

ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі. Өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен 

байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік 

дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. 

Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды 

дамыту  ісін ұйымдастыру  жұмысында ойын  сабағы  ең  негізгі орын  алады.  Тәрбиеші 

бақылау,  заттарды  қарау,  сурет  қарау,  саяхат,  ойын  сабақтардың  сөздік  қорларын 

дамытады.  

Арнайы  ойын  сабақ  және  сабақ  мазмұнына  қарай  танымдық,  дамытушы 

ойындарды, 

тапсырмаларды 

қолдану, 

балаларды 

заттарды 

бір 


–бірімен  

салыстыруға,оларды  қасиетіне  қарай  ажыратуға  және  оны  танып  білуге  үйретеді. 

Сөйтіп  бала  топтағы  жасына  сәйкес  бағдармалық  міндетті  меңгереді.  Ойын 

ұйымдастыруда  тәрбиеші  өзі  жетекші  бола  отырып  балаларды  ойнау  білуге  ойын 

ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе 

қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын 

дамытады.  Сонымен  қатар  ойын  барысында    бала  үлкендермен  өз  құрбыларымен 

қарым-  қатынас  жасайды.  Әр  бала  өз  жетістігіне  қуанып  мәз  болады.  Сондықтан  да 

ойын- тапсырмаларды таңдауда жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.  

Тәрбиеші  балалармен  ойынды  (заттармен,  үстел  үстіжәне  сөздік  ойын)үш  түрлі 

етіп  өткізуіне  болады.  Заттармен  ойналатын  ойын  ойыншықтарды,  табиғи  заттарды 

қолдану арқылы өтіледі.  Мысалы  «Дәл осындай тауып ал», 

«Салыстырда атын ата »,«Қайсысы көп, қайсысы аз» т.б.  

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: 

«Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?» және т.б. 

Ал  сөздік  ойын  арқылы  сөзді  орынды  қолдана  білуге,  дұрыс  жауап  айтуға,  сөз 

мағынасын  түсінуге,  орынды  сөйлеуге  үйренеді.  Мысалы:  «Сөз  ойла»,«Сөз 

құра»,«Жұмбақ  ойла»,«Жақсы-  жаман»,«Жалғастыр»  және  т.б.  Сонымен  қатар 

балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар  



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау