Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,88 Mb.
Pdf просмотр
бет42/100
Дата26.12.2019
өлшемі1,88 Mb.
#24983
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100

      1) төраға – ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, ал олар 
болмаған кезде жұмыс берушінің уәкілетті өкілі;
 
      2) мүшелері – ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы 
және жұмыскерлердің өкілі.
 
      2. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек 
қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде 
комиссия құрамына енгізілмейді.
 
      3. Арнайы тергеп-тексеруге:
 
      1) ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым 
оқиғалар;
 
      2) зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне 
қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне 
байланысты топтық жазатайым оқиғалар;
 
      3) қатты уланудың топтық оқиғалары жатады.
 
      4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек 
инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы 
қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде мынадай құрамда құрған комиссия 
жүргізеді:
 
      1) төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
 
      2) мүшелері – жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілі.
 
      Екі адам қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаларды 
тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік 
еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді. 
 
      Үштен бес адамға дейін қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым 
оқиғаларды тергеп-тексеруді – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес 
адамнан көп қайтыс болғанда Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия 
жүргізеді. 
 
      5. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік сипаттағы 
төтенше жағдайлар кезінде болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның 
аумақтық бөлімшесінің өкілі комиссия төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда 
мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болады.
 
      6. Комиссия құрамына сондай-ақ мыналар кіреді:
 
      1) қауіпті өндірістік объектілерде, сондай-ақ электр энергетикасы саласы 
ұйымдарында болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде – өнеркәсіптік 
қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор және 
мемлекеттік энергетикалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
 
      2) қатты улану жағдайында – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы 
саласындағы мемлекеттік органның өкілдері;
 
      3) басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның 
жұмыскерімен немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау 
үшін басқа ұйымға жіберілген жұмыскермен болған, еңбек қызметіне байланысты жазатайым 
оқиға кезінде – аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілі.
 
      7. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті 
шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
 
      8. Жұмыс беруші жеке тұлғада болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны 
тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілеттік берілген өкілі, жұмыскерлердің 
өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де тартылуы мүмкін еңбекті 
қорғау жөніндегі маман қатысады.
 
      9. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-
тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ғылыми-зерттеу ұйымдарының және бақылау-қадағалау 


органдарының мамандары арасынан сараптамалық кіші комиссияларды жұмыс берушінің қаражаты 
есебінен құруға құқылы.
 
 
 
   189-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру 
тәртібі 
      1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия 
құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. 
 
      Тергеп-тексеруді белгіленген мерзімде аяқтауға объективті кедергі келтіретін мән-
жайлар туындаған кезде тергеп-тексеру мерзімдері комиссияның хаттамалық шешімімен он 
жұмыс күніне екі реттен асырмай ұзартылуы мүмкін.
 
      2. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға уақтылы хабарланбаған еңбек 
қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның немесе оның өкілетті 
өкілінің өтініші бойынша өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тергеп-
тексеріледі.
 
      3. Комиссия әрбір тергеп-тексеру жағдайында оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және 
олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен 
адамнан түсініктеме алады. 
 
      4. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлардан, 
куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссия жұмыс істеп жатқан 
күндерде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы еңбек қызметіне байланысты 
жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым 
салынады. 
 
      5. Комиссия жиналған құжаттар мен материалдар негізінде еңбек қызметіне байланысты 
жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін айқындайды, жазатайым оқиғаның жұмыс 
берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамның оқиға 
орнында болуы оның еңбек міндеттерін орындауы екені түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым 
оқиғаны еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде немесе еңбек қызметіне 
байланысты емес жазатайым оқиға ретінде сыныптайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды айқындайды және өндірістегі еңбек 
қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі 
шараларды белгілейді.
 
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне 
байланысты жазатайым оқиғаны, зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық 
дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан көп жұмыскер ұшыраған топтық жазатайым 
оқиғаны және жұмыскерлердің топтық қатты улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша арнайы тергеп-тексеру актісімен 
ресімделеді.
 
      7. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған еңбек қызметіне байланысты 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 
уәкілетті органның тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
 
      8. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган еңбек 
қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының 
талабы бойынша тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін көлік оқиғасы болған күннен 
бастап бес күн мерзімде беруге міндетті.
 
      9. Режимдік объектілердегі еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерде болуға арналған 
рұқсаттың ерекшеліктері ескеріле отырып айқындалады. 
 
      10. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, авариялардың, қираудың, өрттің және басқа да 
жағдайлардың салдарынан зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды 
(жоғалған адамдарды) іздеудің аяқталуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия 


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау