Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет142/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   472

 

296 


 

Жылап жатқан баланы қолыңызға алсаңыз, ол жылағанын қояды. Неге ол бұлай 

болды?! Ол өзіне көңіл аударуды қалады, ал сіз болсаңыз оған ешқандай тіл қатпастан 

сұранысына  жауап  бердіңіз.  Сіз  баламен  алақаныңыздың  жылуымен,  мейірімді 

көзқарасыңызбен, түсінуге деген ниетіңізбен тіл қаттыңыз. 

Белгілі италияндық педагог, психолог, дәрігер Мария Монтессори үлкендер мен 

бала арасындағы қарым-қатынасқа үлкен мән берді. Ол ата-аналарға нәрестенің ым, 

ишарасынан оны бақылауды ұсынды. Мысалы, оның қолдарының қимылы арқылы. Ол 

ойыншыққа қарай талпынып, оны «Бер!», «Көрейінші!»,«Ұстағым келіп тұр!» - дейді. 

Бала  өмірінің  алғашқы  жылында  еш  тіл  қатпастан  бақылайды,  өтініштерді 

орындайды,  ойнайды.  Мұның  барлығын  өзін  сөзбен  білдіру  дайындау  деп  атауға 

болады.  Осы  кезеңде  оның  сезімдерінің  дамуына  қаншалықты  көңіл  бөлсек, 

айналасында болып жатқан жайттар туралы көбірек айтып түсіндірсек, соншалықты 

ол өскенде сөздік қоры бай, тілі анық болады. 

Бала  өмірінің  екінші  жылында  алғаш  рет  «ана»,  «әке»  деген  сөздерді  айтады. 

Бақытты күн! Және әр күн сайын бала бірнеше сөздерді үйренеді. Монтессори бала 

тілінің  жетіліп,  шыңына  жетуі  3  жас  пен  3,5  жас  аралығы  екенін  айтады.  Заманауи 

балалар психологтары мынандай тұжырым жасады: 2 жасқа қарай сау балада 200-ге 

жуық, ал 5 жасқа қарай 3000-ға жуық сөздер сөздік қорында болатынын атап көрсетті. 

М.Монтессори  ерте  жаста  балалардың  оқу  мен  жазуға  құлықтарының 

болмайтынын айтады. 6 жасқа дейін жазу мен оқуға өзіндік қабілеттері келгенге дейін 

оларды  күштеп  орындатуға  болмайды.  Ю.И.Фаусектің  бақылауы  бойынша 

жастайынан  Монтессори  құралдарымен  жаттыққан  бала  бес  жасқа  қарай  оқу  мен 

жазуды өз еркімен орындайтынын айтады[3 23б]. 

Баланың  жазбаша  және  ауызша  тілінің  дамуында  сенсомоторлық  дайындығы, 

қолдың  даму  ерекшеліктері  маңызды  рөл  атқарады.  Жазба  тілде  бастысы  саусақ 

қимылынын жетік дамуы, яғни бұл жоғары жүйке жүйесімен тығыз байланысты. 

Мұның  барлығы  үлкендердің  баланың  сенсомоторлық,  қол  бұлшықеттерінің, 

саусақ  қимылдарының  дамуына  үлкен  көңіл  бөлуді  талап  етеді.  2  жас  пен  6  жас 

аралығындағы  балаларды  зерттеу  барысында  адам  қолының  даму  кезеңдері  осы 

уақыттарды көрсеткен. 

Мария  Монтессори  ата-аналардың  балаларының  сөйлеуіне  аз  көңіл  бөлетінін 

айтқан. Оларға: «Егер бала үнсіздік жағдайында өмір сүрсе, оның тілі дами ала ма?!» 

деп сұрақ қойған. 

М.М. Кальцованың айтуынша:«Сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе 

қол  саусақтарының  кіші  моторикаларының  дамуымен  тығыз  байланыста»-  дейді. 

Сондықтан балаларды М.Монтессори әдісіарқылы: ағаштан, пластмассадан жасалған 

текшелер,  құрастырғыштар,  пирамидалармен,  кубиктермен,  мозаикалармен  т.б. 

қолдана  отырып  дамыту.  Тапсырмаларға  кіріспес  бұрын  бала  әсіресе  қандай 

дыбыстарды айта алмайтынын, бұрмалайтынын тексеріп, анықтап алып, ол үшін оған 

атауларында керекті дыбыстары бар суреттерді ұсыну, егер бала бірнеше дыбыстарды 

дұрыс айтпаса, тапсырманы анықайтатын дыбыстардан бастау қажет[4 57б]. 

Ата-аналар  баламен  жұмыс  жасай  бастағанда  тек  Монтессориді  ойын  түрде 

берілгенқызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда 

кел,  сөйлеуді  үйренеміз!»,  -  деп  бұйрық  беруге  болмайды.  Мұндай  жағдайда  бала 



 

297 


 

қорқып,  ішінен  тұйықталып  алады,  тапсырмалар  пайдасыз  болып  шығады.  Ойын 

қызықты және мазмұнды болу керек, кейде балаға берген жауабы үшін сыйлық берген 

жөн.  Логопедтік  тапсырмалар  мектепке  жақсы  дайындық  бола  алады.  Дыбыстарды 

айтып  үйренуді  бастамас  бұрын  бала  дұрыс  айтпайтын  дыбыстарды  меңгеруге 

артикуляциялық  жаттығуларды,  тыныс  алу  жаттығуларын  орындау  керек. 

Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15 минут жүргізілуі қажет. 

Логопед  тәрбиешімен  бірге  балаларды  жеке  және  топтық  оқу  іс-әрекетінде 

қолданған  Монтессори  әдісі  негізінде  арнайы  бақылап,  балалардың  сөйлеуді  бұзу 

құрылымын,  өздерін  ұстау  ерекшеліктерін,  жеке  дара  мінездерін  анықтайды.  Бұл 

кезеңнің  негізгі  міндеті  –  логопедтік  топта  тату  балалар  ұжымын  қалыптастыру. 

Балалар  ұжымын  қалыптастыру  сөйлеу  топтарында  өзін  ұстаудың  тәртібі  мен 

талаптарын  түсіндіруден,  сабырлы  бірлескен  ойындарға  оқытудан,  әр  балаға  ақ 

ниеттілік, ықылас білдіру жай-күйін жасаудан басталады. 

Логопедтік-түзету  жұмысында  сөйлегендегі дем  шығарудың  маңызы  зор.  Дұрыс 

сөйлеудің  негізгі  жағдайы  –  бұл  бір  қалыпты  және  ұзақ  дем  шығару,  нақты  және 

қатайту артикуляциясы. Әр жаттығуда балалардың назары – жайлы, күш салмай дем 

шығаруға, айтылатын дыбыстардың ұзақтығы мен дауысына аударылады. Логопед ауа 

жұтқанда бала өз денесін бос қойып, иығын түсіңкі ұстауын қадағалайды. 

Балаларға қолдың ұсақ мотрикасын жіңішке сызықтар сызу арқылы жаттықтыруды 

ұсынады,  яғни  үзік  сызықтар  мен  пішіндерді  бастыру,  қию.  Бұл  арқылы  топтың 

барлығының  міндеті  болып  табылатын  қолдарын  жазуға  бейімдеп  қана  қоймай, 

сонымен бірге ұсақ моторика мен артикуляциялық аппараттардың өзара байланысы, 

яғни логопедтік түзету жұмысы іске асырылады. 

Монтессори  материалдары  бойыншажасалған  жаттығуларды  балалардың 

логопедтік-түзету  әрекеттерінде  өткен  мәліметтерді  қайталауға  бағытталады.  Бұл 

логопед  маманының  баланың  қиындықтарын  анықтап,  оны  жеңуге  көмектесуіне 

мүмкіндік береді. Ойын ойнайтын бос уақытта балаға жай дидактикалық ойын емес, 

Монтессори материалдары бойыншажасалған жаттығуларды  орындау. 

Арнайы жабдықталған құралдармен жұмыс жасап жүрген балалар заттарды сипап 

сезеді, оларды негізгі үш саусақтың көмегімен ұстайды, тамшуырмен жұмыс істейді, 

қыштырғыштармен,  қысқыштармен  жұмыс  жасайды.  Балалар  заттар  мен  олардың 

жазықтықтағы  кескіндемелерін  салыстырады,  тәрбиешінің  атаған  заттарын  тыңдап, 

қабылдайды. Осылайша жазба тілі пайда болады. 

Тілдік  даму  кезеңінде  баланың  жазба  тілі  мен  оқуды  қабылдауға  дайын  кезін 

жіберіп  алмау  маңызды.  Жазу  мен  оқу  бір-бірімен  өте  тығыз  байланысты.Бірақ, 

М.Монтессори бұл екеуінің айырмашылығын байқайды. Жазу психомоторлы сипатқа 

ие және баланың одан да күрделі психикалық әрекеті – оқу. 

Монтессори  әдісі  –  антропологиялық  негізде  болғандықтан,  баланың  еркін 

құбылыстарын тереңдетіп, бөлшектеп оқытады. Сондықтан Монтессори жазуын «өз 

бетінше жазу әдісі» деп атайды. Балаға қолын дамыту мен жазу құралдарымен (қалам, 

қарындаш, қылқалам) жұмыс жасауды үйрете отырып, оған әуелі моторлы түрде сосын 

әріптердің  жазылуын  саналы  түсінуді  үйретсек,  бала  өз  бетінше  жазу  тілін  меңгере 

алатын болады. 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау