Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет31/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100

2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
талпыныс  жасады.  Авторлар  Солтүстік  Қазақстан  және  Ақмола  облыстары  ауыл  және  шағын 
жинақталған  мектептердің  ұқсас  үлесімен  және  сыныптардың  салыстырмалы  көлемімен, 
мұғалімдер  мен  оқушылардың  қатынасымен  және  көлікпен  қамтамасыз  етілетін  оқушылар 
үлесімен  сипатталатынын,  бірақ  олардың  бір  оқушы  басына  шығындары  шамамен  2,5  есе 
ерекшеленетінін  анықтады  (ЭЫДҰ,  2014b).  Алматы  және  Жамбыл  облыстарында  мектептердің 
ұқсас желілері бар және көлікпен қамтамасыз етілетін оқушылар үлесі Жамбыл облысына (80%) 
қарағанда  Алматы  облысында  (48%)  төмен  болса  да,  бір  оқушы  басына  шығындар  Алматы 
облысында 7 еседен артық төмен. Есепте сондай-ақ ірі қалалар, Астана мен Алматы арасындағы, 
мектептер  мен  сыныптардың  ұқсас  орташа  көлемдеріне  қарамастан,  айтарлықтай  айырмашылық 
көрсетілді.  Авторлар  сондай-ақ  бір  оқушы  басына  шығындар  өмір  сүру  құнымен 
корреляцияланбайтынын  анықтады  және  Солтүстік  Қазақстан  облысы  тұрудың  қолжетімділігі 
бойынша  ел  бойынша  үшінші  орында  тұрғанымен,  бір  оқушы  басына  шығындардың  орташа 
деңгейі – барлық облыстар барасында ең жоғарғылардың бірі екенін атап өтті (ЭЫДҰ, 2014b).  
Бюджетаралық трансферттерді артық пайдалану олар білім шығындары үшін ерекше маңызға 
ие болатынын білдіреді, себебі соңғылары 2011 жылы жергілікті бюджеттер шығындарының 30%-
ға жуығын құрады (үлесіне көлемі бойынша бюджеттің екінші бөлігі келетін секторға қарағанда, 
екі  есе  артық).  Өңірлік  және  жергілікті  деңгейдегі  ресурстар  мектептер  арасында  бөлінетін 
ресурстар  көлемін,  сондай-ақ  аудандар  мен  облыстар  қамтамасыз  ететін  қолдау  сапасын 
айқындайды.  ЭЫДҰ  (2014b)  есебінде  көрсетілгендей,  әдістемелік  бірлестіктер  үлкен  және  бай 
қалаларда  анағұрлым  даярланған  және  жарақтандырылған  кадрлармен  көбірек  жиынтықталған. 
Бұдан  басқа,  ресурстарды  қалыптастыру  үшін  әлеуеті  төмен  аудандардағы  шағын  жинақталған 
мектептер  базалық  жабдық  пен  оқу  материалдарының  тапшылығын  жиі  бастан  кешеді.  Дала 
зерттеулері  кезінде  шағын  жинақталған  мектептердің  директорлары  олар  тек  жалақы  төлеу  мен 
негізгі  инфрақұрылымға  қызмет  көрсету  үшін  (мысалы,  жылу  және  энергиямен  жабдықтау) 
қаржыландыру алатынын және оларда кітапхана үшін кітаптар сатып алу, Интернетке шығу және 
оқу  жабдығы  үшін  бюджеттің  жоқ  екенін  жиі  айтатын.  Бұдан  басқа,  жаңа  мектеп  жабдығы  мен 
«ақылды  тақталарға»  қызмет  көрсету  үшін  жеткіліксіз  қаржыландыру  бөлінеді,  осының 
нәтижесінде, осы жаңа жабдықтың дұрыс жұмысының бұзылу тәуекелі жоғарылай түседі.  
Консультация  мен  стратегиялық  тұжыымдаудың  шектеулі  деңгейі  стратегиялық 
жоспарлау әлеуетінің іске асырылуына кедергі жасайды 
Консультацияның  жеткіліксіз  деңгейі  жоспарлау  процестерінің  сапасы  мен  тиімділігін 
төмендетуі  мүмкін.  Қазақстанда  ресурстарды  пайдаланудың  стратегиялық  жоспарлануын,  мәні 
бойынша,  орталық  ұйымдастырушылық  иерархия  шегінде  жүзеге  асырады  және  нақты 
нормалардың  сақталуын  тексерудің  бюрократтық  процесі  арқылы  бақыланады.  Жоспарлау 
консультациялау кезеңдерін қамтымайды және нақты жергілікті шарттарды ескере отырып, жалпы 
стратегиялық  мақсаттарды  түзету  үшін  аз  мүмкіндік  қалдырады.  Мүдделі  тараптармен  бірге 
консультациялардың болмауы білім беру  стратегиялары елдің үлкен алуан түрлілігін толығымен 
көрсетпеуі мүмкін екенін білдіреді.  
Мүдделі тараптардың кең тобының қатысуы ЭЫДҰ-ның көпшілік елдерінде білім реформасы 
үшін бірінші дәрежелі маңызға ие. Жиі және ашық араласу және қатысу үшін мүмкіндіктер беру 
мүдделі  тараптардың  әртүрлі  деңгейлерінде  маңызды  және  тұрақты  қатысуға  септігін  тигізуі 
мүмкін. Мүдделі тараптар мұғалімдерді, мұғалімдердің кәсіптік одақтарының өкілдерін, мектептер 
мен  аудандар  басшыларын,  жергілікті  қоғамдастықтың  басқа  өкілдерін,  мысалы,  бизнес 
көшбасшылары мен ата-аналарды қамтиды. 
Арнайы  бастамаларды  әзірлеу  бойынша  маңызды  жұмыс  жүргізілгенімен,  елде  білім  беру 
жөніндегі  бірқатар  стратегиялар,  әртүрлі  мүдделі  топтардың  келешекке  деген  көзқарастарын 
қамтитын  білім  беру  болжамдары  жоқ.  Жақсы  ойластырылған  инклюзивті  стратегиялық  болжам 
ұзақ  мерзімді  заңнамалық  және  институционалдық  өзгерістерді  әзірлеу  үшін,  елдің  әртүрлі 
әкімшілік-аумақтық  бірліктеріне  қажетті  адами  және  қаржылық  ресурстарын  тиімді  жоспарлау 
үшін, іске асырудың нақты жолдарын анықтау үшін қажет. 


2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Сондай-ақ,  стратегиялық  құжаттарда  тұжырымдалған  саясаттың  жаңа  шараларының 
көпшілігі олардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді табыстары мен шығындары бөлігінде немесе 
ресурстардың  келешек  қажеттіліктері  бөлігінде  жеткілікті  терең  талданбаған.  ҚР  БҒМ  іс-қимыл 
жоспары  кейбір  негізгі  әрекеттер  мен  қаржы  қажеттіліктерін  қамтиды,  бірақ  үлкен  реформалар 
табыстар  мен  шығындардың  терең  талдауынан  немесе  толық  қаржылық  зерттеуден  өтпеген 
сияқты.  Ұқсас  түрде,  мектептердің  бюджеттері  жаңа  инвестициялар  ағымдағы  шығындардың 
арттырылуына  (мысалы,  бір  оқушы  басына  ауданды  үлкейту  бөлігінде)  немесе  төмендеуіне 
(мысалы, сыныптар көлемінің үлкеюіне байланысты) әкелген кезде сирек өзгереді. 
Саясат жөніндегі ұсынымдар 
Тиімділіктің  негізгі  мәселелерін  шешумен  бір  мезгілде  білім  беруге  жұмсалатын  жалпы 
шығындарды ұлғайту 
Табыс  деңгейі  ұқсас  елдермен  салыстырғанда,  Қазақстан  білім  беруге  жеткілікті 
инвестицияламайды.  Қазіргі  сәтте  білім  беруге  инвестицияланатын  ресурстар  деңгейі  саланың 
стратегиялық  құжаттарының  жоғары  мақсаттарына  сәйкес  келмейді.  Соның  салдарынан,  білім 
беруге арналған мемлекеттік шығындарды ЭЫДҰ стандарттарына (ЖІӨ-нің 5-6%) дейін біртіндеп 
арттыру  саланың  ұзақ  мерзімді  стратегиялық  құжаттарын  қолдауы  тиіс.  Сонымен  бірге  кейбір 
қаржы  стрестері  республикалық  бюджетке  келеді,  мысалы  2014  және  2015  жылдары  мұнай 
бағасының  төмендеуі  нәтижесінде  мемлекеттік  кірістің  төмендеуі  осы  мақсатқа  қол  жеткізуге 
септігін  тигізбейді,  үкімет  білім  беруге  арналған  мемлекеттік  шығындарды  біртіндеп  ұлғайту 
міндетінде  нақты  болуы  тиіс.  Сондай-ақ,  бұл  білім  беруге  жұмсалатын  шығындарды  мұнай 
талықсытпаларынан қорғау жолдарын зерттеудің маңыздылығын білдіреді; себебі алдыңғы қаржы 
дағдарыстары  білім  беру  секторына  қатты  соққы  берген  болатын.  Оқушылардың  бір  ұрпағына 
жеткіліксіз инвестициялар елдің экономикалық келешегіне ұзақ уақыт әсер етуі мүмкін.  
Білімге мемлекеттік шығындардың біртіндеп ұлғайтылуы кейінгі инвестициялар үшін, әсіресе 
бюджеттік  шектеулер  жағдайында  басымдық  алуға  тиісті  нақты  облыстар  туралы  идеялармен 
сүйемелденуі  тиіс.  Бұл  жүйеде  жан-жақты  талдауды  және  мүдделі  тараптардың  топтары 
арасындағы  кең  консультацияларды  талап  ететін  кешенді  шешім.  Талдаудың  бір  бөлігі  келесі 
инвестициялар  ұсынылмас  бұрын  қандай  облыстардың  тиімділікті  арттыру  үшін  анағұрлым  кең 
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететіні туралы бағалауды қамтуы тиіс. Осы талдау үкіметке егер олар 
кейінгі жылдары ұсынылатын болса, қосымша қорларды пайдалану жөніндегі стратегия әзірлеуге 
мүмкіндік береді. Осы есеп осы пікірталас бойынша бірқатар ұсыныстарды қамтиды, бірақ кейінгі 
шығындар үшін белгілі бір бағыттарды көрсетуге талпынбайды. 
Қазақстанға  көбірек  қаражатты  инвестициялау  қажет  салалардың  бірі  білім  берудің  ерте 
кезеңдері, әсіресе балалардың ерте білімі болып табылады. Бұл оқушылардың нашар санаттарын 
қолдау  бойынша  стратегияға  келесі  инвестициялардың  бөлігі  болуы  тиіс.  Дегдарлы  «өсу 
нүктелеріне»  шығындарды  (мысалы,  НЗМ)  арттыру  білім  беру  инновацияларын  ынталандыруы 
мүмкін болса да, бұл тәсіл өзінен-өзі оқушылардың көпшілігі үшін табысты қамтамасыз етпейді. 
АҚШ (Куна және басқалары, 2006)  және  Еуропа (Вуссманн, 2008) тәжірибелері білімнің ең ерте 
кезеңдерінде  барлығына  арналған  сапалы  білімге  инвестициялау,  атап  айтқанда,  сәтсіз 
отбасылардан  шыққан  оқушылары  қолдау  көбірек  нәтиже  беретінін  көрсетеді,  себебі  ерте 
когнитивті  даму  кейінгі  өмірде  білім  мен  дағды  алуды  жеңілдетеді  (2.5-суретті  қараңыз).  Ерте 
білімнің әлеуметтік-экономикалық қорытындыларға маңызды ұзақ уақыт әсері үй ортасы білімнің 
кейінгі кезеңдерінде сәттілік үшін оларды қажетті негізгі дағдылармен қамтамасыз ете алмайтын, 
сәтсіз  отбасылардан  шыққан  оқушылар  үшін  ерекше  жоғары.  Барлық  адамдар  үшін  қажетті 
дағдыларға ие болу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету өсудің жоғары қарқындарын сақтау 
үшін, Қазақстан сияқты, ауыспалы экономикасы мен жұмыс күшінің шағын саны бар елдер үшін 
ерекше  маңызды.  Білімді  жақсарту  технологиялық  өзгерістерді  игеру  үшін,  бәрінен  бұрын,  
жұмысқа тұру, өнімділік пен икемділік мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.  
 
 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау