499
болды. Осы мәселенiң шындығын дәлелдеуге Қалмұқан Исабаев бел шешiп кiрiсiп,
нақты дәлелдер табуға тырысты. Нәтижесiнде Верхотурлық 1 гильдиялық көпес-тау- кен
кәсiпкерi Александр Бенардакидiң 1867 жылдың 21 маусымында жазған хатында
(заявка) сол жылдың 12 маусым күнi Екiбастұз көлiнiң шығысындағы “Қарабидайық”
деген жерде Қосым Пiшенбаев бастаған баянауылдық 5 қазақ көмiр кенiн ашқаны
баяндалған. Орысша мәтіні: «Отправился в 12 дня июня же месяца по Баян-аульскому
округу партией из 5 человек киргиз местных и через день прибыл на место называемое
Карабидаик, где от соленого озера Еке-бас-туз примерно 500 сажень на юг. Заложил шурф
ширины и глубины 3 аршина, и встретил каменный уголь. Партию составили местные
киргизы: Хосум Пшенбаев,Салгара Баймиканов, Жантеле Мамбетов, Койшикара Наурузов
и Ногайбай Оразов. Осы бұлтартпас дәлелдi Қалмұқан Исабаев Киевтен тауып, жария
етiп, елге жайды. Баспасөз бетiнде Қосым Пiшенбаетың Екiбастұз кенiне тiкелей
қатысты екенiне көз жеткiзу үшiн әлденеше мақалалар жазды. Қоғамдық пiкiр
қалыптастырып, Екiбастұз кенiн Қ. Пiшенбаев ашқанын күмән келтiрушiлерге
мойындатып, талассыз пiкiрге айналдырды Қалмұқан Исабаев мұнымен тынбады. Ендi
Екiбастұз қаласында Қосым Пiшенбаевқа ескерткiш қою керек деген мәселенi көтерiп,
талай есiктi ашып, талай басшының алдына дәлелдерiн жайып салып, дегенiнен
қайтпай,ойлағаны орындалғанша айтумен, жазумен болды. Ақырында, қуанышқа орай,
Екiбастұз қаласының орталық көшелерiнiң бiрiнде биiк тұғырдың үстiнде қазақы
шапан, бөркiмен, ұзына бойымен тұрған Қосым Пiшенбаевтың биiк ескерткiшi
орнатылды. Бұған қоса осы қаладағы ұзын көшелердiң бiрi –Қ. Пiшенбаев көшесi-деп
аталады. Қарабидайық деген жер, қазіргі Екібастұз қаласының дәл түбі, негізгі Қосым
аталарының жайлауы екен. Екібастұз атауы ел ішінде тараған аттың басындай екі тұзға
байланысты аңызда емес,Екібастұз деген осы жердегі көлдің атауына байланысты екен.
[2,8б ]
Өзінің
ғұмырында
Қосым
атамыз
жалғыз Екібастұз
емес,Майкүбі,
Найзатас,Жамантұз,Жосалы,Қандықарасу,Көктас,Берікқара,Қалмақтас,Қарағайлы,
Қызылкеспе,Бесшоқы,Ақкөл,Шоман,Мойылдыбұлақ,т.б.кен орындарын табады. Академик
Әлкей Марғұланның айтуынша,Орталық мемлекеттік мұрағатта көпес Деровтың кен
орындары жайлы жүзге тарта хабарламасы бар екен. Осының барлығы-Қосым бастаған
жергілікті қазақтардың тапқан кеніштері. Д.Багаев Павлодар өлкетану мұражайының
қызметкері (қайтыс болған) Екібастұз тарихындағы кен орындарының алғашқы
жылдарындағы жайлар жазылған қолжазбаларын қалдырып кеткен екен. «Екібастұздың
тас көмірін 1886 жылы баянауылдық кен білгірі Қосым Пішенбаев тапқанын жақсы
білеміз. Қосым Павлодардағы көпес Деровтың қол астында жұмыс істейтін еді, орта
бойлы , шоқша сақалды жұмыскерлердің бәрі құрметтейтін еді.Ол даладан көмір,мыс,
темір, кен орындарын іздейтін еді, соған айына 30 сом еңбекақы алатын.Әр жыл сайын
Қосым қалаға ат ізін салып,кеңсеге жиі келіп тұратын.Қосым әр сапарда жасаған
тапсырыстарын кеңсе жұмыскері жазып алатын,тау –кен технигі Деменев оны жазбаша
өңдейтін. Аз уақыттың ішінде Қосым Пішенбаев пен әуесқой-геолог Ақбас Құрмановтың
сызбалары бойынша Баянауыл , Қарқаралы аудандарынан бастап,Балқашқа дейінгі
даланың бәрін Деров жалға алып,ол үшін қазынаға жыл сайын салық төлейтін болды.
Қосымның ашқан жаңалығы туралы 1897 жылы Семей облысының тау-кен инженері
Концовский: «Честь открытия этого месторождения принадлежит местному киргизу
Косуму»-деп жазды.Сол кезде кен орнын зерттеген геолог Де Кателен былай деп жазды:
«Екібастұз көмір бассейнінің байлығы ұшан-теңіз. Біз Еуропада мұнан басқа қуатты көмір
кені бар деп ойламаймыз да» [2,9б ]
Енді Қосым Пішенбаевтың шынайы өмірде кім болғанына келсек,ол атамыз
1844 жылы Баянауыл өңірінде , Қызылтаудың етегінде дүниеге келген.
Баянауыл ауданындағы Күркелі ауылында тұратын Нығмет Жәмінұлы атты
ақсақалдың әңгімесі бойынша Қосым жаратушының ерекше назары түскен
пендесі,әйтпесе, арнайы білімі жоқ адамның жердің астында не жатқанын жазбай айыруы
500
ерекше қасиет емей немене? Қосым елдегі Нұрғали Таушабаев ашқан діни медресені
бітірген адам. Қосым палуан денелі, әжептәуір ірі кісі екен. Оң қолынан өнер тамған
шебер адам екен,сол кездегі саптама етікті де әдемілеп тігетін Қосым,аңшылыққа шықса
олжалы оралатын мерген, суда да балықша жүзетін, ертең қандай ауа райы болатынын
болжай алатын, табиғаттың тілін түсінетін Қосым атамыз жай, қарапайым адам болмаған.
Қосым Пішенбаевтың шыққан тегі: Құлболды- Майлытон-Жайлау- Қоныс-
Сексенбай-Пішенбай-Қосым болып таралады екен. Пішенбайдан Қосым,Есімбай деген екі
ұл, Ұлай, Қызай деген екі қыз тарайды.Ұлайдан Қарабек туады,ол Баянауыл өңіріне
танымал киіз үй жасаушы болады, жүз жасап қайтыс болады. Қосымнан Әбіш,Мұқыш
деген екі ұл туады, одан кейінгі ұрпағы өспей қалады. Алайда Қосымның Рымтай, Дәмет
есімді жиендері бар. Есімбайдан Айтжан, Бишан, Ақыш,Бибіқатша есімді үш қыз,бір ұл
тарайды.Ақыштан жалғыз Амантай қалады, Амантай Ақышұлы Есімбаев осылай
Қосымның немересі болып келеді. Баянауыл станицасының атаманы петерборлық ақсүйек
Иосиф Зонов деген біреу екен. Қазақтар оны « атаман Өске» деп атаған. Сол Өске мен
Қосымның арасында келіспеушілік болыпты,Өске Қосымға алтыны бар жер тауып бер деп
қолқа салыпты,Қосым көнбеген соң,оған мал ұрлады деп жалған жала жауыпты да ұстауға
солдаттарын жіберіпті. Қосым Сабындыкөлге түсіп кетеді. Суды әрлі-берлі шарлаған
әскер, Қосымды таба алмай, өлдіге санап кейін қайтады. Қосым сол кеткеннен, көлдің
екінші бетіндегі жартастың өзі ғана білетін су астындағы құпия тесігінен өтіп, жасырынып
қалады.Сабындыкөлдің «Кіші тас» жағындағы осы жартас әлі күнге дейін «Қосымның
қызыл жартасы» деп аталады.Баянның Сарыөлең жерінде Сүйіндік-Қаржастың Тоқсан
атасынан тарайтын Кеңсары деген дәулетті адам болған.Ол кісінің қонысы осы күнге
дейін «Кеңсары» деп аталады.Сол жерден Қосым түйірлі алтынның қорын
тауыпты.Бірақ,Кеңсары жерінен айырылып қаламын деп қорықса керек, Қосымға ешкімге
айтпа деп ақысына қой беріпті. [4,10б ]
Бала кезінде Қосым ауылдағы Бәке Әлиев деген кен білгірінің кәсібіне қатты
қызығып, оның қасында жүріп, одан тасты салмағына, түр-түсіне, қаттылығына қарай,
құрамында алтын, күміс,мыс, қорғасыны бар тастарды қалай айыруға болатынын
үйренеді.Осылайша Қосым Бәке Әлиев сияқты кен іздеуші болуды арман етеді.ХІХ
ғасырдың бірінші жартысында Ресейде капиталистік қатынастардың дамуымен түсті
металл мен таскөмірге деген қажеттілік арта түседі. Қазақ жерінің мол пайдалы кен
байлықтары ішкі Ресейден оңай олжа қуып келген тіміскі кәсіпшілердің тегін дәулетіне
айналды.Олардың бәрі де жергілікті қазақтардың қызметіне сүйенді. Қосым өмірінен тағы
бір фактіні атап өту керек.1911 жылы күзде Баянауылда болған Покров жәрмеңкесінде
әуесқой фотограф Павел Николаевич Комаров Қосым атаны суретке түсірген
болатын.Енді Комаров жайлы бірер сөз. 1905 жылғы Владивостокта болған қарулы
көтеріліске қатысқаны үшін Павел Николаевичтің әкесі ату жазасына кесіледі.Әйелін екі
ұлымен қазақ даласына жер аударады.Осылайша он алты жасар Павел Баянауылға
келеді.Комаровтардың отбасын Қосым Пішенбаев пен оның інісі Есімбай қамқорлыққа
алады.Кейіннен Қосым Павелді өзімен бірге пайдалы қазбаларды іздестіруге алып
жүреді.Бұл әңгімені П.Н.Комаров әйгілі жазушы Қалмұқан Исабаевқа баяндаған екен.
П.Н.Комаровтың айтуынша, Қосым ата табиғаттың әсемдігін де ерекше тани білген адам.
Ол аңшылық еткен кездің өзінде де қоян,қарсақ, түлкі, суырлардың індерінен сыртқа
шығарған топыраққа ерекше көңіл бөліп,оны егжей-тегжейлі зерттеген.Сондай-ақ ол
өсімдіктерді, шөптерді де назардан тыс қалдырмаған. Әрбір шөптің түбіріне зер сала
қарап,оны басқа шөп түрлерімен салыстырып отырған.Жер бедері, онда өскен өсімдіктер
арқылы жер қойнауында жатқан кен қазба байлықтары жайлы біледі.1859 жылы Баянауыл
станциясынан оңтүстік шығысқа қарай 45 шақырым жерде Иоанно-Предтеченский мыс
қорыту зауытын салған Томск губерниясының көпесі Степан Иванович Попов
болатын.Попов Қосымды кен іздеуші, әрі жол көрсетуші жұмысына қабылдайды. Қосым
1866 жылы Баянауыл станциясынан солтүстік шығысқа қарай 20 шақырымда Мойылды
бұлағына жақын жерде мыс кен орнын табады. [3 ] Бұл жайында мынандай жазба