Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет29/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100

2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
құжаттарды  орындауын  қатамасыз  етеді.  Бақылау  комитеті  нормативтік  құжаттардың 
бұзылуларын  анықтауға  жауап  береді  және  жергілікті  органдардың  бұзушылықтарды  жоюын 
қамтамасыз етеді. 
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу прогресін мониторингілеу тетіктері 
Қолданыстағы  білім  беру  жоспарларына  қол  жеткізуді  және  мектептердің  нормаларға 
сәйкестігін қамтамасыз ететін мониторинг және орындауды қамтамасыз ету тетіктері қолданысқа 
енгізілген.  
Сарапшылар  білім  жүйесіндегі  барлық  өкілдер  білім  беру  мақсаттарына  қол  жеткізу  мен 
қолданыстағы  нормативтік  құжаттарға  сәйкес  келуді  түсінетінін  және  оған  баса  назар 
аударатынын  атап  өтті.  Қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  талаптардың  орындалуын  қамтамасыз 
етудің  негізгі  жүйесі  құрылды:  тікелей  құрылымда  мемлекеттік  басқарудың  әр  деңгейі  жоғары 
тұрған  деңгеймен  тікелей  бақыланады  және  төмен  тұрған  деңгейді  өзі  бақылайды,  ал  көлденең 
құрылымда  кейбір  мекемелер  басқалардың  жетістіктерінің  мониторингін  жүзеге  асырады 
(толығырақ  ақпарат  бар  5-бөлімді  қараңыз).  Үнемі  есептілік  тікелей  Бақылау  комитеті  арқылы 
орталық деңгеймен өткізілетін тексерулермен толықтырылады.  
Әкімшілік әлеуетті арттыру үшін шаралар қабылданады 
Қазақстан  үкіметі  білім  беру  саласындағы  жаңа  міндеттерді  шешу  үшін  білім  беруді 
әкімшілендіру  саласындағы  әлеуетті  арттыру  қажет  екеін  жақсы  түсінеді.  Қазақстан  әр  деңгейі 
шектеулі  операциялық  дербестікке  ие  және  бірыңғай  әкімшілік  аппараттың  бөлігі  болып 
саналатын,  басқарудың  нақты,  иерархиялық,  икемсіз  құрылымымен  сипатталады.  Ол  білім  беру 
саясаттары  мен  стратегияларын  іске  асыру  кезінде  орталық  атқарушы  органдарға  жүйеге  жақсы 
бақылауды сақтап тұруға мүмкіндік береді. Білім беру процесі көрші елдерде бұзылған, дағдарыс 
кезінде  осы  әкімшілік  аппарат  мектептердің  ашық  болуын,  ал  мұғалімдердің  өз  жалақыларын 
алуын,  мектепке  келіп,  өз  оқушыларымен  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ете  отырып,  өз  тиімділігін 
дәлелдеді.  
Соңғы жылдары әкімшілік әлеуеттің дамуына қатысты өзекті өзгеріс ҚР БҒМ-да Білім және 
ғылым саласындағы  бақылау  комитетінің  құрылуы  болды.  Ол  облыстарда,  Астана  және  Алматы 
қалаларында  аумақтық  бөлімшелерді  қамтиды.  Комитет  білім  беру  жүйесінде  тиісті  емес 
басқаруды анықтаудың құралы болды және қолданыстағы нормалардың сақталуына жәрдемдеседі. 
Оған қоса, ҚР БҒМ ведомстволық бағынышты бірнеше ұйымдардың құрылуы соңғы жылдары 
білім  беру  секторын  одан  да  мамандандырылған  және  икемді  орталық  әкімшілендіру  үшін 
келешек  мүмкіндіктер  ашты.  Оған  мысал  Ақпараттық-талдау  орталығы  мен  Қаржы  орталығы 
болып  табылады.  Олардың  көпшілігі  ҚР  БҒМ-ге  кадрларды  тарту  процесін  жеңілдетуге  және 
операциялық  және  қаржылық  икемділікті  арттыруға  мүмкіндік  беретін  ұйымдастырушылық-
құқықтық  нысанда  құрылған.  Осы  жаңа  ұйымдар  ҚР  БҒМ  үшін,  онымен  тығыз  өзара  іс-қимыл 
жасау кезінде, ерекше қызығушылық туғызатын салалардағы қызметті жүзеге асырады.  Осылай, 
Қаржы  орталығына  қаржыландырудың  жанбасылық  формуласының  пилотын  іске  асыруды 
мониторингілеу тапсырылды (3-бөлімді қараңыз). 
Шешуді талап ететін күрделі мәселелер 
Білім берудегі мемлекеттік инвестициялардың төмен деңгейі 
Білімге  жұмсалатын  мемлекеттік  шығындардың  жалпы  деңгейі  ЭЫДҰ  елдерінің,  сондай-ақ 
экономикалық  даму  деңгейі  ұқсас  басқа  елдердің  орташа  көрсеткішімен  салыстырғанда  төмен. 
ЖІӨ-нің  3,8%-ын  құрайтын  Қазақстанның  білім  бюджеті  ЭЫДҰ  орташа  көрсеткішінен  (5,6%) 
едәуір  төмен.  ЖІӨ-нің  2,1%-на  тең,  мектептегі  білім  беру  жүйесіне  бөлінетін  қаражат  көлемі 
(ТжКБ қоса алғандағы)  орташа  білімнен кейінгі үшінші емес білімге шығындарды қамтитынына 
қарамастан,  ЭЫДҰ орташа көрсеткішінен (3,6%) едәуір төмен. Қазақстанда 2013 жылы халықтың 
бір  адам  басына  ЖІӨ-нің  11%  құрайтын, бір оқушы  басына шығындар  деңгейі ЭЫДҰ  елдерінің 
2011 жылғы көрсеткішінен едәуір төмен (2.3-кестені қараңыз).  


2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
2.4-
сурет Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, 15 жастағы оқушылар арасында математика 
бойынша PISA орташа нәтижелері мен бір оқушы басына шығындардың қатынасы, 2012 
Ескерту: ел айналасының көлемі 6 және 15 жас аралығындағы бір оқушы басына арналған жиынтық шығындарды көрсетеді. 
Дереккөз: ЭЫДҰ (2014a), PISA-2012 нәтижелері: оқушылар не біледі және не істей алады (I том, қайта қаралған редакция, 
2014 
жылғы 
ақпан): 
оқушылардың 
математика, 
оқу 
және 
ғылымдар 
бойынша 
қорытындылары, 
 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264208780-en

PISA-ға  2012  жылы  қатысқан  65  ел  арасында  Қазақстан  математика  бойынша  орташа 
қорытындылар мен бір оқушы басына жиынтық шығындар бойынша төменгі 20 елдің ішіне кіреді. 
15  жастағы  оқушылардың  оқу  жетістіктері  мен  олардың  оқуына  бөлінетін  қаражат  көлемі 
арасындағы байланысты тікелей деп айтуға болмаса да, зерттеулер оқушыларда оқу үшін қажетті 
материалдар мен русурстарға қолжетімділік болу үшін қаржыландырудың ең төмен деңгейі қажет 
екенін көрсетеді (Дүниежүзілік банк, 2013b). Бұдан басқа, шамамен 20 000 мың АҚШ долларына 
(сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша (СҚТ) халықтың бір адам басына ЖІӨ есептеуде) тең 
жоғары  табыстың  бастапқы  мәніне  жетпейтін  елдерде  ұлттық  әл-ауқат  пен  PISA  бағдарламасы 
бойынша  нәтижелер  арасында  корреляцияның  байқалу  мүмкіндігі  жоғары  (ЭЫДҰ,  2012)  
(2.4-суретті қараңыз). Қазақстан осы топқа жатады және бұл кейінгі экономикалық өсу мен білім 
шығындарының артуы оқу жетістіктерін жақсартуға көмектесе алатынын білдіреді.   
Қазақстанда білім беруге мемлекеттік шығындарды арттыру үшін едәуір мүмкіндіктер әлі де 
бар.  ЖІӨ  деңгейі  ұқсас  елдер  білім  беру  жүйесіне  пропорционалды  түрде  көбірек 
инвестициялайды.    Мектептерде  қажетті  ресурстардың  жетіспеушілігі  оқу  ортасының  сапасына 
зиян келтіруі мүмкін. Білім бюджеттерін ұлғайту білімнің теңдігіне кепілдік бермесе де, жоғары 
сапалы  білім  беру  қызметтерін  қамтамасыз  ету  үшін  ең  төмен  деңгей  қажет.  Білікті  мұғалімдер, 
тиісті  инфрақұрылым  және  оқулықтар  жеткілікті  көлемде  жетіспейтін  мектептегі  білім  беру 
жүйесі  сапалы  білімді  бірден  ұсына  алмауы  мүмкін.  Мектептегі  білім  беру  жүйесіне 
инвестициялардың жеткіліксіз деңгейі білім беру жүйесіндегі теңсіздікке де әкелуі мүмкін, себебі 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау