Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет29/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
54 
2  баллдан  артық  толқулар  кезінде  көлдер  мен  су  айдындарында  қада  жұмыстарын 
жүргізуге рұқсат етілмейді.  
12.10 Мұздан  қада  қадауға  жұмыс  өндірісі  жобасында  мұз  жабынының  төзімділігін 
қамтамасыз ететін арнайы шаралар болған кезде ғана рұқсат етіледі.  
12.11 Бұрғыланған  ұңғымалар  жұмыстарды  тоқтатқан  кезде  қалқамалармен 
жабылуы  немесе  қоршалуы  тиіс.  Қалқамалар  мен  қоршауларға  қауіпсіздіктің  ескерту 
белгілері мен сигналдық жарықтар орнатылуы тиіс.  
12.12 Дірілді  енгізгіштерді  дірілді  енгізгіштің  бастиегін  қабыққа  жалғауды 
орындайтын  жұмысшыны  орналастыруға  арналған  аспалы  инвентарлы  алаңдармен 
жабдықтау қажет.  
Алаң  төсемесінің  ені  0,8 м  кем  болмауы  керек.  Алаң  төсемі  МемСТ  12.4.059  және 
МемСТ 23407 талаптарына сәйкес сақтандырылған қоршаулармен қоршалуы тиіс.  
12.13 Түсіру  құдығының  қабырғалары  кемінде  екі  сенімді  бекітілген  аспалы 
баспалдақтармен жабдықталуы керек.  
12.14 Түсіру  құдығының  ішкі  периметрі  бойынша  қорғаныс  күнқағарларын  орнату 
қажет. Күнқағарлардың өлшемі, беріктігі және орнату тәртібі жұмыс  өндірісі жобасында 
анықталуы тиіс.  
12.15 Топырақты  химиялық  бекітуге  арналған  ерітінділер  дайындалатын  бөлмелер 
желдеткішпен  және  материалдарды  сақтауға  арналған  тиісті  ыдыстармен  жабдықталуы 
тиіс.  
12.16 Қада қадаушы және бұрғылаушы машиналарды монтаждауды, демонтаждауды 
және  жылжытуды  аталған  жұмыстарды  қауіпсіз  жүргізуге  жауапты  тұлғалардың  тікелей 
басшылығымен жүзеге асырған жөн.  
15 м/с  және  одан  да  жоғары  жел  немесе  найзағай  кезінде  қада  қадаушы  және 
бұрғылаушы  машиналарды  монтаждауға,  демонтаждауға  және  жылжытуға  рұқсат 
етілмейді.  
12.17 Қада қадаушы және бұрғылаушы машиналардың техникалық күйін (түйіндерді 
бекіту  сенімділігі,  байланыстар  мен  жұмыс  төсемелерінің  дұрыстығы)  әр  ауысымды 
бастар алдында тексеру қажет.  
12.18 Қада  қадаушы  және  бұрғылаушы  машиналардың  конструкциясын  көтерер 
алдында  олардың  элементтері  сенімді  бекітілуі,  ал  құралдар  мен  бекітілмеген  заттар 
алынып тасталуы керек.    
Горизонталь  күйде  құрастырылған  конструкцияларды  көтеру  кезінде  конструкция 
ұзындығы плюс 5 м тең радиустағы барлық басқа жұмыстар тоқтатылуы тиіс.  
12.19 Қада  қадаушы  және  бұрғылаушы  машиналардың  жұмысы  барысында  осы 
жұмыстарды  орындауға  қатыспайтын  тұлғалар  15  м  кем  қашықтықта  машиналарға 
жіберілмейді.  
12.20 Бұрғылау  және  қада  қадау  жұмыстарын  бастамас  бұрын  келесілерді  тексеру 
қажет: 
- дыбысты  және  жарықты  сигнал  құрылғыларының,  жүкті  қармап  алатын  орган 
биіктігін шектегіштің жұмысқа жарамдылығы;  
- механизмдерді  көтеруге  арналған  арқандардың  күйі,  сонымен  қатар  жүкті  қармап 
алатын құрылғылардың күйі; 
- барлық механизмдер мен металл конструкциялардың жұмысқа жарамдылығы. 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
55
 
12.21 Бұрғылау машинасын немесе коперды тексеруді, майлауды, тазалауды немесе 
қандай  да  бір  ақаулықтарын  жоюды  бастамас  бұрын  бұрғылау  құралы  немесе  қада 
қадайтын механизм түсірілуі  және тұрақты күйге қойылуы, ал қозғалтқышы тоқтатылуы 
және сөндірілуі керек.  
12.22 Бұрғылау  құралын  немесе  қаданы  түсіру  және  көтеру  ескерту  сигналын 
бергеннен кейін ғана жүргізіледі.  
Бұрғылау  құралын  көтеру  немесе  түсіру  кезінде  коперда  немесе  бұрғылау 
машинасында аталған процестерге қатысы жоқ жұмыстарды жасауға тыйым салынады.     
12.23 Қаданы  (шпунтты)  және  қада  қадаушы  балғаны  көтеруді  жеке-жеке 
ілмектермен  жүзеге  асыру  қажет.  Коперде  қаданы  орнатуға  арналған  тек  бір  ғана  ілмек 
болған  кезде  қада  қадаушы  балғаны  ілмектен  алып  тастап,  сенімді  стопорлы  болтқа 
орнатуға болады.  
Көтеру  кезінде  қада  темір  арқан  көмегімен  тербелуден  және  айналып  кетуден 
қорғалуы керек.  
Қада қадайтын балға мен қаданы бір уақытта көтеруге болмайды.  
12.24 Қадаларды  копер  негізіне  бекітілген  бұрма  блок  арқылы  копер  машинистінің 
көру шегіндегі тік линия бойынша тартуға рұқсат етіледі.  
Копермен  қадаларды  10 м  астам  қашықтықта  және  көлденең  ось  бойынша 
ауытқулармен тартуға тыйым салынады.  
12.25 Топыраққа  енгізілген  қадаларды  кесу  кезінде  кесіп  алынатын  бөліктің 
кездейсоқ құлап кетуінің алдын алатын шараларды қарастыру қажет. 
12.26 Қадалар  мен  қада  қадаушы  машиналарды  орнату  оларды  толығымен 
бекіткенге дейін үзіліссіз жүргізіледі. Оларды ілінген күйінде қалдыруға болмайды.  
12.27 Қадаларды  дірілді  енгізгіш  көмегімен  енгізу  кезінде  дірілді  енгізгіштің 
қаданың  бастиегімен  тығыз  әрі  сенімді  байланысуын,  сонымен  қатар  дірілді  енгізгішті 
ұстап тұратын арқандарың еркін күйін қамтамасыз ету қажет.  
12.28 Дірілді  енгізгішті  оны  қадаға  бекіткеннен  және  ұстап  тұрған  полиспасттарды 
босатқаннан кейін ғана қосқан жөн. Полиспасттардың босатылған күйі дірілдеткіш жұмыс 
жасап тұрған кезде сақталуы тиіс.          
Жұмыстағы әр үзіліс сайын дірілдеткішті сөндіріп қою қажет.  
12.29 Қада-қабықтарды батыру кезінде жұмысшылардың батырылатын қада-қабыққа 
дірілді енгізгіштің бастиегін немесе қада-қабықтың келесі секциясын жалғау үшін аспалы 
алаңға  қатынауына  конструкция  кранмен  батырылатын  қада-қабықтың  үстінен  30  см 
аспайтын қашықтыққа түсірілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.   
12.30 Түсіру  құдығының  пышақ  жиегінің  астындағы  топырақты  қазу  реттілігі  оның 
тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек.  
Құдық  пышағының  жиегінен  топырақты  қазу  тереңдігі  жұмыс  өндірісі  жобасына 
сәйкес анықталады.  
Топырақты құдық пышағы жиегінен 1 м төмен қазуға рұқсат етілмейді.  
12.31 Су ағыны бар жылжымалы топырақты  қазу кезінде немесе құдық пышағынан 
жоғары  осындай  топырақ  қабаттары  болған  кезде  топырақты кездейсоқ  жарып  өту  және 
құдықтың  толып  кетуі  жағдайларында  адамдарды  жылдам  эвакуациялауды  қамтамасыз 
ету жөніндегі шаралар қарастырылуы керек.       


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау