515
жұмылдырды. Білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл –
қалыпты өмірді қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы.Біз
ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды
дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға
лайықты
тойтарыс
берсек,
жерұйықтай мемлекетке
айналамыз.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен
әсер алдым. Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл
өлшеп пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары. Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын
қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды
көтерілді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсан айында жария еткен
«Қазақстан – 2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге
кірісуіміз керектігін» мәлімдеген болатын. Сондықтан бұл мақаласында Үкіметке нақты
тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни,
2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен
басылады деген сөз. Бұл қоғамдық ғылымдар үшін міндеттелетін үлкен шара болары
анық. Әсіресе, Тіл білімі институтына үлкен жауапкершілік артып отыр. Елбасы биылғы
жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын
қабылдау жөнінде, 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілетіні
айтылған.
Әрине,
бұған
үлкен
дайындық
керек.
Елбасы жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау екенін баса
айтып, онсыз жаңғыру дегеніңіз – құр жаңғырық дегені орынды. Мақалада айтылған
ойлардың тереңдігінен Елбасының тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне
жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын байқау қиын емес.
Расында, халқымыз небір аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жазуынан
латынға, латыннан кириллицаға көшіп жүре тұра халқымыз білімге ұмтылысының
арқасында ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді
аңғартса керек. Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қалып-
тастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солымызды әбден танып, өткеннің
кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жасайтын дәуірге жеттік.
Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам.
М.Ж.Көпеев шығармаларын оқу арқылы рухани жаңғыруға бір қадам
А.Р. Рахатжан, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі
Павлодар қ.
«Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес» - деп басталады мемлекет
басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. Елбасы бастаған
Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра
алатын құдіретімен маңызды.
Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың
көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Бұл ретте, тұтас
қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті.
Біз үшін қажеттісі де құндысы – Білімнің салтанат құруы.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Мақала негізінде бүгінде атқарылған жұмыс пен атқарылар жұмыстың ауқымы
кең. Елбасымыз тіл мәселесіне ерекше назар сала, мәдениет пен әдебиетті қолдаудың
маңыздылықтарына тоқталды. Осы негізде қаламыздағы білім беру мекемелерінде рухани
жаңғыру аясында халқымыздың біршама сақталған мол мұрасы - поэзиясы, әсіресе
жыраулар, ақындар поэзиясы ерекше назарға ілігіп, қолға алынды.
516
Ұлттық поэзиямызда жұлдыздай жарқыраған таланттардың бірі өлеңмен өзі туралы
айтқандай 5 жасында-ақ желдей тасып, тоғызға қараған жасында Мұса мырзадай қоғам
қайраткерінен «Мәшһүр» атты алған аса зерек, тума талант дарыған, он бесінде біртіндеп
емес, бір түнде кеудесіне өнер өлең болып құйылып, тылсым қасиет қонған ерекше
ақындық дарынның иесі, халық ауыз әдебиетінің інжу-маржанын жинаушы, тарихшы,
шежіреші, аудармашы, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы артында аса мол мұра
қалдырған біртуар тұлға.
М.Ж. Көпеев – ауыз әдебиетін, өзіне дейінгі майталман ақындарды терең білумен
қатар, шығыс классиктерін де жан – жақты қамтып мол білім алған ойшыл ақын. Өз
шәкірттерін оқыта жүріп, әрі өлең жазған, әрі халық ауыз әдебиетін жинаған. Бұл жөнінде
академик М. Әуезов: «Ол өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып
алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін естен шығармау керек.
Сондықтан қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы
историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілу
шарт» [1, 358 б] — деп өте орынды баға берген.
Елбасының басшылығымен жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы аясында, Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығы қарсаңында Кереку – Баян өңірінде
бабамыздың сәулетті де зәулім кесененің ашылу салтанатында Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік хатшысы Оралбай Әбдікәрімов былай деді: «Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы жас ұрпаққа білім нәрін құйып, көпке тәлім – тәрбие берген жан. …Ол
шын мәнінде ағартушылық, ұстаздық қызмет атқарды. Қазан қаласында шыққан үш
кітабында ол өз халқына білім, ғылым жолындағы мақсатын айтып, ел санасының
оянуына түрткі болды. Қазан төңкерісінің қарсаңындағы қазақ ауылдары ауыр тұрмысын
және өмірін жан – жақты сараптаған ұстаз халықтың бұрынғы салт-дәстүрінің
сабақтастығын айта отырып, елдің рухы мен болмысын көтеруге ұмтылды.»[2, 4 б].
Есімі алты Алашқа мәлім Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — әлем педагогикасының
мектебі, құнды қазынасы Шығыс поэзиясының пәлсапа табиғатымен, заңдылығымен жете
таныс болған, одан күш- қуат алған, сөйте тұра ұлттық педагокикамыздың
менталитетіннде ерекше ізі, айырықша қол таңбасы қалған тәлімгер. Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлының терең мазмұнды, жарқын формадағы шығармалары бүгін де біздің
тұрмысымыздың ең зәру мәселелерін ұғынуға ықпалын тигізіп және оның мәнін түсінуге
талпынуда адам рухы қуатының бой жетпес шыңы болып табылады. Бізді бүгін
жастардың рухани, адамгершілік, ізгілік тәрбиесінің күрделі мәселелері мазаламай
тұрмайды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазіргі кезеңдегі адамға айтары көп. Қазіргі
күрделі кезеңде қоғамға өнегелік, үлгілік үлкен қадамдар жасау үшін мұғалімге де,
оқушыларға да моральды тазару және рухани қанығу керек. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
шығармаларына үңілсек, өз өзімізді, өз әлпетімізді, өз мәселелерімізді айнаға қараған
сияқты тауып көре аламыз, ағартушының педагогикалық көзқарастарынан адамға ықпалы
бар көкейтесті екені күмәнсіз.
Рухани мәдениет табыс ету мәселесінде, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқыту
мазмұнын анықтаумен - бірге білім беру әдістерін анықтауға да талпыныс жасады.
Балаларға тек дін сабағын үйретіп қоймай, оларды халық ауыз әдебиетіне,
музыкасына, қолөнеріне бейім тұратындай жан – жақты тәрбиелейді. Балалардың әр
нәрсеге зер сала білуін, ойлана сөйлеп, байыпты да тындырымды болуын қадағалайды. Ол
өз шәкірттеріне қалай тәрбие берді, оларды қалай оқытты, бұл жайында жазған ой –
толғаныстарының ақынның «Ғылым – білім» деп аталатын еңбегінде жан – жақты
айтылып, терең талданыпты: «Ақымақтың тізгіні – құлағы! Ғақылдының тізгіні – көңілі.
Ақымақ не нәрсені естісе, естігеніне қанағат қылады. Қатықтай қатып, сүттей ұйып жүре
береді. Ғақылды не нәрсені естісе, естуіне қанағат қылмайды, ғақылына салып, көңіліне
дауалауына тоқтайды» деп, жас буынды сәтті істің сыртына қызықпай, сырына, тереңіне,
ішкі астарына үңіле бойлауға үйретеді. Мәшһүр – Жүсіп қыруар өлеңдерін оқып, ғибрат
ала білген жан. Сонда ғана өнер мен білімнің таусылмас дария екеніне көз жеткізесің. М.