4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті дамыту орталығы және оның өңірлік бөлімшелері жұмыстан
босатпай, басшы кадрларды даярлау курстарын әзірлеу және жүзеге асыру үшін жауап береді.
Негізі, бұл курстардың мазмұны: i) білім беруде басқару теориясы мен әдістемесіне; іі)
Қазақстандағы білімнің ахуалына; ііі) білімдегі басқару әдістеріне; iv) мектепті басқару теориясы
мен әдістемесіне, және v) мектепті басқарудың қазіргі заманғы әлеуметтік және мәдени
аспектілеріне арналған (АТО, 2014). Соңғы жылдары озық мектептерде тағылымдамадан өтуді,
интерактивті және ақпараттық технологиялардың қолданылуын, қашықтықтан оқыту курстарын
ұсыну арқылы кеңейтілген қолжетімділікті қоса алғанда, практикалық бөлігін енгізу бойынша
шаралар қабылдануда АТО, 2014).
2013 жылы «Өрлеу» ҰБАО біліктілікті арттыру курстарына 2 638 мектеп басшысы
қатысты, олардың 557 (8%) расында да мектеп директорлары болған (АТО, 2014). Бұл мектеп
директорының өзінің жұмыс тәжірибесінің 12 жылында оқу курстарына орташа есеппен бір рет
қана қатысатынын білдіреді. Министрлік деректеріне сәйкес, мектеп директорларының тек 56%
ғана 2012 жылы басшы кадрлар үшін тереңдетілген оқу курстарынан өткен (АТО, 2014). «Өрлеу»
ҰБАО курстарына басқа қатысушылар оқу жұмысы жөніндегі 854 орынбасарды, 595 әдістемелік
бірлестік жетекшілерін, тәрбие жұмысы жөніндегі 487 орынбасарды, бастауыш сыныптар
бойынша 105 орынбасарды, 40 әлеуметтік педагогты қамтыған (АТО, 2014).
Назарбаев университетімен бірге «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы да мектеп басшылары үшін кәсіби даму бағдарламаларын жүзеге асырады.
Кембридж университетінің қолдауымен (Ұлыбритания) Орталық өзінде теориялық және
практикалық даярлықты қамтитын, 9-айлық инновациялық оқу бағдарламасын әзірледі. Жалпы
бағдарлама 640 сағат бойы жүргізіледі, олар мынадай кезеңдерге бөлінген: і) кіріспе «бетпе бет»
оқуы (160 сағат); іі) нұсқаушының қолдауымен практикалық оқу (80 сағат); ііі) бар білімін
тереңдету және толықтыру үшін «бетпе-бет» оқыту, мектеп басшыларын талдау және бағалау (160
сағат); iv) нұсқаушының тікелей қолдауымен мектептегі тағылымдама (240 сағат). Бағдарламаның
басты мақсаттары: і) мектептің қазіргі заманғы басшысының рөлі мен мақсатын түсінуді дамыту;
іі) көшбасшылық және басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент және болжамдау саласында
басты құзыреттерді қалыптастыру; ііі) мектеп басшыларына өз қызметін, мұғалімдер мен
оқушылардың қызметін жақсарту үшін машықтарды, әдістемелерді, нысандар мен әдіс-тәсілдерді
көрсету; iv) анна-аналармен және жергілікті халықпен ынтымақтастықты дамыту үшін көшбасшы
дағдыларын дамыту. 2013 жылы бұл бағдарламаға бар болғаны 250 мектеп директоры мен
директор орынбасары қатысқан еді. Сондай-ақ Орталық 2013 жылы НЗМ кейбір инновациялары
бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылған 35 мектептің шамамен 70 мектеп басшысы үшін
бес айлық бағдарламаны (маусымнан бастап қазанға дейін) ұйымдастырды. Бағдарлама кіріспені,
бір бөлігі – қашықтықтан оқыту нысанында, басқа бөлігі – НЗМ-де практиканы байқау түрінде
басшы кадрларды шетелде даярлау курсын және қорытынды жобаны қамтыған (НЗМ, 2013).
Бағалау жүйелері
Оқушыларды бағалау
Оқушылардың үлгерімі көптеген құралдардың көмегімен бағаланады, сыртқы ұлттық
емтихандардан бастап сыныптағы ағымдағы күнделікті әдеттегі бағаға дейін. Ұлттық деңгейде
2012 жылдан бастап 9-сыныптарда іріктеу аясында Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ)
өткізіледі, оның нәтижелері ұлттық мақсаттарға қатысты тиімділіктің басты көрсеткіштерін
айқындау кезінде қолданылады. Ол мектептерге, мұғалімдер мен білім алушыларға қатты әсер
етпейді. Сомалық бағалау мұғалімдер өткізетін бағалау нәтижелеріне (белгілі бір сыныптардың
соңында кейбір пәндер бойынша қорытынды емтихандарын қоса алғанда) және соңғы оқу жылы
ұлттық емтихан нәтижелеріне (Ұлттық бірыңғай тестілеу, ҰБТ) негізделеді. Соңғысы мектепті
аяқтау кезінде (11-сынып) өткізіледі және жоғары оқу орнына түскісі келетін білім алушыларға
арналған (ол, ең бастысы, ЖОО-ға түсу емтиханының рөлін орындайды). Білім алушылар ҰБТ-ны
тапсырмай, орта білімді аяқтауы мүмкін. ҰБТ нәтижелері көбінесе білім алушылар, мектептер
және өңірлер арасындағы нәтижелерді салыстыру үшін, сондай-ақ ұлттық деңгейде білім
алушыларды оқыту мақсаттарына қол жеткізілгенін бағалау үшін қолданылады. Ұлттық тестілеу
4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
орталығы ОЖСБ және ҰБТ әзірлейді және әкімшілік етеді, бірақ екі бағдарламаны да Білім және
ғылым саласындағы бақылау комитеті реттейді.
2012 жылы ОЖСБ-ға әрбір өңірде мектептерді 10-проценттік іріктеу аясында таңдалған
653 мектептегі 37 799 оқушы қатысты. Бағалау төрт пән бойынша (оқу тілі, тарих, математика,
химия) бойынша жүргізілді. Үкімет 2012 жылдың нәтижелерін «9-сыныптағы білім алушылардың
оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін талдау» есебінде жариялады (ЭЫДҰ, 2014b).
2012 жылы ҰБТ-дан 117 333 оқушы өтті, бұл мектеп түлектерінің жалпы санынан 75%
құрады. ҰБТ бес пән бойынша өткізіледі. Төртеуі міндетті болып табылады: математика, тарих,
оқу тілі (қазақ не орыс), орыс (қазақ тілде оқитын мектептерде) не қазақ (орыс тілде оқитын
мектептерде). Бесінші пәнді мына тізілімнен таңдауға болады: физика, химия, биология,
география, дүниежүзілік тарих, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, қазақ әдебиеті және орыс
әдебиеті. 2012 жылы таңдау бойынша ең көп таңдалған пән: биология (емтихан тапсырғандардың
33% таңдады), физика (31%) және география (шамамен 15%) (ЭЫДҰ, 2014b). ҚР БҒМ және
ҰБСБО жыл сайын барлық өзгерістермен өңірлер мен мектептер бойынша білім алушылардың
нәтижелерін көрсететін есепті жариялайды. Есептер ҰБТ ең жоғары орта ұпайымен 100 мектепті
(әдетте бұл дарынды балаларға арналған мектеп) және ҰБТ ең төмен орта ұпайымен 100 мектепті
көрсетіп, мектептердің тиімділік рейтингтерін қамтиды (ЭЫДҰ, 2014b). Әдетте облыстық және
қалалық департаменттер өздерінің веб-сайттарында пәндерге бөліп өз аудандары мен мектептері
бойынша ҰБТ нәтижелерін жариялайды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері аудандар, облыстар және
ұлттық деңгейде мектептер рейтингімен жарияланады.
Мұғалімдерді аттестаттау
Мұғалімдер анағұрлым жоғары біліктілік санатын алу үшін болсын, не ағымдағы санатты
сақтау үшін болсын бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге тиіс (Маңсаптық
құрылымдағы санаттардың сипаттамасы. 3-тарау). Сондай-ақ мұғалімдер соңғы аттестатаудан
кейін бес жыл бітпей біліктілік санатын арттыру үшін аттестаттаудан өту туралы өтінішпен жеке
бастамасымен жүгінуі мүмкін. Бұл жағдайда олар Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген емтиханды
тапсыруға тиіс, ол бірнеше жауап нұсқасымен 60 сұрақты қамтиды (заңдар мен қағидалар
бойынша 20 сұрақ, психология және педагогика негіздері бойынша 20 сұрақ және пәндік білімдер
бойынша 20 сұрақ). Аттестаттау процесі төңірегінде мұғалім біліктілікті және басқа
педагогикалық қызметті (мысалы, оқу-әдістемелік материалдар мен куррикулумдарды әзірлеу)
арттыру мақсатында өзінің оқудан өткені туралы ақпаратты, сондай-ақ білім алушылардың оқу
жетістіктері туралы деректерді (мысалы, олимпиада және басқа конкурстар жеңімпаздары)
ұсынуға тиіс (ЭЫДҰ, 2014b).
Мұғалімдердің аттестаттау жөніндегі өтінімдерін 2-санат бойынша мектеп деңгейінде, 1-
санат бойынша аудандық деңгейде және жоғарғы санат бойынша облыстық деңгейде (кейде 1-
санат бойынша да) құрылатын комиссиялар қарайды. Мектеп деңгейінде комиссиялар жоғарғы
санаттағы мұғалімдерді қоса алғанда, жоғары лауазым атқаратын мектеп қызметшілерінен
қалыптастырылады. Шағын мектептерде комиссиялар көршілес мектептердің мұғалімдерін
қамтуы мүмкін. Барлық деңгейлерде комиссиялар әдетте «ең білікті педагогикалық
қызметкерлерін», кәсіби одақ өкілдерін, әдістемелік және педагогикалық бірлестіктердің
мүшелерін қамтиды.
Мұғалімдерді аттестаттаудың анықтамалық өлшемдері «Педагогикалық қызметкерлер
лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамалары» болып табылады. Олар барлық мұғалімдерге
таралады және негізгі үш салаға бөлінеді: лауазымдық міндеттері, қажетті қосымша білімі,
біліктілік талаптары. 4.A3-қосымшасындағы 4.А3.2-кестесі мұғалімдердің әртүрлі санаттары
бойынша «біліктілік талаптарының» сипаттамасын қамтиды. Лауазымдық міндеттер
мұғалімдердің негізгі міндеттеріне қатысты (мысалы, білім алушылардың әлеуметтік және дара
қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу, сабақ жоспарларын даярлау, ата-аналармен араласу), ал
қажетті қосымша білім Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативтік-құқықтық
актілерін және олардың білім секторында қолданылуын білуді қамтиды. Аталған санатқа жататын
өлшемдерді ескере отырып, аттестаттау комиссиясы педагогикалық жұмыс өтілі мен тәжірибенің
Достарыңызбен бөлісу: |