Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет25/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   472

 

54 


 

жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды деп түсінеді 

және  орындамауға  болмайтын  талаптар  деп  қабылдайды.  Тәжірибелі  мұғалімдерге 

белгілі  психологиялық  жағынан    анықталған  мынандай  қағида  бар:  оқушының 

мектепке  келген  алғашқы  күннен  –  ақ  оның  сабақтағы,  үйдегі  және  қоғамдық 

орындардығы  мінез  –  құлық  ережелерін  анық  және  нақты  мағынада  түсіндірілуі. 

Оқушыға жаңа көзқарасының, міндеттерінің алғашқы күннен бастап берілуі маңызды. 

Жаңа ережелер мен дағдыларды оқушының орындауын талап ету бірінші сынып 

оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз 

түсініктеріне  сәйкес  олардың  міндеттерін  ұйымдастыратын  негізгі  шарт  болып 

табылады. Егер бұл талаптар орынсыз теріс не екі ұшты болса, онда оқушы өз өмірінің 

жаңа  кезеңдеріндегі  өзіндік  ерекшеліктерін  сезбейді,  мұндай  жағдай  оқушының 

мектепке деген ынасын жоюы мүмкін. Оқушының ішкі ұстанымының екінші жағы білі 

мен  іс  –  әрекетті  меңгеруі  оның  дұрыс  қарым  –  қатынасына  байланысты.  Оқушы 

келешекте  қажет  болатын  білімдердің  нақтылы  құрамын  білмейді,  тек  білімнің 

мәнділігі  мен  құндылығын  білуге  ұмтылады.  Мұны  айналасындағыларды  білуге 

құмарлығының артуынан көруге болады. 

Алғашқы  кезде  оқушы  оқу  пәндерінің  мазмұнымен  таныс  болмай  тұрып  –  ақ, 

оқудың  маңыздылығын  санасымен  сезіне  алады.  Оқу  материалдарына  танымдық 

ынтасы аз болса да, олар математиканы, қазақ тілін және басқа пәндерді тереңдетіп 

оқу кезінде көптеген мағұлматтар алып, психикасында жағымды түсініктер қалыптаса 

бастайды.  Оқушының  қабілеттілігі  жеке  –  дара  көріне  бастайды,  бұл  жағдай 

математика  немесе  қазақ  тілінде  байқалады.  Осы  кезде  баланың  қай  пәнге 

қабілеттілігін байқаған мұғалім алғашқы кезден бастап ары қарай дамуына ықпал етуі 

тиіс. Басқа да қабілеттіліктерінің арқасында балада сандардың тіркестілігі, әріптердің 

реттілігі, т.б. деректер турал мағұлмат алуы маңызды. Баланың білім туралы түйсікті 

қабылдауын  мектептегі  оқудың  алғашқы  күнінен  басынан  дамытып  отыру 

тиімді.[2.98– б] Бұл оқу іс – әрекетінің негізі ретінде балалардың танымдық үрдістері 

мен  психикасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Мектептегі  алғашқы  кезеңде 

оқушының  сыныптағы  не  үйдегі  мінез  –  құлқын  реттеп  отыратын  мұғалімнің  жаңа 

талаптарына  баланың  бейімделуі  және  оқу  пәндерінің  мазмұнына  қызыға  бастауы 

және  оқу  кезіндегі  жаңа  міндетін  мойындап,  меңгеруін,  оның  мектепке  жақсы 

даярлықпен келгендігінен байқалады. Кей жағдайда бала мектеп өміріне араласып кете 

алмайтын кездері де болады. Бала психикасының дамуындағы нәтижелі кезеңді ескере 

отырып,  жеке  дара  өгешеліктерінің  жан  –  жақты  дамуына  түрткі  болады.  «Бала 

бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие», - деп Ж.Аймауытов 

айтқандай, оны дамытатын баланы қоршаған орта. Ал, педагогтар бала бойындағы туа 

біткен  дарындылық,  шығармашылық  қасиетерін  байқап,  оған  жол  беруші  болып 

табылады.  Жалпы  бала  бойындағы  шығармашылық  әлеуетін  дамыту  өте  маңызды, 

күрделі  және  көп  салалы  мәселе.  Ғылыми  педагогикалық  проблема  ретінде 

балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту өте маңызды, күрделі және көп салалы 

мәселе. Ғылыми педагогикалық проблема ретінде балалардың шығармашылық әрекеті 

бәршама  кең  ауқымда  зерттелген.  Шығармашылық  деген  сөздің  сырына  үңілсек, 

«Шығармашылық»  -  «шығару»,  «іздену»,  «ойлап  табу»  дегенді  білдіреді.  [3.115– 

б]Баланың  өз  болмысын  тануына  көмектесіп,тереңде  жатқан  талап  тілегін, 



 

55 


 

қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған тәрбие мен рухани күш беру  – білімің басты 

мақсаты.  «Сабақ  беру  үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол  –  жаңадан  жаңаны 

табатын өнер», - деген Ж.Аймауытов өз еңбектерінде. 

Әрбір  педагог  өз  тәжірибесінде  баланы  субьект  ретінде  оқу  ісіне  өзінше 

қызықтырып,  ойлау  қабілетін  арттырып,  білім,  білік  дағдыларын  қалыптастыруды 

мақсат етуі керек. Балалардың дүниетанымын кеңейту және қабілеттерін көре біліп, 

оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен 

шұғылдануға үйрету бүгінгі қоғам қойып отырған талаптардың бірі. Шығармашылық 

және материалдық құндылықтарды жасау адам әрекетінің жемісі. Шығармашылық тек 

адам баласына ғана тән құбылыс екені бәрімізге белгілі. 

Демек  жеке  тұлғаның  белгілі  бір  әрекетке  қабілеттілігі  қаншалықты    жоғары 

болса, соншалықты оның бойында сол іс – әрекетке қызығушылығы көп артады. 

Баланың  қызығушылығы  арқылы  оның  бойындағы ығармашылық баланың  жас 

кезінде  бағалы  бағдар  болып  қалыптаспаса,  онда  оның  болашақта  қалыптасуы 

екіталай.  Шығармашылықты  дамытуға  психологиялық  тұрғыдан  келер  болсақ,  есте 

сақтау, ойлау, қабылдау, қиял шығармашылықтың бастауы десек болады.. Яғни мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  ойлау  әрекетін  дамытып,  білімі  мен  біліктерін  өмірдің 

жаңа  жағдайында  пайдалана  білуге  уйрету  қажеттігі  туындайды.  Бұл  міндеттердің 

жүзеге асуы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамытуға негізгі бағыт. 

Осы жаста балада психикалық даму негіздері басталады, алғашқы икемділіктері мен 

қабілеттері  қалыптасады.  А.Н.  Леоньтьев:  «Таным  әрекет  түрлерінің  бірі 

болғандықтан,  таным  барысында  қиындықтарды  жеңу  жөніндегі  ерік  –  күші  таным 

барысында  қиындықтарды  жеңу  жөніндегі  ерік  күші  таным  әрекетінің  мақсатын 

кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады»,-деп 

түсінік берген. Танымдық әрекетті меңгеру арқылы бала шындық болмыстағы заттар 

мен  қатынастырды  ажыратады,  бір  нәрсені  екіншісімен  салыстыруға,  олардың 

айырмашылықтарын,  ұқсастарын көре білуге  үйренеді.  Бала  қоршаған дүниені  тану 

арқылы  дамиды,  кемелденеді,  өседі.  Мектеп  жасына  дейінгі  оқыту  мен  тәрбие 

теориясына  дамытуға  Швецарияның  аса  көрнекті  педагог  –  демократы  И.Г. 

Песталоцци оқу тәрбие әрекетін дамытуға тәрбиешінің ролін ерекше атап көрсетті[4. 

72-б].Песталоццидің  пікірінше,  сәби  кезден  бастап  балалардың  айналадағы  дүниені 

тануы  оқыту  арқылы  жүзеге  асады  дейді.  Оқыту,  үйрету,  білімін  дамыту  арқылы 

шығармашылық  қасиеттерін  де  дамытуға  болады.  Оқу  барысы  бетінше  танымдық 

ықылас-  ынтасын  шығармашылық  әрекетін  дамытатындай  етіп  ұйымдастырылады. 

Балалардың  қабылдауы,  негізінен  тәрбиешінің  сабақты  жүйелі  түрде  жүргізуіне 

байланысты. Баланың шығармашылық қабілеті, оның ойлау практикалық әрекеттері, 

ізденімпаздығы  арқылы  дамиды.  Ойлауға  үйрететін  білім  –  жаңа  технологияларды 

пайдалану,  жаңа  заман  талабына  сай  мәліметтер  беру  болып  табылады.  Мұндай 

білімде  бала  өзіне  жақсы  әсер  алады  және  тәрбиеші  мен  бала  арасында  

ынтымақтастық қатынас қалыптасады. 

 Тәрбиеші  бұл  жағдайда  тәрбие  мен  білім  беруші  ғана  емес,  танымдық  іс  – 

әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. 

Мектеп жасына дейінгі бала танымдық даму арқылы тамаша әркетке кіріседі. 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау