демалысты
ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз
ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам
өлтіргені, денсаулыққа қасақана
зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және
имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін,
экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе
болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының
негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды
жұмысқа орналастыруға жол
берілмейді;
4) Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес
әйелдерді ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға;
5) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары
зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа
орналастыруға жол берілмейді.
27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі
Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:
1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп
немесе
лауазым бойынша орындауы;
2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы;
3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының
ерекше белгілері болып табылады.
28-бап. Еңбек шартының мазмұны
1. Еңбек шартында:
1) тараптардың деректемелері:
жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және
тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың
атауы, нөмірі және берілген күні;
жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);
жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша
тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген
күні,
жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек
функциясы);
3) жұмыстың орындалатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе)
қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен
жеңілдіктер;
9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12) тараптардың жауаптылығы;
13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
2. Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке мүмкіндіктерін
ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.
3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
29-бап. Бейбәсекелестік туралы шарт
1. Тараптардың келісімі бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бейбәсекелестік
туралы шарт жасалуы мүмкін, онда жұмыс берушіге нұқсан
келтіруі ықтимал әрекеттерді
жүзеге асырмау туралы жұмыскердің міндеттемесі көзделеді.
2. Бейбәсекелестік туралы шартта оларды қабылдау шектері мен жағдайлары
белгіленеді, сондай-ақ бейбәсекелестік туралы талап Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы жағдай қолданылатын кезеңге өтемақы
белгіленуі мүмкін.
3. Бейбәсекелестік туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскер атқаратын немесе орындайтын
лауазымдардың және жұмыстардың тізбесі жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
30-бап. Еңбек шартының мерзімі
1. Еңбек шарты:
1) белгіленбеген мерзімге;
2) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайлардан
басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан
кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.
Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы
жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе,
осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын
жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі.
Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін
ұзартудың саны екі реттен аспайды.
Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған
деп есептеледі;
3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексінің
204-
бабынан
қараңыз.
6) жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік жұмыскерге
жұмысқа орналасуға берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші
көшіп келушіге
берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде
жасалуы мүмкін.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы баптың 1-
тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса алады.
3. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты мемлекеттік органның
басшысы айқындайтын мерзімге жасалады.
4. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не
заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға заңды тұлғаның
атқарушы органының басшысымен еңбек шартын Қазақстан Республикасының заңдарында,
тараптардың құрылтай құжаттарында немесе келісімінде белгіленген мерзімге және тәртіппен
жасасады.