Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет46/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53

 
      3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
 
      1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-
әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен 
байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық 
демалыс және түскі ас үзілісі кезеңінде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және 
есірткі заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйінде орындаған кезде;
 
      2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап 
шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
 
      3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, 
қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес 
кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және 
қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде ресімделмейді.
 
      4. Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс 
берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық 
сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат 
алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтініш жасауының әрбір 
жағдайы туралы жұмыс берушіні және мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық
 
бөлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар 
етуге тиіс.
 
      5. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, 
ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.
 
      
323-бап. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға
 
                
кезіндегі міндеттері
 
      1. Жұмыс беруші:
 
      1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған 
кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
 
      2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп 
болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды 
қабылдауға;
 
      3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек 
құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына 
қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп 
соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға 
болған жерді фотосуретке түсіруге;
 
      4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын 
дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде 
белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
 
      5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы 
тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
 
      6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым 
оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
 
      7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке 
алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
 
      2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
 
      1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек 
испекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
 
      2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше 
жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға;
 
      3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-


 
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік органға;
 
      4) қызметкерлер өкілдеріне;
 
      5) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің 
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына 
хабарлайды.
 
      Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс 
беруші:
 
      1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;
 
      2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті 
органдарына хабарлауға тиіс.
 
      3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы 
бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:
 
      1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, 
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда 
сарапшы мамандардың тартылуын;
 
      2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, 
жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
 
      3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ 
киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;
 
      4) мыналарды:
 
      жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың 
бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал қажет 
болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейнематериалдарды және т.с.с);
 
      нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, 
жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, 
зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың сараптама қорытындыларынан 
үзінді көшірмелерді;
 
      зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
 
      зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен 
ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе 
уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
 
      зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке 
қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
 
      аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық 
мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы 
орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан 
үзінді көшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды бұзушылықтарды 
жою туралы нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді;
 
      комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды 
береді.
 
      
324-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды
 
                
тергеп-тексеру тәртібі
 
      1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс 
берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия 
жүргізеді:
 
      төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
 
      мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы 
және қызметкерлердің өкілі.
 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау