басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тесеруге болатындығы);
тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Педагогикалық технологияға қатысты мәселелер жан-жақты зерттелуде. Өздерiнiң қомақты ой-пiкiрлерiмен салмақты
орын алып отырған В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, В.В.Давыдовтар технологияның түрлерiн
саралауда түрлi бағыттар ұсынады. Солардың iшiнде педтехнологияны түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко білім
беру технологияларын төмендегідей топтайды:
-қолдану өрiсiне қарай: жалпыпедагогикалық, жекепәндiк, модульдiк, тарәдiстемелiк;
-мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпыбiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық
(технократиялық), монотехнологиялық, политехнологиялық, аралық;
-ұйымдастыру түрiне қарай: сыныптық-сабақтық (альтернативтiк). академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық
оқыту тәсiлi, саралап оқыту.
Дегенмен, бiр ғана бағытпен шектелетiн монотехнология болмайтыны ақиқат. Кез келген технологияға кешендiлiк тән.
Бiрақ өзiнiң таңдаған басым бағытына орай олардың арасында өзгешелiк те сақталады, соған cай белгiлi бiр атауға ие
болады. Сонымен, технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технологияны
қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана
технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды.
педагогикалық технология салалық және локальдік деңгейлерде қолданылу болып бөлінеді.
Салалық ( пәндік) − бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен
құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымын
қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және
дамыту технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы,
жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы болып іштей жіктеледі.
Оқытуда тиімділік танытатын педагогикалық технологияларды iрiктеу мен жүйелеудiң мынадай критерийлерi
айқындалған:
технологиялардың оқыту талаптарымен үндес болуы;
технологиялардың білім алушылардың мүддесiне басымдылық беруі;
технологиялардың оқыту деңгейлерінің кез келгенiнде қолдануға қолайлылығы;
технологиялардың бiлiм сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы;
технологиялардың студент бiлiмiн объективтi
бағалаудағы тиiмдiлiгi;
технологиялардың студенттің әрекетiн белсендiруге ықпалын тигiзетiндiгi
Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты– білім алушылардың даралық тұлғасын дамыту деп санаймыз. Енді осы
ұғымға тоқталатын болсақ, педагогикалық технология техникалық және адами ресурстарды ескере отырып оқыту және
білімді меңгерудің барлық үдерісін анықтап құру және қолданудың жүйелі әдісі, сонымен бірге білім берудің жолдарын
айқындаудың бірі ретінде қарастырады.
Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде.
Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылады:
1) жалпы педагогикалық денгей–белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды;
2) жеке пәндік-әдістемелік деңгей–жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;
3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған.
Белгілі ғалым- әдіскер В.М. Монахов «Педагогикалық технология бұл оқушы мен мұғалімнің оқу үдерісін жобалап және
ұйымдастыруға бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогика-лық ісәрекетінің
үлгісі»-, деп тұжырымдайды.
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысуы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілген нәтижелермен
тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының
қажеттілігі қандай және бағалау тәжірбиесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады
деген сұрақтарға жауап іздеу.
• Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын
критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар.
Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы
бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған
қағидатты жүеге асыру:
- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды ;
- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
• Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ барлық оқу үдерісіне
қатысушылардың қызығушылығын жауапкершілігін арттырады.
Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы
және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс.
Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың
қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға
мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара