5.
ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
реформаларынсыз білім беру секторында тиімді өсудің мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз
етпейді деп белгілеп өтуге болады.
Мектеп деңгейінде ақпаратты белсенді ашу
Қазақстан білім беру бойынша мектептердің және жергілікті атқарушы органдардың
бюджеттері туралы ақпаратты қоса алғанда, мектептердің және жергілікті атқарушы органдардың
деңгейінде қызмет туралы ақпараттың таралуын жақсартуы қажет. Сол бір уақытта, есептерді
тарату есептілік процесіндегі тағы бір ауыртпалық міндет сияқты түсінілуі мүмкін, білім беру
саласындағы бақылау органдарына (дәлірек айтқанда, Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитеті) ата-аналар мен сайлаушылар олардың қоғамдастығындағы мектептер қалай жұмыс
істейтіні және мектептердің ресурстары қалай пайдаланатыны туралы білу үшін бірыңғай, ұлттық
деңгейде қабылданған форматты пайдалануға мүмкіндікті қарастыру керек. Бұл кең жұртшылық
үшін түсінікті тілдегі аттестаттау туралы есептің жариялымын қамтуы мүмкін (4-Тарауды
қараңыз). Бұл есепте жасырын ақпараттың жариялық релизі, мысалы мектепті аттестаттау туралы
есепте көрсетілетін бұзушылықтарға жауапты адамдардың аттары көрсетілмеуге тиіс. Осылайша,
мектеп директорлары мектептің қызметі және қаржы жоспары туралы өзінің есептерін, дәл
сонымен айқындылықты арттыра отырып оларды веб-сайтта немесе мектептің ақпараттық
тақтасында түсінікті тілде таратуға тиіс.
Мектептің «үлгерімдік жиынтық табелі» - айқындылықты жақсартудың тағы бір тәсілі.
Бірнеше елдер ата-аналар мен жергілікті жұртшылықты мектептің қалай жұмыс істейтіні туралы
хабардар етуі үшін мектептің «үлгерімдік жиынтық табельдерін» жұртшылыққа жариялайды.
Мұндай «үлгерімдік жиынтық табельдері» оқушыларды мектеп деңгейінде оқытудың нәтижелері
(мысалы, стандартталған ұлттық бағалаушы құралдарда негізделген қосымша оң шаралары),
оқушылар контингентінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары және мектепте бар болған
ресурстары туралы ақпарат сияқты осындай ақпараттарды қамтиды. Пәкістанда мектептік
жиынтық табель және оқушылардың үлгерімдік табелі жұртшылыққа және ата-аналарға қол
жетімді болатын эксперимент жүргізілді, онда 3 сыныпқ оқушыларының өз көрсеткіштерін
стандарттық ауытқудан 10%-ға жақсартқаны белгіленді (Андраби и Хваяа, 2009). Бангладеште
улгерімдік жиынтық табелі бастапқы мектептегі заңсыз қаржы жинау туралы ақпаратты ұсынады
(Кәрім, 2004). «Үлгерімдік жиынтық табель» бағдарламасының
тиімділігі әлі талқылануда, өйткені
көптеген ауқымды бағдарламалар мұқият бағаланбаған. Бразилия штаты Паранда үлгерімдік
жиынтық табелі 1999 жылдан бастап 2002 жылға дейін қолданыста болған, бірақ егжей-тегжейлі
бағаланбаған еді (Брунс және басқалары. 2011). Чилиде бағдарлама ата-аналар мен жұртшылықты
олардың жергілікті мектептері туралы хабардар етті, аталған бағдарлама оқушылардың үлгеріміне
ықпал ету тиімділігін бағалауға ұшырамаған (Мизала и Уркиола, 2007). Алайда осы үлгерімдік
табелі білім беру саласында саяси шешімдерді қабылдау үшін құрал ретінде жүзеге асырылғанда,
жоғары сапалы деректерлердің бар болуымен айқындалады және мектептің оқушылар үлгеріміне
нақты салымы туралы жұртшылықты хабардар етуге ықпал етеді.
Жұртшылықтың мектептер қызметіне бюджеттік айқындылыққа қосымша ретінде
қатысуын мектеп деңгейінде күшейту
Жалпы, бюджеттің айқындылығы оң мемлекеттік саясат болып табылады, ол мектептердің
ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен ұтымдылығын арттырады деп есептелінеді. Ресурстар
жайылып кететін елдерде бюджеттің айқындылығы жайылуларды төмендетіп, мектептерге
ресурстардың ағымын жақсартты (Рейника
және Свенссон, 2005). Бірақ айқындылық пен есептілік
бастамаларының ықпалы туралы жақындағы жүргізілген шолу білім беру саласында мұндай
бастамаларды жүзеге асырған біршама елдерді анықтады, және сәйкесінше, оқыту нәтижелеріне
ықпал ету дәлелдемелері аз (Макги және Гавента, 2011). Салыстырма үшін, Сальвадорда,
Камбоджде, Аргентинада мектептердегі шешімдерді, соның ішінде бюджетті пайдалануға қатысты
шешімдерді қабылдау процесінде қоғамдастықтардың қатысуы оқушылардың оқу жетістіктеріне
қолайлы ықпал етті деп дәлелденген (Дүниежүзілік Банк, 2003).
Осы мәнмәтінде олардың отбасы мүшелеріне білім беру және ресурстар мәселесінде олардың
әлеуетін арттыруға оқытуды ұсына отырып, қамқоршылық кеңестердің пайдалылығын одан әрі
5. ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
арттыруы мүмкін. Қамқоршылық кеңестер мектеп деңгейінде белгіленген тәсілге байланысты
күнделікті жұмыс істемейтінге ұқсайды. Қамқоршылық кеңестердің пилоттық сипаты және
оларды бүкіл елге таратуға қатысты айқынсыздығы жұмыстың формальды хаттамасының
жоқтығын куәландырады. Қамқоршылық кеңестер республикалық және жергілікті органдардан
көп басқарушы қолдау алуға тиіс. Олардың мүшелерін іріктеуге, дәлірек айтқанда кеңестерге
қажетті өкілеттіктердің саласына жіті назар аудару керек. Бұдан басқа, қамқоршылық кеңестердің
жұмыс істеуін жақсарту үшін республикалық және жергілікті органдарға, олар мектептердің
қаржылық жоспарларын талқылап, талдау үшін олардың әлеуетін дамыту қажет. Әлеуетті дамыту
бойынша іс шаралар: (i) айқындылық пен есептіліктің бар болған механизмдерін түсіну; (ii)
мектептердің ресурстарын пайдалану мониторингі; (iii) жергілікті органдардан тәуелсіз жұмыс;
(iv) білім беру ресурстарын пайдалануда әділдік пен тиімділік мәселелерін түсіну сияқты
бағыттарда қамқоршылық кеңестердің білімдерін арттыруға бағытталуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктердің жолын кесу және қысқарту
Ресурстарды дұрыс емес пайдалану және сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді қысқарту
ең басты басымды міндет болуы керек. Егер, сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді
қысқартпаса, бұл ресурстарды пайдалану тиімділігіне және айқындылық пен есептілік рәсімдерін
қолдануда қауіп төндіретін болады және әділдікке зиян келтіруі мүмкін. Шын мәнісінде, егер,
білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоймаса, онда ресурстарды пайдалану тиімділігін
жақсарту әрекеттері маңыздылығын жоғалтады. Алайда айқындылық пен есептілік жүйесін
жақсарту жүйедегі сыбайлас жемқорлықты азайту үшін бір жақты тәсіл болып табылады. Білім
беру жүйесін жақсарту үшін ресурстарды дұрыс емес пайдалануда қолданылатын мүмкіндіктер
мен олқылықтарды қысқарту жөнінде қосымша саясат қажет. Мұндай тәсіл ресурстарды
пайдалану мониторингінің және айқындылық пен есептілік жүйелерін жүзеге асыру арасындағы
балансты қажет етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында билік мұндай жағдайларды анықтауы,
шығындар туралы хабардар етуі және қызметтік әшкерелеуді ынталандыруы қажет. Сыбайлас
жемқорлықтың себептері экономикалық проблемаларда, заңнамада және өлшемдерде (яғни,
айқынсыздық, толықсыз, өте қиын, белгісіздік), мәдениетті тәжірибесінде, әлсіз мемлекетті
басқаруда (әлеует, бақылау) және заңдардың сақталуын қамтамасыз етуде және қоғамдастықтың
төмен деңгейде қатысуында болуы мүмкін. Ұлттық және жергілікті органдар негізгі мүдделі
тараптарды хабардар ету және ағарту, қоғамдастықты тарту және жұмылдыру жолымен сыбайлас
жемқорлықты анықтауға деген көп жақты тәсілді қабылдауы мүмкін. Қазақстан Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің (Қаржы
полициясы) жұмысына негізделе отырып, білім беру саласындағы бұзушылықтармен ағымдағы
жағдайды анықтау үшін сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізілген өзінің зерттеулерін қолдануы
мүмкін. Алайда саясатты әзірлеушілер оларды тағы бір зерттеуді жүргізу үшін емес, шешімдерді
қабылдау кезінде пайдалану үшін зерттеулердің деректерлерін дәйекті талдап, әрі қарай жүруі
қажет. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін
азайту қажет, мысалы мұғалімдердің
этикасын әзірлеп, мүдделердің әлеуетті дауын анықтау және дұрыс емес есептілікті ұсынуға
ынталарды қысқарту үшін нормативтік құжаттарды қайта қарастыру керек. Бухгалтерлік есеп,
шығындарды қадағалау, ақпараттық басқару бойынша тиісті оқытудың және құралдардың және
бақылау механизмдерінің көмегімен әлеуетті дамыту да теріс пайдалануларды анықтауға ықпал
ететін болады. Кеңінен талқылағанда, айқындылықты арттыру, қаржылай операцияларды
компьютерлеу және автоматтау адамдардың әлеуетті араласуын төмендетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимылдардың Стамбулдық жоспарының
(IAP) шеңберінде дайындалған жақын арадағы
ЭЫДҰ есебінде белгіленгендей, Қазақстанға негізгі
мүдделі тараптарды тартумен, мемлекет сыбайлас жемқорлық саласында кездесетін негізгі
проблемаларды айқындайтын мақсатты шаралары мен мақсаттарды анықтаумен сыбайлас
жеқорлыққа қарсы күрес бойынша жаңа стратегияны жақсылап тұжырымдау қажет деп
белгіленген (ЭЫДҰ, 2014). Дәлірек айтқанда есепте мына ұсыныстар қамтылған:
i) сыбайлас
жеқорлықтағы айыптауды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;
ii) заңды тұлғалардың
сыбайлас жемқорлық үшін нақты және тежеуші жауапкершілігін қамтамасыз ету;
iii)
прокурорлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандығын құру;
iv) халықаралық стандарттарға