2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Ұлттық экономика министрлігі (бұрынғы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі) салық-бюджет саясатын әзірлеуге; ұлттық жоспарлаудың тұтас және тиімді
жүйесін құруға; ұсынылатын жылдық бюджетті, бюджеттік жіктемені және бюджеттік
өтінімдерді дайындау мен беру тәртібін әзірлеуге; инвестициялық жобаларды іске асыру
мониторингіне; өңірлік және жергілікті мемлекеттік басқаруды жақсарту жөнінде
ұсыныстар әзірлеуге; орталық, өңірлік және жергілікті органдардың қызметі туралы
есептілік бойынша талаптарды белгілеуге жауапты. Бұдан басқа, ҰЭМ орталық, өңірлік
және жергілікті органдардың қызметін үйлестіреді.
Қаржы министрлігі бюджеттің атқарылуы, республикалық бюджеттің және өз өкілдігі
шегінде, жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен
бюджеттік есептілік саласындағы салааралық үйлестіруді әкімшілендіреді және жүзеге
асырады. ҚМ Қазынашылық комитеті мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылайды
және орталық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде әрекет етеді. Облыстар мен
аудандардың Білім департаменттері ҚМ Қаржылық бақылау инспекциясы тарапынан
тексерілуге жатады. Қаржылық бақылау комитеті ішкі қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу, аудит, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі іс-
шаралар мәселелеріне жауап береді.
Есеп комитеті аудиттің жоғары органы, яғни республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау бойынша жоғары өкілеттіліктер берілген орган болып табылады. Есеп комитеті
Президентке тікелей бағынады және оның алдында есеп береді. Өңірлік және жергілікті
деңгейде 2011 жылы бюджетті сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жақсарту
мақсатында аудит бойынша комиссиялар құрылды.
Облыстың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы техникалық және
кәсіптік білім беруді, мектептерде, арнайы және мамандандырылған мектептерде оқуды
қамтамасыз етеді. Мұғалімдерді жұмыстан үзбей оқытуды қамтамасыз етеді, мектептер
үшін әдістемелік, педагогикалық, психологиялық және медициналық консультациялық
қолдау көрсетеді. Өңірлік олимпиадаларды, өңірлік деңгейдегі конкурстарды
ұйымдастырады. Оқулықтарды таратуды, мектеп инфрақұрылымын қамтамасыз етуді,
оқушылардың нақты санаттары үшін тегін және субсидияландырылған мектепте
тамақтандыруды және жетім оқушыларды қолдауды жүзеге асырады.
Ауданның білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы, басты түрде, физикалық
ресурстарды үйлестіру мен басқаруға, сыныптар көлемін анықтауға және мектептер үшін
әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуге жауап береді. Бюджет кодексіне сәйкес,
жергілікті билік органдарына мектептерді қаржыландыру, кешкі білім беру мен мектеп-
интернаттар үшін басты жауапкершілік жүктеледі. Ауданның жергілікті атқарушы
органы оқулықтар мен оқу материалдарын сатып алу мен жеткізуді ұйымдастырады,
мектеп олимпиадалары мен жергілікті деңгейдегі конкурстарды ұйымдастыру мен
өткізуді қамтамасыз етеді, оқушылар үшін тегін тамақтануды және мектептерді
ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етеді. Мектеп директорлары ай сайынғы
негізде білім бөлімі бастығының төрағалығымен ұйымдастырылып, әрекет ететін және
нормативтік құжаттарды орындауға және ағымдағы мәселелерді шешуге жәрдемдесуге
арналған аудандық білім бөлімінің жиналыстарына қатысады.
Мектептер кадрлық ресурстар мәселелерін қоспағанда, ЭЫДҰ-ның басқа елдерімен
салыстырғанда, Қазақстандағы мектеп ресурстарының менеджменті саласында шағын
дербестікке ие (2.1-суретті қараңыз). Мектептер, басты түрде, оқушыларды оқытуды
ұйымдастыруға, үлгерімі төмен оқушыларды қолдауға және мұғалімдер контингентін
басқаруға жауапты. PISA-2012 нәтижелеріне сәйкес, 15 жастағы оқушылардың басым
бөлігі оқитын мектептерде директорлар жұмысқа жалдау кезінде мұғалімдерді таңдауды
өткізеді (81%) және мұғалімдерді жұмыстан шығарады (76%) (ЭЫДҰ, 2013a). Алайда,
оқушылардың тек аз үлесі ғана мектеп директорлары оқушыларды бағалай отырып
саясатын анықтайтын (34%), олар қолданатын оқулықтарды таңдайтын (16%), оқу
пәндерінің мазмұнын анықтайтын (7%), қандай пәндер бойынша сабақ берілетіні туралы
2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
шешім қабылдайтын (16%), мұғалімдердің бастапқы жалақысын (19%) және жалақының
жоғарылауын (4%) белгілейтін, мектеп бюджетін қалыптастыратын (8%), мектеп ішінде
қаражатты бөлу бойынша шешім қабылдайтын (11%) мектептерде оқиды. Мектептер
директорлары сондай-ақ орынбасарлардың санына да және олардың функцияларына
қатысты өздерінің ұйымдық құрылымын құрай алмайды. Мұғалімдерді «жұмыстан
босатуға» қатысты көп жағдайларда оларға түсірілетін жүктемені азайту
қолданылатынын атап өту қажет.
2.1-
сурет Қазақстанда және ЭЫДҰ елдерінде мектептердің дербестігі (2012)
Дереккөз: ЭЫДҰ (2013a), PISA-2012 нәтижелері: мектептерді не сәтті етеді (IV том): ресурстар, саясат және
практика,
http://dx.doi.org/10.1787/9789264201156-en
.
Қамқоршылық кеңестер, мектепті басқаруға қатысатын алқа органының ықтимал
нысандарының бірі ретінде, білім беру жүйесінде шешім қабылдау және мектеп
қоғамдастығына мектепті басқаруға қатысу мүмкіндігін беру бойынша өкілеттіліктерді
орталықсыздандыру жөніндегі саясатты іске асырудың мәнмәтінінде 2007 жылы заңды
түрде құрылған болатын. Қамқоршылық кеңес мүшелері педагогикалық қызметкерлер
өкілдерін, ата-аналарды, мектеп түлектерін, жергілікті кәсіпкерлерді және азаматтық
қоғам ұйымдарын қамтиды. 2012-2013 жылдардағы жағдай боынша қамқоршылық
кеңестер 3 259 мектепте (мектептердің 44,1%) құрылған. Алайда, облыстар бойынша
көрініс біркелкі емес. Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында
қамқоршылық кеңестер 400-ден астам мектептерде құрылған болса, Атырау облысында,
Астана мен Алматы қалаларында қамқоршылық кеңестері осы қалалар мен облыстың
әрқайсысында кемінде 10 мектепте ғана құрылған. 2020 жылға қарай қамқоршылық
кеңестер мектептердің 60%-да жұмыс істейді деп күтілуде. Қамқоршылық кеңестердің
негізгі функциялары әлі де әлеуметтік және мәдени шараларды ұйымдастырумен ғана
шектеледі, бірақ олар өсе келе өздеріне мектептің даму стратегияларын айқындау, негізгі
персоналды тағайындау және мектеп қаржыларын қадағалау бойынша міндеттерді
көбірек алады деп болжанады. Мектепті қаржыландырудың жаңа үлгісі (3-бөлімді
қараңыз) оларға мұғалімдер арасында сыйақыны бөлу құқығын береді.
Ата-аналар комитеттері. Бұл мектеп ұйымдастыратын және заңды танылмаған ресми
емес топтар, мектептің ұйымдастырушылық мәселелері жөніндегі кеңес тобы ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |