139
Постепенно дети становились более активными. Театр, в который мы играем с детьми,
помогает детям узнать самих себя, заявить о себе, попробовать, на что они способны,
поверить в себя, перешагнуть через «я стесняюсь», преодолеть робость и скованность.
В нашей группе повышенный интерес к художественным произведениям, особенно
к русским народным сказкам, а так же у многих детей отмечается эмоциональная
отзывчивость на художественные произведения.
В настоящее время все дети с большим интересом принимают участие в играх -
драматизациях и проявляют самостоятельность в театрализованных играх.
Литература:
Маханева М.Д. «Театрализованныезанятия в детском саду»;
Артемова Л.В. «Театрализованные игры в ДОУ» ;
Ершова А.П «Взаимность процессов обучения и воспитания дошкольников в
театральном образовании»;
Агнтипина Е.Н. «Театральная деятельность в детском саду»
Чурилова Е.П. «Методика и организация театральной деятельности в ДОУ»
Мурашковская И.Н. « Когда я стану волшебником»
«Мектепке дейінгі жастағы балалардың үш тілдік құзіреттілігін ән-күй
сабақтарында дамыту»
Сагитова Ж.Б., Музыка жетекшісі
МКҚК «№6 Сәбилер бақшасы» Павлодар қаласы
Музыка – адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады.
Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол
өсу,
даму
процесінде
қалыптасады.
Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән, музыка
тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа бөленеді.
Музыка — рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген
бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
«Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» М.Әуезов.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» — деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние
есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап — ақ музыка әсер етеді. Ең
алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын
тыныштандырып
тәтті
ұйқыға
кетуіне
әсер
етеді.
Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар «Шілдехана», «Бесікке салу»,
«Қырқынан шығару» т.б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән
ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында
әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан
музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады.
Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан — ақ балабақша
есігін ашады. Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке
тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдің үштұғырлығын дамыту» бағдарламасы»
мектеп жасына дейінгі балалардың үш тілде бірдей белсенді сөздік қорын дамытуға
бағытталған.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясында Қазақстан бүкіл
әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі
– мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіру тілі» туралы айтылған.
140
Көптілді білім беру – көпқырлы мәселе. Педагогтың негізгі мақсаты – көптілді
және көпмәдениетті құзыреттілікті игерген жеке тұлғаны тәрбиелеп, көптілді тұлғаны
қалыптастыруға атсалысу.
Балаларды тәрбиелеуде тіл ерекше орын алады, өйткені тіл - адамдардың өзара
түсіну, қатынас құралы болуымен қатар, қоғам мен табиғаттың, адамның рухани айнасы.
Әр ұлт өкілі өзінің ана тілін құрметтесе, басқа тілді меңгеруіне еш бөгет болмайды,
керісінше, ол адамды адамгершілікке, көрегенділікке, мейрімділікке, өз ұлтының, елінің,
жерінің азаматы болуға жетелейді. Сондықтан үш тіл білу – қазіргі заман талабы.
Мектепке дейінгі жас тілдерді меңгеруге өте қолайлы кезең екені психологтармен
дәлелденген.
Сондықтан Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие
ұйымы болғандықтан педагогтерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу
міндеті жүктеледі.
Балалардың дамуын зерттей келе, басқа әрекеттерге қарағанда психикалық
процестер ойын барысында жақсы дамитыны байқалады. Сондықтан да, үш тілді үйретуде
ең басты тәсіл ойын болып табылады. Ойын барысында бала не істеу керек, не айту керек
екені туралы шешім қабылдау керек. Осы мәселелерді шешу арқылы баланың ойлау
қабілеті дамиды.
Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті келесі функцияларды орындайды:
· көңіл көтеру, қызығушылықтарын арттыру;
· коммуникативтік: қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерту;
·
ұлтаралық коммуникация: барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени
құндылықтарды меңгерту;
· әлеуметтендіру: қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне еңгізу.
Ойын арқылы үйрету- екі жоспарды жүзеге асырудың айқын үлгісі: педагогикалық
мақсатты көрсетпей, нәтижеге ойын түрінде жету.
Үш тілде мәтіні бар қимыл-қозғалыс ойындары.
Осы ойындарда өлең мен тақпақтар қолданылады. Айтылатын өлең сөздері ойын
барысын нақтылап, балалардың әрекеттерін, тәртіптерін қадағалайды. Ойынға қатысты
қолданылатын мәтіндер балалалардың зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамытады,
жинақылыққа тәрбиелейді. Педагог өлең, тақпақтарды айта бастайды, балалар үш тілде
сөздерді жалғастырып айтады. Ойында қайталау барысында балалар өздігіменен ойын
сөздерін айтуға тырысады. Қимылдарға қатысты айтылатын нақты сөздер, сөзұйқастар,
дыбыстарға еліктеу балалардың үш тілде жатталатын сөздерді меңгеруде тиімді әдіс
болып табылады. Бірлесіп жасалатын әрекет барысында балалардың сөйлеу белсенділігін
арттыру қажет. Сұрақ-жауап әдісі де тілге үйретудің тиімді әдісі болып саналады. Педагог
балаларға үш тілде жауап қайтаруға көмектеседі.
Ойын- драматизациялар.
Драматизация барысында балаларды кейіпкердің атынан сөйлеуден басқа, оның
бейнесін қимылмен, мимикамен көрсетуге үйрету керек. Драматизация балалардың сөз
қорын үш тілде байытып, грамматикалық құрылымын жетілдіреді.
Үш тілде сюжеттік ойындар.
Сюжеттік ойындар үш тілді үйретудегі тілдік жағдайды ұйымдастыратын құрал
болып табылады. Рөлдік ойындар негізінде ойын сюжеті мен берілген рөлдерге қатысты
ұйымдастырылған тілдік қарым-қатынас бар.
Ойын барысындағы қуаныш сезімі, қызығушылығы- балаға басқа тілдегі сөздерді
ұялмай, еркін айтуға көмектеседі.
Жоғарыда аталған бағдарлама жүйесі мектеп жасына дейінгі балаларға білім
берудің барлық салаларын қарастырады. Яғни, тілді меңгеруде жалпы сөйлеуді дамытушы
әрі тіл білімдері қандай үлкен рөл ойнаса, ән-күй , хореография сабақтары да соншалықты
маңызды болып келеді.