5.
ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Мектептер және басқару органдарының деңгейінде аз ақпарат белсенді таратылады
Мектеп бюджеті туралы ақпараттың ашықтығын жақсарту үшін мүмкіндік бар. Мектептер
мен жергілікті білім органдарының бюджеттері сұрауы бойынша ұсынылуы мүмкін, бірақ бюджет
баптары бойынша шағын ғана түсініктемені қамтитын қолданылатын форматты ата-аналар мен
азаматтарға түсіну және мектептердің есеп берушілігін қамтамасыз ету қиын. Мектеп бюджетінде
кейбір баптар ескерілмейді, мысалы, заттай нысанда сыйлықтар және қайырмалдықтар. Аудандық
деңгейде мектептердің жекелеген бюджет есептерін біріктіру облыстық және республикалық
органдарға мектеп деңгейінде талдау жүргізуге кедергі жасайды.
Мектеп бюджетінде ескерілмейтін ата-аналардың жарналарына қатысты айқындылықты
арттыру төрт себеп бойынша пайдалы болушы еді. Біріншіден, бұл барлық шығыстардағы
мұқтаждықты жақсырақ бағалауға, сондай-ақ отбасыларға қандай жақсы
өзгерістердің жасалғанын
түсінуге және мектеп деңгейінде болашақ қажеттілігін айқындауға мүмкіндік берер еді.
Екіншіден, білім беру органдарына стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде осы жарналарды
ескеруге мүмкіндік беруші еді. Үшіншіден, осы ақпараттық жарияланғаны
есеп берушілікке әсерін
тигізеді алады: ата-аналар бірлестіктерінің қаржы есептерін және қаржылық басқару туралы
есептерді нақты, уақытылы және кеңінен тарату білім беру органдарына және ата-аналарға бұл
бірлестіктердің есеп берушілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді. Ең ақырында,
айқындылықты арттыру осы кеңінен таралған құбылысты қалпына келтіріп, осылайша, оның
әлеуетті келеңсіз салдарын шешу үшін саясат шараларын жүзеге асыруға ықпал етуші еді.
Ресурстарды пайдалану мониторингінде қамқоршылық кеңестерінің рөлі әлі даму үстінде,
алайда олардың болуы мектеп деңгейінде айқындылық пен есептілік рәсімдерін жақсарту үшін
мүмкіндіктерді ашады. Қамқоршылық кеңестерінің жұмысы туралы жуырдағы есепте
белгіленгендей, олардың өз функциясының және қалай әрекет жасау керектігі туралы нақты және
жалпы түсінігі жоқ болса керек (Сандж-ФСК, 2013).
Ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде ресурстардың таратылуы одан да бетер айқын
болуы мүмкін
Жергілікті атқарушы органдардың мектептер арасында ресурстарды тарату кезінде шешімді
өз қалауынша қабылдау құқығы бар, тіпті, егер, теориялық тұрғыдан, олар нормативтік
талаптарды сақтауға тиісті болса да. Жергілікті деңгейде бюджет айқындылығы жоқ, себебі
көптеген мектептердің орталықтандырылған есепке байланысты жеке өздерінің бюджеті жоқ;
және бюджет туралы ақпарат әдетте ата-аналарға және мектеп директорына ашылмайды.
Облыстық және аудандық деңгейлерде жылдық бюджеттік процесс төңірегінде қоғамдық
консультациялар өткізіледі. Жалпы алғанда, Қазақстанда халық ұлттық органдардың бюджеті мен
қаржы қызметі туралы ақпараттың тек бір бөлігін ғана алады (Халықаралық бюджеттік әріптестік,
2012). «Сандж» зерттеулер орталығы Қазақстанда 2005 және 2010 жылдар жүргізген екі зерттеу
көрсеткендей, Қазақстанда Бюджеттің ашықтық индексіне сәйкес бюджет құжаттарын жариялау
саласын жақсарту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Қазақстан 100-ден 38 ұпай жинады, бұл
нәтиже мемлекеттік бюджеті және мемлекеттік қаржы әрекеттері туралы ақпараттың өте аз
екендігі туралы куәландырады (Халықаралық бюджеттік әріптестік, 2010). Бюджеттегі
айқындылықтың тежемелігі мен тепе-теңдігісіз, кейбір мектептер тиісінше негіздемесі болмай,
басқа мектептерге қарағанда, көбірек қаражатты алуы мүмкін, бұл бір аудан не облыс ішінде
қаражаттың әділ емес таратылуына әкеледі (Дүниежүзілік банк, 2013а). Осы біржақты өкілеттіктер
бюджеттің қайта таратылуы жергілікті деңгейде шешімдерді қабылдау бойынша қаржы
департаменттерінің өкілеттіктеріне байланысты қажеттілікті дұрыс бейнелемейтініне әкеп соғады.
Көптеген елдерде шектелген ресурстардың тиімді және мақсатты қолданылуын қамтамасыз ету
үшін айқындылықты арттыру бойынша шаралар қабылдануда.
Бүкіл жүйеде ресурстарды дұрыс бөлмеу үшін мүмкіндіктер бар
Айқындылық пен есеп берушіліктің осал тетіктері білім жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде,
сондай-ақ басқа салаларда ресурстарды теріс пайдалану үшін мүмкіндіктерді ашады.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы
5. ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
полициясы) деректеріне сәйкес, 2013 жылдан бастап Қазақстанда 1,5 млрд. астам АҚШ доллары
жұмсалды. Бүкіл білім беру жүйесінде ресурстарды дұрыс емес пайдалану үшін мүмкіндіктер бар.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны мектепке дейінгі мекемелерде орындарды
беруге, тамақтандыру жүйесіне, директорларды тағайындауға байланысты төменгі деңгейлерде
өсіп кетті (TengriNews, 2014). 2013 жылы Қазақстан алғаш рет «TransparencyInternational»
дүниежүзілік сыбайлас жемқорлық барометріне енгізілді. Шамамен респонденттердің 55% білім
беру жүйесінде «сыбайлас жемқорлықтың таралғанын» немесе «қатты таралғанын» белгіледі. Бұл
полициядағы (66%) немесе сот жүйесіндегі (63%) көрсеткіштермен салыстырғанда, төмендеу,
бірақ қызметтердің басқа секторларына (мысалы, денсаулық сақтау) немесе топтарына (мысалы,
парламент, шенеуніктер, бұқаралық ақпарат құралдары) қарағанда, айтарлықтай жоғары. 31%
респондент өздерінің не олардың отбасындағы мүшелердің алдынғы 12 айдың ішінде білім беру
қызметтері үшін параны бергенін айтты. Бұл көрсеткіш, тек полиция мен жер қызметтерінен ғана,
төменірек. Пара беру себептері мынадай: тарту не алғысын білдіру (39%), қызметтің алынуын
тездету (33%), қызметті алу (19%), төмендеу бағаны алу (8%).
Сыбайлас жемқорлық мәселелері өте маңызды, себебі халықтың қауқарсыз топтарына ерекше
зиян тигізіп және біреуді үнемі сүйемелдеу, парақорлық және алдау сияқты
құндылықтардың және
қатынастардың дамуына ықпал етіп, тиімділік пен өнімділікке қатер төндіруі мүмкін. Әдеттегідей,
елдің сыбайлас жемқорлық деңгейі халықаралық бағалау бағдарламалары бойынша нәтижелерге
тура пропорционалдық болып табылады. Одан басқа, білімге мемлекеттік шығыстарды көбейту
сыбайлас жемқорлыққа ең аз шалдыққан және өте сапалы мемлекеттік аппараты бар елдерде ғана
бастауыш білімін аяқтау деңгейінің айтарлықтай артуына алып келеді.
Заңнамадағы олқылықтар ресурстарды дұрыс емес пайдалану және теріс пайдалану үшін
мүмкіндіктерді жасайды. Олқылықтар мониторинг тетіктерінің және айқындылықтың қорғау
шараларының айналасында айналма жолы болғанымен, сарапшылар кездескен мүдделі тараптар
мұндай жағдайларды сыбайлас жемқорлық әрекеті ретінде санамайтын еді. Ресурстарды дұрыс
емес пайдалану үшін мүмкіндіктер орталықсыздандырылған және көптеген мүдделі тараптарға
қолжетімді болды, бұл жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлық үшін жаңа мүмкіндіктердің пайда
болуына әкелді (ЮНЕСКО / IIEP, 2007).
Сапасыз қызметтер артықшылықтарды алудың ресми емес әдістерінің пайда болуына әкеледі.
Білімді не дипломды алу үшін төленетін заңсыз төлемдер барлық деңгейлерде білім процесін
бұрмалайды (ЮНЕСКО / IIEP, 2007). Мұндай төлемдер кедейлерге қатты ауыртпалық болып
табылады және оқуды тәмәмдаған соң болашақта жұмысқа орналастыру үшін салдары бар. Ал ең
маңыздысы, халық, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейіне шағымданғанымен, пара беру
арқылы қандай да бір мәселелерді шешудің не қызметтерді алудың бейресми және тез әдістерін
артық көреді.
Саясат жөніндегі ұсынымдар
Мектептердің басшы кадрларының басқарушылық дағдыларын күшейту
Ресурстар менеждменті саласында әлеуетті барлық деңгейде дамыту дербестікті жоғарылату
үшін міндетті алдын алу шарты болып табылады. Ресурстар менеджменті саласында әлеуетті
арттыру үшін жергілікті деңгейде арнайы оқыту бағдарламаларын әзірлеу қажет. Мектептердің
басшылары үшін бұл ресурстар менеджментіне оқытуды басшы кадрларды дайындау
бағдарламаларына қосуды білдіреді (4-Тарауды қараңыз). Ресурстар менеджменті бойынша
курстар жергілікті атқарушы органдары үшін де пайдалы болатын еді.
Бұдан басқа, мектептерді басқарудың барлық деңгейі үшін (мектептердің басшылары,
аудандық шенеуніктер, облыстық шенеуніктер) және білім берудің әртүрлі деңгейі үшін (мектепке
дейінгі, бастапқы, жалпы орта, кәсіптік) қаржы қызметі және мектептердің менеджмент әдістері
бойынша нұсқаулықтар қажет, олар әзірленіп, кеңінен таралуы тиіс. Уақыты келе, Министрлік
барлық мүдделі тараптардың әртүрлі қажеттіліктерін айқындайтын нұқсаулықтар жиынтығын
әзірлеуі тиіс болады. Мұндай нұсқаулықтардың тақырыбы қаржылық басқаруды, соның ішінде