Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет245/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   472

 

519 


 

Литература  

1.  Диагностика  в  детском  саду.  Содержание  и  организация  диагностической                          

работы в дошкольном образовательном учреждении. Методическое пособие. Изд. 2-е. 

2.  Методика подготовки  детей  к  школе    сост.  Н.Г.  Кувагнова,  Е.В.  Нестерова.  – 

Волгоград: 

Учитель, 

2007. 


– 

40 


с.  

3.  Основы  психологической  диагностики:  Учебное  пособие  /  под  ред.К.М.  Гуревича,    

М.К. 

Акимовой. 



– 

М. 


Изд-во 


УРАО, 

2003. 


– 

392 


с.  

5.  Райгородский  Д.Я.  Практическая  психодиагностика.  Методики  и  тесты.                                                  

Учебное  пособие.  –  Самара:  Издательский  Дом  «БАХРАХ  –  М»,  2005.  –  672  с.  

 

            

БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Зайырова А.Т., Мұхаммедина С.Ғ. 



№145"Балапан" балабақшасы 

 

     Балабақшадағы тәрбиелеу -оқыту жұмысында балалардың тілін ,сөздік қорларын 



дамытуда ауызша сөйлеуге үйрете отырып,үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін 

қолдану,әрі оны іс-әрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру 

ісіне ерекше мән беріледі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезендегі  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізу  ісі  -тіл 

дамытудың негізгі бір міндеттері.    

      Балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,оларды  айналасындағы  заттармен     

таныстырып,  атын  атай  білуге,қасиеті  мен  сапасын,түр  -түсін  және  пішінін  ажырата 

білуге,өмірдегі,қоршаған  ортадағы    түрлі  құбылыстар  жайындағы  ұғым,түсініктерін 

дамыта отырып,белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. 

     Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиеші мен 

логопедтің негізгі міндеттері: 

-Балалардың сөздік қорларын,байланыстыра сөйлеуін дамыту. 

-Тілдің лексико-грамматикалық құрлымын қалыптастыру. 

-Жаңа сөздерді меңгерту. 

-Үйренген сөздерін тиянақтап,анықтап әрі байыту. 

Осы аталған міндеттерді. тәрбиеші мен логопед үнемі басшылыққа алып отыруы тиіс.  

Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше.  

Соның  ішінде  ойын-баланың  шын  тірлігі.  Ойын  арқылы  бала  айналасындағы  

нәрседен озіне қызықтысына ықыласы ауып, тандап алады. 

Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. 

Ойын  бала  тілінің  дамуына  ықпалын  тигізіп,таным  белсенділігінің  дамуына  жол 

ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,себебі,бала табиғатының өзі  тек ойынмен 

байланысты. Ойын үстінде,бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды.Ал еркіндік 

дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге  деген  талпынысы  мен 

құлшынысы.Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.  

    Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын 

алады.  Тәрбиеші  бақылау,  заттарды  қарау,сурет  қарау,жұмбақ  шешу  және 



 

520 


 

құрастыру,саяхат  ,ойын  -сабақтарын  ұйымдастыру  барысында  балалардың  сөздік 

қорларын дамытады. 

     Логопед  арнайы  ойын  сабақ  мазмұнына  қарай  дамытушы  ойындар,  саусақ 

жаттығулары мен қатар артикуляциялық  жаттығулар қатарын қолданады. 

Байланыстыра  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыра  отырып,тілдің  лексико  -

грамматикалық құрлымын қалыптастырады. Ойын ұйымдастыруда балаларды  ойнай 

білуге,  ойын  ережесін  сақтауға  әрі  оларды  ойната  отырып,  ойлануға  бағыттайды.  

Логопед  ойын  кезінде  түрлі  санамақтар,  қызықты  жаңылтпаштар,дидактикалық 

ойындар, логикалық жаттығулар қолданады.   

        Ойын-мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  іс-әрекеті.  Сұлтанмахмұт 

Торайғыров  "Балалықтың      қанына  ойын  азық"  деп  бекер  айтпаған  .  Өйткені,  ойын 

үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі   және   қызығуы анық байқалады.  

   Баланың  өмірге  қадам  басардағы  алғашқы  қимыл-әрекеті  -  ойын,  сондықтан  да, 

оның  мәні  ерекше.  Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы  Абай  Құнанбаев:  "Ойын  ойнап,  ән 

салмай,өсер бала бола ма?" деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. 

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын 

үстінде  қалыптасады.    Ойынды  зерттеу  мәселесімен  тек    психологтармен  педагогтар 

ғана  емес,  философтар,  тарихшылар,  этногрофтар  және  өнер  қайраткерлері  мен  бала 

тәрбиесін зерттейтін ғалымдарда шұғылданды. 

Көптеген балалар жазушылары бала ойының психологиялық мәнін және ойынға тән 

ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.    

       Ойын-балалар    өмірінің  нәрі,  яғни  оның  рухани  жетілуі  мен  табиғи  өсуінің 

қажетті  алғы    шарты  және  халықтың  салтын  үйренуде,  табиғат  құбылысын  тануда 

олардың  көру,  есту,  сезу,  қабілеттерін,  зейінділік  пен  тапқырлықтарын  дамытады.     

"Адам  өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын 

мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді" 

деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен  ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей 

тәуелді екендігін атап көрсеткен.   

      Баланың қуанышы мен   реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың 

психологиялық  ерекшелігі  мынада:  олар  ойланады,  эмоциялық  әсеріі  ұшқындайды, 

белсенділігі  артады,  ерлік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды,  мұнын  бәрі  баланың 

шығармашылық қабілетімен дарының ұштайды. 

      Ойын  үстінде  бала  бейне  өмірдің  өзіндегідей  қуаныш,  реніш  сезіміне  бөлінеді. 

Бала ойын арқылы өзінің күш -жігерін жаттықтырады,қоршаған ортамен құбылыстарды 

ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Болашақ қайраткердің тәрбие 

жолы, тәлімдік өнегесі ойынан бастап өрбейді.    

      Адам  іс-әрекетінің  ерекше  бір  түрі-ойынның  пайда  болуын  зерттеушілердің  

біразы  өз  еңбектерінде  өнер  және  ойын  көркемдік  іс-әрекеттің  алғашқы  қадамы  деп 

түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң  береді. Жалпы 

ойынға  тән  нәрсе  өмірдің  әр  түрлі  құбылыстар  мен  үлкендердің  түрлі  іс-әрекеттерін 

еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету 

жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.  

Балаларға  ақыл-ой,адамгершілік,  дене  шынықтыру    және        эстетикалық  тәрбие 

берудің  маңызды  тетігі ойында  жатыр.  Ойын барысында балалар  өзін  еркін  сезінеді, 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау