жұмыс орнына;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек,
ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш
құралдарымен қамтамасыз етілуге;
3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек
жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу
туралы өтініш білдіруге;
4) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға
байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өзі немесе өз өкілі арқылы қатысуға;
5) жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен
қамтамасыз етпеген жағдайда және денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал
туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде
хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін
қауіпсіз орындау үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының
жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, денсаулығына зақым келу
тәуекелі туралы, сондай-ақ оны зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың
әсерінен қорғау жөніндегі шаралар
туралы анық ақпарат алуға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуіне
байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына құқығы
бар.
2. Жұмыскер:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, қағидалардың және
нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға;
2) жұмыскерлердің әрбір өндірістік жарақаты және денсаулығының өзге де зақымдануы,
кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен
денсаулығына қатер төндіретін ахуал туралы жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға
дереу хабарлауға;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті
алдын ала және мерзімдік медициналық қарап тексеруден, сондай-ақ ауысым алдындағы,
ауысымнан кейінгі және өзге де медициналық
куәландырудан өтуге;
4) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда,
сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан кезде профилактикалық медициналық қарап тексеруден
өтуге;
5) мүгедектіктің белгіленгені немесе денсаулық жағдайының еңбек міндеттерін
жалғастыруға кедергі келтіретіндей өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын мүлтіксіз қолдануға
және оларды мақсат бойынша пайдалануға;
7) мемлекеттік еңбек инспекторының, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық
инспектордың, ішкі бақылау мамандарының талаптарын және медициналық мекемелер ұсынған
емдік және сауықтыру іс-шараларын орындауға;
8) жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудан, нұсқау алудан және
білімдерін тексеруден өтуге міндетті.
182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс берушінің:
1) жұмыскерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға
жәрдемдескені, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық
ұсыныстары
үшін ынталандыруға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын
жұмыскерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік
жауаптылыққа тартуға;
3) жұмыскерден өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды
мүлтіксіз сақтауды талап етуге;
4) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында және жұмыс берушінің
актісінде көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық қарап тексерулерге меншікті
қаражаты есебінен жіберуге құқығы бар.
2. Жұмыс беруші:
1) профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді
неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру арқылы жұмыс орындарында және
технологиялық
процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;
2) жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін тексеруді өткізуге, сондай-ақ меншікті
қаражаты есебінен өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі
құжаттармен қамтамасыз етуге;
3) жұмыс берушінің актісімен бекітілген тізімге сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті
орган
белгілеген тәртіппен, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда
үш жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен басшы жұмыскерлер мен еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және олардың білімдерін тексеруді
ұйымдастыруға;
4) жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің арнайы
киімі мен
аяқкиімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және
дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен немесе бірдей тамақ
өнімдерімен және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған
арнайы өнімдермен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен
жабдықтауды қамтамасыз етуге;
5) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 483-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің өздері үшін белгіленген шекті
нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына жол бермеуге;
7) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын заттарды қолымен
көтеруіне және жылжытуына жол бермеуге;
8) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді,
есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;
9) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы жөнiндегi
жергілікті органға, жұмыскерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салуы бойынша еңбек
жағдайлары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйiнің мониторингі үшін қажеттi
ақпаратты тоқсанына бір рет беруге;
10) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге;
11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын және қорытындыларын орындауға;
12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен қағидаларға сәйкес
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік аттестаттауды жұмыскерлер
өкілдерінің қатысуымен бес жылда
бір реттен сиретпей өткізуге;
13) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек
инспекциясы жөнiндегi тиісті жергілікті органға бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық
жеткiзгiштерде ұсынуға;
14) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан сақтандыруға;