ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
50
Жұмыс орындарына өту үшін орларға қоршаулары бар 0,6 м кем емес енге ие
траптар немесе марштық баспалдақтар немесе сүйемелі баспалдақтар (ағаш – ұзындығы
5 м артық емес) орнатқан жөн.
11.10 Топырақ суы деңгейінен жоғары құмайтты, шаңды-сазды және жібіген
топырақтағы бекітпесіз вертикаль қабырғаларға ие орлардағы жұмысшылардың болуына
және жақын жерде жер асты құрылыстарының болмауына байланысты жұмыстарды
келесілерден аспайтын тереңдікте жүргізуге рұқсат етіледі, м:
- 1,0 – нығыздалмаған үйінді және табиғи құрылымға ие құмайт
топырақтар;
- 1,25 – құмдақтарда;
- 1,5 – саздақтар мен саздарда.
11.11 Ауаның минус 2
о
С төмен орташа тәуліктік температурасы кезінде орлардың
вертикаль қабырғаларының ең жоғары тереңдігін қатқан топырақтарда, сусымалы-қатып
қалғандарды қоспағанда, 11.10-тармақта бекітілгенмен салыстырғанда топырақтың қату
тереңдігінің мәніне, бірақ 2 м деңгейінен артық емес, ұлғайтуға рұқсат етіледі.
11.12 Топырақ суы деңгейінен жоғары үйінді, құмайтты және шаңды-сазды
топырақтардағы немесе жасанды суды азайту жолымен кептірілген топырақтардағы
бекітпесіз құламалары бар орлардағы жұмысшылардың болуына байланысты жұмыстарды
3-кестесiнде көрсетілген ор тереңдігінде және құлама тіктігінде жүргізуге рұқсат етіледі.
11.13 Бекітпелерді орнату кезінде олардың жоғарғы бөлігі ор жиегінен кемінде 15 см
шығып тұруы тиіс.
11.14 Жұмысшыларды тереңдігі 1,3 м асатын орларға жібермес бұрын жауапты
тұлға құламалардың күйін, сонымен қатар ор қабырғаларының бекітпелерінің сенімділігін
тексеруі керек.
Орларда анықталған қойтастар мен тастар, сонымен қатар топырақтың қабатталуы
жойылуы тиіс.
11.15 Жұмысшыларды ылғалдандырылған құламалары бар орларға жұмыс жасау
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлға құлама топырағының күйін және
«күнқағарлар» немесе сызаттар (қабаттанулар) анықталған жерлердегі тұрақсыз
топырақтың бұзылуын мұқият тексеріп шыққаннан кейін ғана жіберуге рұқсат етіледі.
3–кестесi - Топырақ түріне және ор тереңдігіне байланысты құлама тіктігі
Топырақ түрлері
Ордың . тереңдігі кезіндегі құлама тіктігі (оның
биіктігінің
жатысқа қатынасы), м, артық емес
1,5
3,0
5,0
Нығыздалмаған үйінді
1:0,67
1:1,00
1:1,25
Құмтас
1:0,50
1:1,00
1:1,00
Құмдақ
1:0,25
1:0,67
1:0,85
Саздақ
1:0,00
1:0,50
1:0,75
Саз
1:0,00
1:0,25
1:0,50
Орманды
1:0,00
1:0,50
1:0,50
ЕСКЕРТПЕ 1 Топырақтың бірнеше түрінің қатталуы кезінде құлама тіктігін құламаның бұзылуының
төзімділігі төмен түрі
бойынша тағайындайды;
ЕСКЕРТПЕ 2 Нығыздалмаған үйінділерге құмтастар үшін екі жылға дейінгі, шаңды-сазды топырақ
үшін бес жылға дейінгі себу ұзақтығына ие топырақтар жатады.