52
Ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану;
Қосымша
материалдарды, газет-журналдарды, ғаламторды қолдану;
Тілді үйренудің басты мақсаты – баланың іштей талпынысына, сана-сезіміне,
ұмтылысына тікелей әсер етеді. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде
ағылшын және орыс тілдерін балаларға үйрету - әр ұстаз үшін үлкен еңбекті, көп тер
төгуді талап етеді.
Қорыта келе: мектеп жасына дейінгі балаларға уақыт талабына сай білім беру,
одан әрі жетілдіру, көптілділікті үйретудің маңыздылығы балалардың коммуникативті
даму біліктілігін, қызығушылықтарын оятуға, басқа да белсенділіктерін көрсетуге
деген қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт
талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын
өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілген барлық білім -
барлық білімнің бастамасы әрі жан-жақты дамыту түпкі негізін қалайтын орын.
Сондықтан да, балалардың ой-өрісін үздіксіз дамыту үшін оқу іс-әрекетінде
көптілділікті қолданып өткізудің маңызы зор. Көптілді білім беру - уақыт талабы.
Қолданылған әдебиет:
1 Ағылшын тілі мектепте, №2, 2012 жыл
2 Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Ағылшын тілі мектепте», №5, 2011
жыл
3 http://issuu.com/eruditgroup/docs/4
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУ
Абишева Қарлығаш Хайроллаевна
№16 «Алтынай» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы
Бастауыш мектептегі бала психикасының дұрыс дамуына байланысты көптеген
ғалымдар мектептегі оқыту мен дамудың тиімді жолдарын қарастыруда. Соған
байланысты жалпы әлеуметтік, саяси – экономикалық және мәдениеттілік
деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңа реңге ие болуы бастауыш мектептен
басталатын оқыту, білім беру жүйесін жаңаша тұрғыда қарауды талап етуде. Сол
себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін жас буынның мектеп жасына
дейінгі балалалардың психикалық даму, қалыптас ерекшеліктеріне назар аударуымыз
қажет. Мектепке алғаш келген психикасының жаңа ортаға бейімделуі өзін қоршаған
ортаның танымдық үрдісіне әсер етуіне байланысты болмақ. Қазіргі оқу – тәрбие
жүйесіндегі балабақша – бала өмірнің ең алғашқы білім алуының және мектептегі
балалақ шақтың даму кезеңі. Білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны
баланың бастауыш мектеп шағының жылнамалық шектерін және психологиялық
ерекшеліктерін өзгертіп дамытатын орын. Баланың психологиялық дамуы
балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі қоғамдық тәрбие берудің
тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының
53
өзгеруіне байланысты. Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі
белгілер, бұл жаста бала мектеп жасына дейінгі кезеңнен мектеп оқушысына айналып,
балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең.
Осы кезде баланың мінез – құлқында, санасында, психикасында өзгерістер орын
алады. Бұл даму кезеңініңмүмкіндіктеріне жол ашып, таным үрдістерін
қалыптастырып дамытуды керек ететін өте маңызды жауапкершілікті талап ететін сәт.
М.С. Дмитриева «оқушының психикалық қасиеттерінің негіздері дәл осы бастауыш
сынып жасында қалыптасады және баланың әдетіне айналады»дейді. Сондықтан
отандық және шетелдік ғалымдар бала психикасының дамуына ерекше назар аударып
қадағалап отыратын кезең болғадықтан, баланың анатомиялық және физиологиялық
ерекшеліктеріне де назар аударуда. Оқу үрдісіндегі тәрбиенің әсері баланың танымдық
іс – әрекетінің қалыптасуы туралы және оқушының білімді меңгерудегі психикалық
жүйелерінің даму, қалыптасту ерекшеліктерінің өзгерістерін көп жағдайда ескере
бермейміз. Орыстың психолог ғалымдары Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов баланың
бастауыш мектепте тиісті дәрежеде сабақты меңгермеуі мен дұрыс ойлай
алмаушылығы ойлау үрдісінің формальды логикалық тәсілдерін дұрыс қолдана
алмауынан деген.[1.68– б] Осы кезде баланың барлық психикалық органдары мен
психикалық дамуындағы елеулі өзгерістер болады, физиологиялық және
психологиялық үрдістер қалыптасып жетіледі. Айталық баланың жүйке жүйесі мен
барлық омыртқалары қатайып, арқа бел бүгілістері дамиды, бұлшық еттері мен
сіңірлері жылдам қатаяды және олардың көлемі ұлғайып, барлық бұлшық еттерінің
күші артады. Сондықтан бастауыш мектепте балалар күшті де кең құлашты қимылдар
жасауға қабілетті келеді әрі баланың физиологиялық дамуы күннен – күнге жетіліп,
мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш сынып оқушыларының бұлшық
еттері қатайып, жүрек тамыры қызметі салыстырмалы түрдетұрақтанады әне жүйке
жүйесінің қозу мен тежелу үрдістері тепе – теңдікке ие болады. Бала үшін дамудың,
меңгерудің тұрақты бастамасы бастауыш сыныптардағы іс – әрекеттері мектеп
өмірінің алғашқы баспалдағы болғандықтан, олардың ақыл – ойының, дене күшінің
төзімділігінде талап ететін ерекше орын. Мектептегі алғашқы психикалық өзгеріс
дамуының әрбір кезеңінің, іс – әрекетінің негізгі жетекшісі әрекеті. Мектеп жасына
дейінгі балалық шақта ойын іс – әрекеті жетекші болса, мектеп жасында оқу іс –
әрекеті жетекші орында екні белгілі. Бұл жастағы балалар үйреніп, өзінің шамасына
қарай меңгеріп, өзіне баға бруге тырысушылық пайда болады, қиял мен символиканы
пайдаланабілуі дамиды. Осының бәрі баланың алғашқы мектепке даярлығын
сипаттайтын негізгі сәттер.
Жеті жасар баланы мектеп табалдырығын аттасымен – ақ оқушы болады. Осыған
дейін оның өмірінде ойын маңызды орын алса, осы уақыттан бастап ол біртіндеп
басымды рөлін жоғалта бастайды. Психикалық таным мен адамгершілік қасиеттердің
де жаңа кезеңдері қалыптасады. Жаңа өзгерістер бірнеше кезеңдерден өтеді.балабақша
мен үйді салыстырғанда бала жаңа нәрселерді үйренуді күтіп отырады әрі мектептегі
оқуға қызыға және құлшыныспен қуана барады. Баланың бұл ішкі ұстанымы екі
жағдайда маңызды, алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезінуі және
психикалық ерекшеліктеріне сыныптағы мінез – құлық ережелеріне, жолдастарымен
ерекше қарым – қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын