Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет143/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   472

 

298 


 

Монтессори  материалы  бойынша  жасалған  жаттығулар  балаларды  практикалық 

өмірге дайындау немесе сезімдерін, математикалық қабілеттерін дамыту болғанымен 

бұл жаттығулар жанама түрде оларды арнайы құралдар көмегімен жазуға үйретуге де 

дайындап  отырады.  Балалар  дәндерді  шашып  бір  кеседен  екінші  кесеге  салғанда 

немесе  бауларды  байлағанда  анық  әрекеттер  мен  көз  өлшемдерін  жаттықтырады. 

Кедір-бұдырлы  тақтайшаларды  тегіс  тақталардан  ажыратқанда  тактильді  сезімдерін 

дамытады. Бала үш саусағымен цилиндр тетікті ұстағанда қарындашты дұрыс ұстауға 

бейімделеді. 

Өз  бетінші  жазу  құралдары  балаға  арнайы  ретпен  ұсынылады.  Әрбір  жаңа 

материалмен жұмыс жасау топтағы бір бала болсын дайын болғанда да енгізіледі. 

Бала әріптерді танып, олардан сөздер құрай бастағанда бала «тотальды» оқуға, яғни 

сөзді  жылдам  оқуға  дайын.  Ендігі  барлық  жәрдем  балаға  тілдік  дамуды  оңай  өтуге 

көмектеседі. Бала дыбыстық белгілермен жұмыс жасау кезеңіне өтеді. 

Оқуға арналған дидактикалық материалар бірнеше бөлімнен тұрады. Оны балаға 

ұсыну  қисыны  қарапайым:  нақтылы,  сезілетіннен  –  абстрактіліге,  белгілерге.  Бір 

уақытта және әркез баланың сөздік қорын кеңейту қағидасы сақталынады. 

Оқуға арналған дидактикалық материалар бірнеше бөлімнен тұрады. Оны балаға 

ұсыну  қисыны  қарапайым:  нақтылы,  сезілетіннен  –  абстрактіліге,  белгілерге.  Бір 

уақытта және әркез баланың сөздік қорын кеңейту қағидасы сақталынады. 

Барлық материал бірнеше топқа бөлінеді: 

 



Қол бұлшықеттері мен ұсақ моториканы дамыту жаттығулары; 

 



Кедір-бұдырлы әріптер жаттығуы; 

 



Жылжымалы әліпби; 

 



Сурет салу және штрихтау жаттығулары; 

 



Механикалық хат; 

 



Оқу. 

М.Монтессори  материалы  бойынша  жасалған  жаттығу  түрлерін  пайдалануда 

балалармен байланыстырып сөйлеу тілі мен сөздік қорын дамыту, фонетикалық және 

фонематикалық  талдау,  жинақтау,  жалпы  моторика  мен  қол  саусақтарының  ерікті 

моторикасы бойынша жұмыстар жүргізілді. 

Байланыстырып  сөйлеу  тілі  мен  сөздік  қорын  дамыту  деңгейін  анықтауда  сурет 

бойынша заттарды атау және сурет бойынша сөйлем құрастыру бөлімі бойынша ойын, 

тапсырма-жаттығулары жүргізілді. 



«Үш  қораптағы  сөз»  жаттығуы.  Мақсаты:  Сөздер  қорын  кеңейту.  Заттар  мен 

сөздерді топтастыру. Заттар  мен олардың атауларын сәйкестендіру. Айналасындағы 

үлкендердің  ықпалымен,  үздіксіз  қарым-қатынас  арқасында  баланың  сөйлеу  тілі, 

сөздік қоры күмәнсіз ұлғаяды. 



«Немотаблицадағы  сөздер»  жаттығуы.  Мақсаты:  Сөздер  қорын  кеңейту. 

Сөздерді 

дифференциациялау. 

Жазық 


денелер 

мен 


аталған 

сөздерді 

сәйкестендіру.Бала  бұл  құралдармен  кішкентай  ойыншықтан  жазық  затқа  ауысады. 

Нақты  бейнеден  абстрактілі  нәрсеге  өтеді.  Тіпті,  балаға  шәйнек,  төсек  немесе  итті 

үстелдің  үстіне  қойып  баланы  таңқалдырмай,  оларды  қатырма  қағаздан  қиып 

көрсетуге болады. Ол өз көзімен тура сол заттың атауымен аталатын заттарды көреді. 




 

299 


 

«Карта  ойыны»  жаттығуы.  Мақсаты:  Сөздер  қорын  кеңейту.  Топтастыру. 

Жалпылау.  Картада  салынған  суреттер  бойынша  атауларын  атап,  сәйкестендіру. 

Карталарды дайындау кезінде олардың анық, түсінікті, шынайы және бір картада тек 

бір ғана жануардың болуына көңіл бөлу керек. Суреттің фоны ақ, шеті тиісті түспен 

боялған болу керек (қызыл, жасыл, сары). Бұл материал балаға барлық жаттығулармен, 

кез келген картамен жұмыс жасауға мүмкіндік ашады. Тексеру карталары біріншіден 

балаға өзін-өзі тексеруге мүмкіндік берсе, екіншіден жалпылауды үйретеді. Олардың 

кейбіреулері тілдегі жалпылауыш сөздермен белгіленеді. Карталардағы суреттермен 

жұмыс жасау баланың асбтрактілі ойлауына тағы бір қадам жасайды. 

Баланың фонетикалық және  фонематикалық  талдау,  жинақтау  жолын анықтауда 

сөздің басындағы, соңындағы дауысты, дауыссыз дыбысты анықтау және сөйлемдегі 

сөздің  орны,  санын  анықтау  бойынша  мақсат  қоя  отырып  жаттығулар  жүргізілді. 



«Сөздерді ажырату» жаттығуы. Мақсаты: Оқығанды түсінуін, сөздер топтамасын, 

жалпылауыш сөздерді ажырату.Бала тек оқығанының бейнелі қабылдауына сүйенеді. 

Сөздерді  талдап  топтастырады.  Тапсырма  баланың  келесі  саты  сөйлемдер  мен 

байланысқан мәтіндерді оқуға дайындығын анықтайды. 



«Сөйлем құра» жаттығуы. Мақсаты: Жеке сөздерді сөйлемге біріктіру. Сөйлем 

деген түсінікпен таныстыру. Жеке сөздерді оқу мен түсінуге жаттықтыру.Бұл жаттығу 

интенсивті оқу кезеңінен кейін, жеке сөздерді оқи алатын балаға беріледі. Бұл жерде 

бала тілдегі сөздердің мәні мен әуені  топқа біріктірілгенін түсіну керек. Сөйлемдегі 

бірінші сөздің алғашқы әрпі белгіленеді. Уақыт өте келе жаттығуды қысқа аяқталған 

мәтін болатындай етіп күрделендіруге болады. 



«Шеңбердегі  дыбыстар»  жаттығуы.  Мақсаты:Дыбыстың  жіңішкеруін,  ана 

тіліндегі дыбыстарды тануын, сөздегі жеке дыбысты танып, оның заттың атауындағы 

орынын  анықтау.Бұл  жаттығудағы  ойыншық-затты  суретпен  алмастыруға  болады. 

Оларды  кез-келген  мөлшерде  таңдап  алуға  болады.  Жаттығу  бірнеше  рет  басқа 

заттарды немесе суреттерді қою арқылы қайталап жасауға болады. Бұл кезде балаларға 

әлі  дауысты,  дауыссыздар  туралы  мәлімет  берілмейді.  Салыстыру  әзірге  саналы, 

интуициялы түрде жүреді. 

Жалпы  моторика  мен  қол  саусақтарының  ерікті  моторикасының  баланың  жас 

ерекшелігіне  сай  қаншалықты  дамығанын  анықтау  мақсатында  қозғалыс  темпі, 

ритмикалық сезім, статистикалық, динамикалық координацияның қозғалысыанықтау 

барысында төмендегідей жаттығу түрлері жүргізілді. 

«Себеттегі  қыстырғыштар»  жаттығуы.  Мақсаты:  Қолдың  негізгі  үш 

саусағының (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан терек) ұсақ моторикасын дамыту. Қолды 

жазуға  дайындау.  Бала  жазуды  бастамас  бұрын,  оның  саусақтары  жазу  құралдарын 

нық,  сенімді  ұстай  алатындай  дамыған  болуы  керек.  Кір  жайғыш  қыстырғыштарды 

бірнеше мәрте ашу, қысу баланың оң немесе сол қолының саусақ ұштарына керемет 

жаттығу  болады.  Баланың  қай  қолмен  көбірек  жұмыс  жасайтынын  байқап,  оңқай 

немесе  солақай  екенін  анықтауға  болады.  Бұл  бейімін  түзету  керек  емес.  Тіпті  екі 

қолмен  де  жұмыс  жасауды  үйретуге  болады.«Қатырма  қағазды  тігу»  жаттығуы. 

Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Саусақтар қимылын икемдендіру, зейінді 

шоғырландыру,  қолды  жазуға  дағдыландыру.Инемен  жұмыс  жасау,  әсіресе  инені 

сабақтау,  жіпті  түю  кіші  жастағы  бала  үшін  өте  қиын  тапсырма.  Баланың  зейінінің 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау