5) жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
6) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
7) жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, жұмыскердің
сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін
жоққа шығаратын
лауазымға тағайындалуы;
9) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы болып табылады.
50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі
1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға ниет білдірген, еңбек шартының
бір тарапы еңбек шартының екінші тарапына хабарлама жібереді.
Хабарламаны алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім
туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні жұмыскер мен жұмыс
берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.
3. Еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша жұмыс берушінің осы баптың 2-
тармағында белгіленген талаптарды сақтамай, өтемақы төлемін алумен еңбек шартын бұзу
құқығы көзделуі мүмкін, оның мөлшері еңбек шартында айқындалады.
51-бап. Еңбек шартын мерзiмi өткеннен кейін тоқтату тәртібі
1. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне байланысты
тоқтатылады.
2. Егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек
шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы
медициналық қорытынды ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған
және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз
құқығын пайдалануға ниет
білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа, еңбек
шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек шартының
мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті.
3. Белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шартының мерзiмi өткен
күн жұмыстың аяқталған күні болып табылады.
4. Уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң
өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнi болып
табылады.
52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері
1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша:
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі
тоқтатылған;
2) жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған;
3) жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс,
орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтер көлемі төмендеген;
4) аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан
жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
5) өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымның еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеген;
6) жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін және оны жалғастыру мүмкіндігін
болғызбайтын денсаулық жағдайының салдарынан жұмыскер
атқаратын лауазымына немесе
орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
7) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі теріс болған;
8) жұмыскер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да
көп сағат бойы жұмыста болмаған;
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық
(соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік,
есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас)
жағдайын туғызатын заттарды
пайдаланған;
10) тиісті актімен расталған, алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық
жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан
өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп
соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі
қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс
орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе
бүлдірген;
13) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін жұмыскер кінәлі
әрекеттер
жасаған немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс
берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса;
14) тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен
сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік
құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап
орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа
жұмысқа ауысудан бас
тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа
ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер
ұсынған;
18) жұмыс берушіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, жұмыс берушінің
атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі (жұмыс
берушінің актісінде айқындалған
жұмыс берушінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де
бөлімшелері) басшысының еңбек міндеттерін бұзған;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жұмыскердің
мемлекеттік құпияларға берілген рұқсаты тоқтатылған;
20) жұмыскер жүктілігіне және босануға байланысты демалыста болған, сондай-ақ егер
ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке
қабілетсіздіктің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген
аурулар тізбесіне енгізілген
жағдайларды қоспағанда, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі
айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
Өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке
қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі
қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда,
жұмыскер заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын
сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасаған;
22) соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы шешімі
жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кейін ол ереуілге қатысуды жалғастырған;
23) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның
(органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен атқарушы орган
басшысының, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы мүшелерінің, сондай-ақ "Акционерлік