«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет28/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

57 


Білім беру мен тәрбиелеуде  оқушының  ортасы үлкен рөл атқарады. Бұл ортада оның 

сезімі  мен  сезімталдығы  (интеллект)  пайда  болып,  дамиды,  қоршаған  ортасына,  әлемге, 

қоғамға,  мәдениетке  деген  көзқарасы  қалыптасады.  Қазақстандық  білім  беруді  дамыту 

бағдарламасына сәйкес қазіргі кезеңде болашақ мұғалімді тек  белгілі  бір пән саласындағы 

маман  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  инновациялық  білім  беру  ортасын  дамытуды 

ұйымдастыруда құзіреттілігі жоғары тұлға ретінде  даярлау көзделген.  

Танымдық процесстер: қабылдау, жадында сақтау, елестету, еске сақтау, ойлау және 

сөйлеу – кез келген адамның  іс әрекетінің  басты  құрамдас бөлігі ретінде  қарастырылады. 

Өзінің  қажетттілігін қанағаттандыруда,   қарым – қатынас жасауда, ойнауда, оқу мен еңбек 

етуде адам әлемді қабылдайды,  әрекет етуде кейбір мәселелерге  мән береді, өзінің не істеу 

керек  екендігін    елестетеді,  ойланады    және  өз  шешімін    тұжырымдап    айтады  [4].  

Сондықтан  адамның  әрекетін  танымдық  процестердің    қатысуынсыз  елестету  мүмкін  емес, 

олар оның ажырамайтын ішкі  құрамдас бөлігі  болып табылады.  Олар әрекет  ету арқылы 

дамиды және өздері әрекет етудің ерекше бір түрін қалыптастырады.  

Адами қасиеттерді дамыту, оны қабілеттілікке дейін жеткізу  оқыту мен тәрбиелеудің  

басты міндеттерінің бірі  және оларды  танымдық  процестерді  білмей, дамытпай іске асыру 

мүмкін  емес.  Аталмыш  жағдайларды  іске  асыруда  қабілеттілік  өзі  біртіндеп  пайда  болып,  

сапалы  тұрғыда  толысады.  Танымдық  процестердің  психологиялық  құрылымын,  оларды 

қалыптастырудың    заңдылығын  білу  оқыту  мен  тәрбие  әдістерін  таңдауда    қажеттілік 

тудырады.  Танымдық  процестерді  дамытуды  зерттеуде  Л.С.  Выгодский,  А.Н.  Леогнтьев, 

Л.С.  Сахаров,  А.Н.  Соколов,  Ж.  Пиаже,  С.Л.  Рубенштейн  т.б.  ғалымдардың  еңбектері  зор. 

Олар  танымдық  процестерді    қалыптастырып,  дамытудың  теориялық  негізін  қалап, 

әдістемесін    құрастырды.    Ал  қазіргі  кезде    танымдық  процестерді  дамытуды  білім  беру 

әрекетінде ұтымды да сәтті іске асыру үшін оқытудың  жаңаланған құралдары мен әдістерін 

іздестіру  қажет.  Бейнелеу  өнері  сабағында  компьютерді,  оның  ауқымды  әмбебаптық 

мүмкіндіктерін    жан  –    жақты  қолдану    көтеріліп  отырған  аталмыш  мәселенің  бір  мысалы 

болып табылады.  

Қазіргі 


дамыған 

қоғамда 


оқушылардың 

бейімділігі 

мен 

мүмкіндіктерін 



қалыптастырып,  арттыруда  бейнелеу  өнері  сабағында  компьютерді  қолданудың  қажеттілігі 

артып  отыр.  Оқу  –    тәрбие  процесінде    компьютерді  қолданудың  ауқымы  кең:  қарапайым 

тестілеуден  бастап,  олардың  жекелеген  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  әр  түрлі 

ойындарға дейін жеткізуге болады.  Компьютер оқып үйренудің объектісі және құралы  да 

болуы  мүмкін,  яғни    оқытуды  комьютерлендірудің  екі  бағыты  бар:  ақпарттандыруды  

меңгеру  және  оны  әр  түрлі  пәндерді  танып  білуде  қолдану.  Бұл  жерде  компьютер  оқыту 

тиімділігін арттыруда қуатты құрал болуы шарт. Осы уақытқа дейін ешқандай оқытушы дәл 

қазіргідей  қуатты оқыту құралын пайдаланбағаны баршамызға мәлім. 

Қазіргі  заманға  лайықталған  компьютер    оқушының  деңгейіне  тең  партнері  болып 

табылады.  Ол  оқушының  жеткілікті  емес  сұраныстарына,  әрекеттеріне  жауап  беруге 

ыңғайлы [5]. Оқушыны компьютермен жұмыс  жасаудың жаңашылдығы емес, оның сабақта 

қолдану  мүмкіндігінің  ауқымдылығы  қызықтыруы  керек.  Оқушы  компьютердің  көмегімен 

сабақ  барсында  өзіне    қажетті  материалдарды  сұрыптап,  тапсырманың    қиындық  деңгейін 

анықтап,  дұрыс  шешімдер  қабылдай    алуы  керек.  Оқушы  компьютердің  көегімен    өз 

қабілеттілігін  арттыра  алуы  қажет,  яғни    бейнелеу  өнері  сабағында  өзіне  қажетті  

композицияны  шығара  алу,  оның  түрін,  түсін,  дауысын  таңдауда  әр  түрлі  ахуалдарды 

меңгеруге  дайын    болуы  керек.  Бейнелеу  өнері  сабағында  компьютерді  қолдану  оқушыға 

ғана  емес,  оны  бақылап,  бағалайтын  оқытушыға  да  тиімді.  Біз  оны  компьютерді  толықтай 

қолдану дәрежесіне жету барысында байқадық. Компьютерді қолдану сабақты тек қызықты 

етіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оқушының  елестетушілік  қабілетін  (фантазиясын) 

байытады.  Компьютерді  бейнелеу  өнері  сабағында  жаппай    қолдану  барысында 

оқушылардың  шығармашылық  белсенділігінің,  сабаққа  деген  ынталарының  артқандығын 

байқадық.  



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

58 


Компьютерді  бейнелеу  өнері  сабағында  қолданудың  тағы  бір  тиімді  жолы,  ол 

оқушының    жасаған  жұмыстарына  қайта  оралып  келе  алуы,  әрине  қолмен  жасалған 

жұмыстарда  алғашқы  әрекетті  қайталаудың  қиындық  тудыратыны  мәлім,  бұл  жерде  

аталмыш  пәндердің  шығармашылық  бағытта  екендігін  естен  шығармаған  жөн.  Бейнелеу 

өнері  сабағында  компьютерді  қолдану  арқылы  біз  оқушының  қателерін  бірден  түзету  ғана 

емес,  сонымен  бірге  оның  жасалып  жатқан жұмыстарын  компьютерде  сақтап   қою  арқылы 

салыстыру мүмкіндігіне ие болдық. Алғашқы және кейінгі жұмыстарын салыстыра  отырып, 

оқушы  өзінің  қателерін  сезініп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  қателерді  жою  барысында 

жаңа жолдарды іздестіру қабілетін арттырады.  Компьютер арқылы оқушы саусақпен жұмыс 

жасайды,  саусақпен  жасалатын  жұмыстар  сөзді  дамытады,  біз  бұл  жерде  сурет  әлеміндегі 

сөзді айтып отырмыз. Өзінің суреті арқылы оқушы өзін таниды, өзін қоршаған әлемді өзінің 

елестетуімен  бенелеуге  тырысады,  яғни  өз  сөзімен  суреттейді.  Компьютер  арқылы  ол  өз 

жұмысын  бастапқы  жағдайға  бірнеше  мәрте  орала  отырып  еш  қиындықсыз  қорғай  алады. 

Мамандардың  айтуы  бойынша  тілді  дамытудың  қажеттігі  қандай  болса,  сурет  салуды 

дамыту да сондай болуы керек. Сондықтан компьютермен оқушының жалпы танысуы оның 

өзіндік  шығармашылық  жұмыстарын  копьютердің  экранына  шығарудың  алғашқы  жолы 

болып табылады [6]. 

Өнермен  айналысуда  педагогтардың  кәсіби  мүмкіндігін арттыру үшін объективті – 

бағытталған    сурет  бағдарламасын  құрастыру  қажет.  Кез  келген  объектінің  тірек  нүктесі 

болады,  міне  осы  салада  оқушы  ол  объектіні  компьютердің  көмегімен  ұлғайтуға, 

кішірейтуге, топтастыруға, жүйелеуге т.с.с.  әрекеттерді  іске асыру  мүмкіндігіне ие болады. 

Компьютермен сурет салуда оқушы әр түрлі геометриялық фигураларды (шеңбер, бұрыштар, 

қисық  сызықтар)    дәлме  –  дәл  бейнелей  алады.  Оқушы  компьютер  арқылы  «нағыз» 

суретшінің  қолданатын  құралдарын  (қарындаш,  циркуль,  пульверизатор)  графикалық 

редакторға  алмастыра  алады.  Жалпы,  осындай  бағдарламамен  жұмыс  жасау  қарындашпен 

қағазға сурет салу процесін еске түсіреді. 

Графикалық редактор белгілі қолданбалы бағдарламалардың бірі. Мүмкіндіктері әр түрлі 

болып келетін мұндай бағдарламаның түрі өте көп. Аталмыш бағдарламаның оқушының өзіндік 

шығармашылық    қабілеттерін  арттыруда  маңызы  зор.  Бұл  бағдарлама  арқылы  оқушының  әр 

қайсысы  мәтіндік  ақпарат  пен    түсті  мониторда  256,  соның  ішінде  16  монохромды  түсті  ала 

алады.  Оқушының  көкірегінде  жаңа  өмірге  лайықталған  техникамен  жұмыс  істей  алатын  

шығармашылық қабілеттерін дамыту бейнелеу өнері мұғалімінің еншісінде. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Назарбаев  Н.Ә.  Рухани  құндылықтар  халықтар  арасын  жақындастырады  // 

http://kazgazeta.kz/?p=37012. 

2.  Қайыркен  Әдиет.  Ұлттық  құндылықтар  негізінде  отаншылдыққа  тәрбиелеу 

09.06.2017.// http://e-history.kz/kz/publications/view/3271. 

3.  Сухаревская Е.Ю. Технология интегрированного урока: практическое пособие для 

учителей начальных классов, студентов пед. Учеб. заведений, слушателей ИПК.- Ростов –на / 

Д.,2003. 

4.  Амиргазин  К.Ж.  Теоретические  основы  и  методика  обучения  школьников 

казахскому декоративно – прикладному искусству. –М.: 1994. 

5.  Ивахнова  Л.А.  Методические  рекомендации  к  проведению  уроков  восприятия 

изобразительного искусства. - Алматы,1993. 

6.  Изобразительное искусство и художественный труд 1-8 классы. М.: 2002. 

 

 



 

 

 

 


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау