Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет47/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53

 
      Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап 
беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына 
енгізілмейді.
 
      2. Арнайы тергеп-тексеруге:
 
      1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
 
      2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір 
мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
 
      3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
 
      3. Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, 
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті 
қорғау жөніндегі маман қатысады.
 
      4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері 
қатысады.
 
      5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті 
шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
 
      6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап 
он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
 
      7. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік 
мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны 
тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз 
аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.
 
      8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның 
қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) 
орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен 
жұмыс берушінің өзі жүргізеді.
 
      9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым 
оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші 
тергеп-тексереді және есепке алады.
 
      10. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды 
тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
 
      Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия 
төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде 
тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті.
 
      11. Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға 
куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына 
жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті 
ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.
 
      12. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке 
қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым 
оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік 
еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен 
бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.
 
      13. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның 
мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік 
қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің 
еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым 
оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес 
жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 


 
талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым 
оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.
 
      14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі 
комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері 
ескеріліп айқындалады.
 
      15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп 
соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға 
(ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша 
жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға 
жеке-жеке) ресімделеді.
 
      Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да 
еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым 
оқиға туралы актімен ресімделеді.
 
      
325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы
 
                
тергеп-тексеру ерекшеліктері
 
      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы 
органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
 
      төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
 
      мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
 
      2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді 
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы 
басқаратын комиссия жүргізеді.
 
      3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде 
комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі 
мемлекеттік инспектор кіреді.
 
      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар 
кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік 
инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. 
Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
 
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, 
ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі 
құрған комиссия жүргізеді.
 
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-
тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-
қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
 
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым 
оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану 
жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 
нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.
 
      7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз 
куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның 
жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым 
оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
 
      8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да 
жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған 
адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі 
комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы мамандардың 
қорытындысы негізінде айқындайды.
 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау