Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет171/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   472

 

358 


 

баулитын, әділдік нұрын себетін, қиялық өрлетіп, елім- жерім деп атамекенін сүйетін, 

оны  қорғауға  дайын  ер  азаматты  өсіруге  арналған  бай  балалар  әдебиетін 

қалыптастырады.  Бұл  тағылым  ақын  –  жазушыларымызға,  халқымызға  өте  көне 

замандардан үлгі ретінде ертегі, аңыз, өтірік өлең, мақал- мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш 

ретінде жеткен. Бұлардың бәрі халқымыздың өмір салтында бала тәрбиесінің жоғары 

бағаланғанын  дәлелдейді.  Ол  халқымыздың  өнегелі  дәстүрі  болып  қалыптасып 

бекіген. Халықтың бүкіл өмірінде қалыптасқан тағылымы мол дәстүр мектепке дейінгі 

ұйымдардың  тәрбиесінде  көркем  шығарма  ретінде  бағдарламаға  кірген.  Бұл  – 

халқымыздың тәрбие дәстүрінің жалғастығының көрінісі. 

Осы  мәселенің  маңыздығына  орай  А.Меңжанова,  Ә.Әмірова,  Р.Нұрмұхаметова, 

Ғ.Таубаева  т.б.  сияқты  ғалымдарымыз  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы    оқытылатын 

көркем шығарманың тәрбиелік мәнін зерттеген. 

Негізінен  алғанда  көркем  шығарма  жасанды  тілдік  орта  қызметін  атқарып, 

байланыстырып  сөйлеуге  үйретуде  үлгі  болады.  Бірақ  ол  көркем  шығарманың  бір 

қыры ғана, көркем шығарма соншалықты саналуан қырлы адамға әсері де, маңызы да 

өте күшті. 

Барлық ғылыми еңбектерде көркем шығарманың баланың ақыл- ойын дамытудағы 

ролін жоғары бағалаған. Баланың ақыл – ойын дамыту  ата- ана туған- туысқан қоғам, 

халқымыз үшін өте маңызды мәселе, сондықтан көркем шығарманың тәрбиелік мәніне 

ғалымдар ерекше назар аударып отырған. Көркем шығарма балаға тәрбиелік әсер ету 

үшін  балалар  көркем  шығарма  кейіпкерлерімен  бірге  қуану  -    қайғыруды  үйренеді, 

көркем шығарма балаларға тән ерекше сезім дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің 

жан  дүниесіне  деген  қызығушылығын  тудырады.  Осыған  орай  балалар  өз 

төңірегіндегілердің,  жақын адамдардың, туыстардың көңіл- күйін байқай бастайды, 

аяушылық  жақсы  көру,  қайғыру,  ұнату  сезімдері  туады.  [1.  191-б].  Осыдан  балада 

адамгершілік  сезім-  қайырымдылық  қасиет,  әділетсіздікке  қарсы  тұру  қабілеті  ояна 

бастайды.  Бұл  адалдық  нағыз  азаматтық  қасиеттердің  қалыптасуына  негіз  болады. 

В.Белинский: «Сезім – білімге жол ашады, шындықты сезбеген оны түсінбейді және 

оны тани да білмейді» деген болатын. Осы асыл қасиетті көркем шығарма тәрбиелейді. 

Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін түсініп оны ұғу кезінде 

дамиды. Көркем шығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге, оны меңгеруге 

көмектеседі,  қоршаған  ортаны  эстетика  тұрғысынан  қабылдауға,  сонымен  бірге 

этикалық, адамгершілік түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. 

Көркем  шығарма  тек  тәрбие  құралы  ғана  емес,  ол  –  тілді  үйренудің  үлгісі.  Бұл 

мәселеге көп көңіл бөліне бермейді. Шындығында, тілдің нағыз оқытушысы – көркем 

әдебиет. Көркем әдебиетті оқи отырып, қалай көркем сөйлеуге болатынын үйренуге 

болады.  Өйткені  көркем  шығарма-  дұрыс,  шебер  сөйлеудің  нақты  үлгісі.  Оған 

еліктеуге, одан үйренуге болады.  

Балабақшада  ,  мектепте  ауыз  әдебиеті  түрлерінен  шағын  әңгімелер,  аңыздар, 

ертегілер, тақпақтар мақал – мәтелдер, жұмбақтар қолданылды. Асқан адамгершілік, 

өте  дәл  рухани  байлық  өткір  мысқыл,  тілінің  көркемдігі  түсініктілігі  –  шағын 

көлемдегі  ауыз  әдебиеті  шығармаларының  ерекшеліктері.[2.  25-б].    Көркем 

шығармамен балаларды таныстыруды ауыз әдебиетінен бастаған дұрыс.   

 



 

359 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Балаларды  сөйлеу  тіліне  үйретудегі  ең  үздік  үлгісі  –  ауыз  әдебиеті.  Ауыз 



әдебиетінің тіліндегі басқа әдеби шығармаларда кездеспейтін, айтылуы жағынан бір – 

біріне ұқсас сөздердің шығармада орналасуының өзі балалар ұғымына өте жеңіл. 

  Ертегілер – балаларға күшті әсер ететін құрал.[3. 23-б].   Ертегіні балалар қызыға 

тыңдайды, ертегідегі қиял баланың ойына қозғау салады, өмірді әр қырынан танытады, 

балаларда алуан түрлі сезімді оятып, сана – сезімі мен ақыл – ойын дамытады, олардың 

ерте қалыптасуына  күшті ықпал жасайды. Ертегілер – сан ғасырдың сынынан өткен 

асыл қазына, ол қырлана, сырлана келіп талай екшеуден өтіп, тілге жеңіл, ойға жатық 

қалыпқа түскен. Сондықтан ол балаға түсінуге жеңіл, қызықты, бала қиялына қанат 

бітіретіндей  дәрежеге  жеткен,  ол  баланы  қызықтырып,  еліктіріп  әкетеді.  Балалар 

ертегілердің бәрін жақсы көреді. Алайда хайуанаттар жайындағы ертегілерге балалар 

көңілін көбірек аударатыны байқалады. Ертегіден балалар көп нәрсе үйренді. 

  Балабақшада, балалар тек ертегілермен ғана емес, балалар әдебиетінің әр түрімен 

таныстырылады.  [4.  132-б].  Ертегінің  бай  фантастикасы  балалардың  ойына  қозғау 

салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана – сезімі мен ақыл – ой қызметінің 

дамуына, ерте қалыптасуына көмектеседі. Ертегіні балалар сүйсіне тыңдайды, себебі 

ғасырлар  бойы  ұрпақтан  –  ұрпаққа  айтылып,  әбден  шешіліп,  халықтың  даналық 

тапқырлық ой – пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. 

   Ауыз әдебиетін тәрбиеде қолданудың мақсаты – баланы жақсы мінез – құлықтан, 

жақсы  қасиеттерден  үлгі  алуға  үйрету,  тәрбиелеу,  жаман  мінез  –  құлықтан,  жаман 

қасиеттерден  жиіркендіру, жиіркенуге баулу. 

Ауыз әдебиеті тілі – бүкіл халыққа өнеге, соның ішінде балабақша үшін нақты үлгі. 

Баланың  тілін  дамыту,  оларды  байланыстырп  сөйлеуге  ауыз  әдебиеті  тілінің  үлгісі 

арқылы үйретіледі. 

Баланың мектепке дейінгі кезеңі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын 

кезеңі,  сондықтан  да  бала  өз  ана  тілінде  сөйлеуі  қажет.  Бұған  ата  –  аналар  да  ерте 

бастан  көңіл  бөлгені  жөн.  Сөздің  баланың  психикалық  дамуында  ерекше  мәні  зор. 

Барлық негізгі психикалық процесстер де адамның жеке тұлға болып қалыптасуы да 

Байланыстырып сөйлеуге үйретуде ауыз 

әдебиетін пайдалану амалдары 

Ертегі арқылы 

Мақал- мәтел арқылы 

Әңгіме арқылы 

Жұмбақ арқылы 

Тақпақтар арқылы 

Жаңылтпаш арқылы 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау