Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын
қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай бойы жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалық
немесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 25 айлық есептік
көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек
демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке
тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы
органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын
ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларында анықталады.
Қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен
қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар
жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы
бағытта болады.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің
өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1)
жұмыссыздардың;
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға
оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары
сынып
оқушыларының;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы
бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқықты:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын
жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған
жұмыссыздар пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың халықты жұмыспен қамту
орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге
асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
5.3.2. Еңбек ресурстарының
ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік
диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама
шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының
аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударуы мынадай бағыттар
бойынша:
1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу
өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жүзеге
асырылады;
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент
қаласы кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2%-дан артық өсетін және/
немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері
болып айқындалған.
Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
шешімімен айқындалады;
2) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе
жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты
жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті
төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу
орталықтарына жүзеге асырылады.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
атқарушы органдары оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы
жылға арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін ЖАО ұсыныстары және Қазақстан
Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен
оралмандардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау
мүмкіндігі туралы ақпарат береді.
Ақпаратта кәсіптер (мамандықтарды) көрсетіліп, өңірдің еңбек ресурстарына
қажеттіліктері, қоныс аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасы