Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет128/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   472

 

264 


 

сәлемдесу  мен  қоштасу,  біреудің  көрсеткен  қызметіне  рақмет  айту,  алған  затын 

орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру 

әдеті. 


Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  балаларды  патриоттық  сезімде 

тәрбиелеу,  Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттату, әңгімелеу арқылы 

бала  бойына  елге,  жерге,  Отанға  деген  сүйіспеншілікті  сіңіру  болып  табылады. 

Сондай-ақ,    тәрбиешілер  балалармен  тақырыптық  сабақтар  өткізеді.  Еліміздің  төл 

мерекелерін    балабақшада  ертеңгіліктер  өткізіп  тойлайды.  Осы  сабақтар, 

ертеңгіліктерді    өткізуге  тәрбиешілер,  ата–аналар  белсене  қатысып,  өз  үлестерін 

қосады. 

 Балаларды  тәрбиелеуде    балабақша    мен    мектептің,  кітапханалар  мен 

мұражайлардың  сабақтастығы  дұрыс  жолға  қойылған.  Сонымен  қатар,    отбасымен 

ынтымақтастық  жұмыстарын нығайту  мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, 

ертеңгіліктер,  ата-аналар  жиналыстары  жүргізілген  жұмысымыздың    нәтижесі  деп 

есептейміз. Соның ішінде атап айтсақ:«Менің елім - Қазақстан!», «Отан –отбасынан 

басталады», «Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік»  т.б.  Патриотизм – тарихи, әлеуметтік 

ұғым, гректің parties – Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған 

жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте 

– бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.Бір 

жағынан,  ол  жеке  тұлғалық,  қоғамдық  сана  элементтерінен  тұрса,  екінші  жағынан, 

Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім.Қазақстандық патриотизмнің 

қайнар көзі – халықтың береке- бірлігінде, ынтымақ-ықыласында, елдігі мен ерлігінде 

және  мемлекетіміздің  күш-қуатының  беріктігі  мен  ұлан  –байтақ  жерінің 

біртұтастығында.Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғы 

шарттар қажет: 

- төл тарихымызды білу; 

- ана тілді ардақтап, құрметтеу; 

- ұлттық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды қадірлеу. 

Адамзат  отансүйгіш  және  қайырымды  бала  тәрбиелеуді  мақсат  тұтады.  Қазақ 

халқы  өз  баласының  ізгі ниетті,  адал жүректі, өр әрі намысшыл  болғанын  қалайды. 

Қазақтың атына кір келтірмей, елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке 

пиғылынан жоғары қоятын жан болғанын тілейді. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек 

тәрбие арқылы сіңеді. Отанымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ 

астында тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуі үшін еліміздегі әр азаматтың бойында ортақ 

мақсаттарға деген ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Оның басты 

құралы-  патриоттық  тәрбие.  Патриоттық  сезім-  ұлттық  рух  деңгейінің  өлшемі.  Сол 

себептен  Елбасы  өзінің  халыққа  арнаған  Жолдауында  азаматтардың  отаншылдық 

сезімі мен өз еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі 

элементтерінің бірі ретінде таниды. Дей тұрғанмен, әттеген-ай дейтін тұстарымыз да 

жетерлік.  Қоғамдық  жерлерде  қазақтың  қара  көз  балалары  өзара  орысша  сөйлеп, 

Еуропа мәдениетіне еліктейді. Мұның себебі неде? Жастардың арасында патриоттық 

сезімді қалай дәріптеуімізге болады? Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «берік денелі, 

түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі 

түрден  ләззат  алып,  жан  толқынтарлық  болса,  баланың  тәрбие  алып,  шын  адам 



 

265 


 

болатындығы»  деген  қағидасы  өміршең  болып  отыр.  Дәл  осындай  игі  қасиеттерді 

бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты 

мақсаттарына  сай  келетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  -  баршамыздың  алдымызда 

тұрған міндетіміз. 

Адам  махаббаты  қандай  мәңгілік  болса,  оның  патриотизмі  де  сондай  мәңгілік. 

Адамзат махаббатсыз, мұратсыз өмір сүре алмайды, оны теріске шығару еш нәтиже де, 

жеміс те бермейді. Олай болса, қазақстандық патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола 

алмаймыз. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге 

керек, болашаққа керек. 

Халқымызда  «баланы  жастан»  деген    дана  сөз  бар.  Тәрбиенің  бесіктен 

басталатынын    ескерсек,    ата  –  бабадан  келе  жатқан    дәстүрлерді  ең  алдымен 

өзіміз    түсініп,    балаларға  оның  нәрін  сіңіре  білсек,    болашақ  патриот  тәрбиелесек 

бұл  еңбегіміздің  жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз болмақ. 

Патриоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  өн  бойындағы  ұрпақтан  – 

ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектепке дейінгі балалардың 

бойындағы  Отанға  деген  сүйіспеншілігін,  яғни  патриоттық  санасын  дарытуда 

халқымыздың  біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы,жазушы,  Қазақстанның  Халық 

Қаһарманы  батыр  Бауыржан  Момышұлы  ағамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп 

қалдырып  кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы  шығармаларының  алатын  орны 

ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз  

Ата мекен жер үшін,  

Қасиетті ел үшін,  

Әзиз ана, қарт ата,  

Ботакөз сұлу қарындас  

Күң, құл бомасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік 

істерге шақырады. 

Бауыржан  Момышұлы  өз  шығармаларында  патриотизмге,  ерлікке,  батырлыққа 

байланысты  біршама  терминдерге  анықтама  берген.  Енді  соларға  тоқталып  өткім 

келеді:  

Патриотизм  дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман– 

саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал 

мемлекетті  нығайту  дегеніміз  –  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын 

айтқанда,  патриотизм  мемлекет  деген  ұғымды  жеке  адаммен,  яғни  оның  өткенімен, 

бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.  

Ерлік  дегеніміз  –  табиғат  сыйы  емес,  ең  алдымен,  өзінің  ар-намысын  және 

адамзаттың  қасиетті  абыройын  ұятқа  қалу,  опасыздық  пен  масқара  болу  сезімінен 

қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай 

адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана 

емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға  – жанмен, қанға  - 

қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге 

ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу. 

 

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.  



Табандылық – батырлардың қалқаны. 


жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау