«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы
43
Инженерлік психологияда іс - әрекеттің мына түрлері бар:
- пәндік-практикалық;
- пәндік-ойлау;
- практикалық белгілеу;
- ойлау белгілері арқылы.
Пәндік-практикалық іс - әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте
орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне байланысты барлық кәсіпте бұл сипат
басты мәнге ие.
Пәндік-ойлау іс - әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез
есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады.
Практикалық белгілеу іс-әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне
негізделген (түрлі есептерді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау т.б).
Ойлау белгілері іс-әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда сақтау қызметін алға
қояды (жадында ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте сақтау, ой жүгірту т.б).
Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады.
Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығын оқыту әдістері деп
жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақтың
белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық кимыл - әрекет түрлерін қалыптастырамыз.
Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс - әрекетін қамтамасыз ететін оқыту
әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады. Оқытудың теориялық және шеберхана әдістерінің
арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық
пәндер циклі бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір
мезгілде жеткізсе, ал шеберхана оқыту жағдайында сабақ топтарға, топшаларға, қажет
болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі. (Мысалы: автокөлік құралдарын жүргізуге үйретіп,
балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен бөлшектерді жинау, құрастыру т.б.).
Оқушылардың танымдық іс - әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері
мынадай екі топқа бөлінеді:
Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.
Іздену (шығармашылық) арқылы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Момынбаев Б.К., Өстеміров К.У. Адамқұлов Н.М. Кәсіптік техникалық пәндер. -
Алматы, 2005 ж.
2. Основы профессиональной педагогики: Профпедагогика под ред. С.Я.Батышева и
С.А.Шапоринского. 2-е изд., перераб и доп. - М.; Высшая школа, 1977. - 504 с.
3. Өстеміров К. Кәсіптік окыту әдістемесі. –Алматы:РадиАл, 2006 жыл. - 240 б.
4. Өстеміров К., А.Айтбаева. Қазіргі білім беру технологиялары. - Алматы, АГТУ
баспасы. - 2006 ж. 108 б.
5. Профессиональная
педагогика: Учебник для студентов, обучающихся по
педагогическим специальностям- М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 1997. - 512 с.
6. Адамқұлов Н.М. Өнімді еңбек. - Талдықорған., 1997 ж.
7. Скакун В.А. Преподавание общетехнических и специальных предметов в средних
ПТУ: Метод. пособие. - М.: Высшая школа, 1987.
8. Адамкулов Н.М. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2010 ж. - 184 бет.
«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы
44
ӘОЖ 541.124
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МҮМКІНДІКТЕРІ
Маденова А.Б.
Е. Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп, Талдықорған қ-сы,
madenova.aliya@mail.ru
Елімізде болып жатқан саяси – әлеуметтік, мәдени – этникалық өзгерістер халыққа білім
беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді
жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне не ала алады деген сұраққа жалпы қауым
болып жауап іздестіруде.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды
бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр
халықтың ұлттық мәдениетін кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайырымдылықты,
сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік
тұрғысынан кемелденуіне көңіл бөлу. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт,әр мемлекет өзіндік
менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар –
ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Біз интернет жүйесімен,
жаңа озық технологиямен, тіпті ғарышты игерумен де әлемді таңқалдыра алмаймыз. Санаулы
жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық - техникалық базасы әлемдік
стандартқа сай болатынына шүбәміз жоқ. Сонда басқа елдерден немен ерекшеленеміз? Әрине
ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрпымызбен, тіліміз, қазақы менталитетімізбен ерекшеленеміз.
Осы тұрғыда білім үрдісінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу
арқылы ұлттық тәрбие беруді мұрат етіп отыр.Бұл орайда білім мазмұны арқылы бала рухын
тербететін, жанын елжіреіп, масаттандыратын, ар намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ
көңілділікке ұмтылдыратын – нағыз ұлттық, қазақша сөйлейтін, өз бойынан ата – бабасының
қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр,шешен даналарының өнеге – үлгісін
ұстанатын, міне осындай бойына қуат жинаған жас ұрпақ келешекте бәсекеге қабілетті, тәуелсіз
еліміздің қорғаны болары сөзсіз. Ендеше қазақстандық білім моделі осыдан бастау алып, жас
ұрпақты білімді, іскер білгір де білікті етіп өсірумен қатар оның адамгершілік бомысын, ішкі
жан дүниесін орнықты түрде қалыптастыру болмақ.
Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарымыз бен қазіргі кезде сабақтарда қолданылып жүрген
жаңа технологиялардың ең тиімді элементтерін биология сабақтарында пайдалана отырып
жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында: «Біз
Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін
дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру біздің басты міндетіміз» деген сөзін басшылыққа ала
отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала
бойына дарытатын тәрбие жұмысын жүргізуге міндетті. Қазақстан үшін білім мазмұнын
жаңарту мен ақпараттық өркениеттің талаптарына сай етіп лайықтап, жаңа педагогикалық
технология мен инновациялық қызметтің әлемдік деңгейін қамтамасыз ете отырып, оны қазақ
халқының ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіре отырып, тәрбиелейтін ұлттық білім
жүйесін құру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрлермен,
өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн жосықпен, әдепті ырым, тиыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл,
инабатты қыз өсіріп отыр. Қазақ халқының әлеуметтік өмірін, тұрмыс ахуалына сәйкес
қалыптасқан ырым-тиымдар бұлжытпай орындайтын заң ретінде қабылданып, баланы
иманды болуға, кесепаттан аулақ болуға тәрбиелеген. Яғни, әрбір жасқа ұлттық тәрбие мен
ұлттық идеология әрқашан серік болуға тиіс. Сонда ғана олар бабалар ізімен жүрген болады,