ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
56
12.32 Топырақтарды қатыру бойынша жұмыстарды орындауға арналған жабдықтар
мен құбырлар сыналуы тиіс:
- монтаждауды аяқтағаннан кейін қатыру станциясының аппараттары – паспортта
көрсетілген пневматикалық немесе гидравликалық қысыммен, бірақ соратын тарап үшін
1,2 МПа және жұтатын тарап үшін 1,8
МПа кем болмауы керек;
- ұңғымаға түсіргенге дейінгі қатыру бағаналары – 2,5 МПа кем емес гидравликалық
қысым.
12.33 Қатыру
арқылы топырақты жасанды бекіту аймағындағы құрылыс
жұмыстарын жобадағы мұз-топырақ қоршауының қалыңдығына жеткеннен кейін ғана
рұқсат етіледі. Жұмыс жасауға рұқсат актімен рәсімделуі тиіс.
12.34 Мұз-топырақ қоршауы бар котлованнан топырақ алуды қатырылған қабырға
жаңбыр мен күн сәулесінен қорғалған кезде ғана орындауға рұқсат етіледі.
Жұмыс кезінде мұз-топырақты қоршауды механикалық бұзылулардан қорғау
шараларын сақтаған жөн.
12.35 Топырақты қатыру және еріту процесінде котлованның мұз-топырақты
қоршауының өлшемі мен температурасын бақылау тәртібі жобада анықталуы тиіс.
12.36 Топырақтарды химиялық бекіту (силикаттау және басқалары) бойынша
инъекциялық жұмыстарда қолданылатын құбырлар, шлангтар мен инъекторлар жұмыс
қысымының жарты мәніне тең, бірақ 0,5 МПа кем емес қысыммен гидравликалық
сынақтан өтуі тиіс.
12.37 Пайдалану процесінде қысыммен жұмыс жасайтын автоклав типті силикат
дайындағыш пен басқа да құрылғыларды ҚР ҚН 1.03-10 және «Қысыммен жұмыс
жасайтын жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің
талаптарына сәйкес техникалық куәландырудан және мерзімдік гидравликалық
сынақтардан өткізу қажет.
13 БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН ЖҰМЫСТАРЫ
13.1 Бетонды дайындау, беру, төсеу және күтім көрсету, арматураны дайындау және
орнату кезінде, сонымен қатар қалыпты орнату және бөлшектеу (әрі қарай – бетон
жұмыстарын орындау) кезінде жұмыскерлерге жұмыстың сипатымен байланысты қауіпті
және зиянды өндірістік ықпалдар әсерінің алдын алу бойынша шараларды қарастыру
қажет:
- жұмыс орындарының 1,3 м және одан асатын биіктік бойынша деңгей
айырмасының жанында орналасуы;
- қозғалатын машиналар және олармен жылжытылатын заттар;
- құрылым элементтерінің қирауы;
- шу және діріл;
- электр тізбегіндегі жоғары кернеу, оның тұйықталуы адамның денесі арқылы өтуі
мүмкін.
13.2 13.1-т. көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар болған жағдайда
бетон жұмыстарының қауіпсіздігі ұйымдық-технологиялық құжаттамада (құрылысты