Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет6/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бизнес-моделі»
КАПИТАЛ
НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
ҚҰНДЫ ҚҰРУ
ҚАЗУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ
түсім 
436 632
млн теңге
млн теңге
операциялық қызметтен  
ақша ағындары
58 327
акцияға базалық  
және бытыраңқы пайда
1 435
теңге
табиғатты қорғау қызметіне 
шығындар
2 138
млн теңге
млн теңге
операциялық пайда
77 480
млн теңге
дивидендтер 
161 661
әлеуметтік салықтар мен төлемдер
6 034
млн теңге
қызметкерлердің саны
20 507
адам
ҚАРЖЫ КАПИТАЛЫ
•  акционерлік капитал
•  сыртқы қарыз
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР
•  уран кен орны
•  энергияны тұтыну
•  суды тұтыну
•  биоалуантүрлілік 
ӨНДІРІСТІК  
КАПИТАЛ
•  технологиялық шешім
•  инфрақұрылым
ЗИЯТКЕРЛІК  
МЕНШІК
•  патенттер 
•  лицензиялар 
•  ақпарттық технологиялар
АДАМДАР 
•  этникалық құндылықтар
•  кәсіпқойлық 
ҚОҒАМДАСТЫҚТАР 
•  жергілікті қоғамдастықтар
•  клиенттер 
•  жеткізушілер 
•  серіктестер 
ҒЗТКЖ ҒЫЛЫМДЫ  
ҚАЖЕТСІНЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ӨТКІЗУ 
табиғи  
уран
тантал
бериллий
ниобий
U
3
O
8
Be
4
Ta
73
Nb
41
табиғи  
уран
тантал
бериллий
ниобий
U
3
O
8
Be
4
Ta
73
Nb
41
14 | Жылдық есеп. 2018
             Бизнес-модель 


Қазатомөнеркәсіп миссиясы уран 
кен орындарын әзірлеу және орнықты 
даму қағидаттарына сәйкес Компани-
яның барлық мүдделі тараптары үшін 
ұзақ мерзімді құндылық жасай отырып, 
қосылған құн тізбегінің компонент-
терін дамыту болып табылады.
Қазатомөнеркәсіптің пайымдауы 
жаһандық атом өнеркәсібі үшін қо-
лайлы серіктес болу болып табылады. 
Бұл көрініс Компанияның қызметін 
оның клиенттері мен саладағы серік-
тестерінің басымдықтарына сәйкес 
жүргізуге мүмкіндік береді.
2018 жылы Компания 2018-2028 жыл-
дарға арналған бес стратегиялық 
мақсатқа назар аудара отырып, жаңа 
даму стратегиясын қабылдады:
негізгі қызмет түріне көңіл 
бөлу;
нарықтық жағдайлар негізінде 
өндіру, қайта өңдеу және сату 
көлемін оңтайландыру;
маркетинг функциясын күшей-
ту және сату арналарын кеңейту 
арқылы құндылық жасау;
бизнес-қызметте озық тәжіри-
бені қолдану;
сала көшбасшысына сәйкес ке-
летін корпоративтік мәдениетті 
дамыту.
Қазатомөнеркәсіптің негізгі қызмет түрі уран өндіру болып 
табылады. Компания уранды, нақты айтқанда, ЖС әдісімен 
өндіру қазіргі уақытта қосылған құнды жасау тізбегінің неғұрлым 
тартымды сегменті болып қала береді деп санайды. Қазатомө-
неркәсіптің ЖС-әдіспен игеру үшін қолайлы кен орындарына 
қолжетімділігі — Қазақстанда оған өндіру саласындағы табиғи 
бәсекелестік артықшылығын береді. Тиісінше, Қазатомөнеркәсіп 
өзінің конверсия сияқты реакторға дейінгі ЯОЦ-тың басқа саты-
ларында, сондай-ақ сирек металдармен байланысты қызметте 
болу мүмкіндігін сақтай отырып, өзінің назарын уран өндіруге 
шоғырландыруға ниетті.
Өз қызметін оңтайландыру мақсатында Қазатомөнеркәсіп, басқа-
ларымен қатар, активтер портфелін оңтайландырды — соңғы 5 
жылда 30-дан астам бейінді емес еншілес компаниялары, оның 
ішінде ең жақын арада «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қайта 
ұйымдастыру, қайта құрылымдау және тарату нысаны болды, 
оған қарастырылып отырған кезеңдер үшін Қазатомөнеркәсіп 
кірістерінің елеулі бөлігі (бірақ пайданың аз бөлігі) тиесілі бола-
тын. Қазатомөнеркәсіп 2019 жылдың соңына дейін бейінді емес 
активтерді иеліктен шығару бағдарламасын аяқтау процесінде 
тұр. Атап айтқанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Компания 
Cameco-мен бірлескен кәсіпорнында — «Инкай» БК» ЖШС-те 
қатысу үлесін 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтты, ал 2018 жылғы 
желтоқсанда компания «Байкен-U» ЖШС, Enregy Asia Limited 
консорциумымен, 5%-дан 52,5%-ға дейін, «Хорасан-U» БК» ЖШС-
да, Росатом және Marubeni Corporation бірлескен кәсіпорнында 
қатысу үлесін 34%-дан 50%-ға дейін ұлғайтты.
Қазатомөнеркәсіп қазіргі уақытта Қытай CGN компаниясымен 
бірге ТВС дайындау жөніндегі зауыттың құрылысымен айналы-
сады. ЯТЦ құнын өсіру тізбегінің жаңа сегменттеріне шығуының 
арқасында Қазатомөнеркәсіп өз клиенттеріне өнімдердің кең 
спектрін ұсына алады және қосымша пайда ала алады. Бұдан 
басқа, компания ядролық отын өндіру тізбегіндегі жоғары сапалы 
активтерге іріктеп сатып алу немесе инвестициялау жолымен 
өзінің нарықтық ұстанымдарын одан әрі нығайту мүмкіндігін 
қарастыра алады.
КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУ 
СТРАТЕГИЯСЫ
НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ ТҮРІ РЕТІНДЕ ТАУ-КЕН  
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА БАҒДАРЛАУ.
1
2
3
4
5
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 15


Соңғы екі жылда Компания қызметті 
жүзеге асыру тәсілін қайта бағытта-
ды, атап айтқанда, өндіріс көлемін 
оңтайландыру жолымен стратегиялық 
көзқарасын көлемдерді барынша 
арттырудан құндылықтарды барынша 
арттыруға ауыстырды. Жаңа фокус 
нарық болжамдары мен сату көлемдері 
негізінде өндірістік мақсаттарды қою-
ды, сондай-ақ өндірістік жоспарларды 
өзгермелі нарықтық жағдайларға бей-
імдеуді көздегені маңызды. 
Уран кен орындарын Қазатомөнеркәсіп 
ЖС әдісімен игереді, бұл Қазатомөнер-
кәсіпке өндірудің меншікті құны үшін 
елеулі салдарсыз өндіру қарқынын 
жедел өсіру немесе төмендету бөлі-
гінде икемділігін қамтамасыз етеді. 
Тиісінше, Қазатомөнеркәсіп уран на-
рығындағы бағаға тез ден қоюға және 
өндіру қарқынын тиісті түрде түзетуге 
қабілетті. 
Мысалы, күнтізбелік 2017 жыл ішінде 
Қазатомөнеркәсіп уран өндіруді өткен 
жылмен салыстырғанда 8%-ға қысқарт-
ты. 2018-2020 жылдар кезеңінде Компа-
ния қолданыстағы келісімшарттық мін-
деттемелер көлемімен салыстырғанда 
уран өндіру көлемін 20%-ға қысқартуға 
ниетті. Компания жер қойнауын пай-
далану туралы келісімдерге түзетулер 
Үкіметпен келісілген жағдайда, қажет-
тілігіне қарай төмен деңгейде өндіріс 
көлемін сақтау үшін толық техникалық 
және заңдық икемділікке ие және 
нарықтағы жағдайға байланысты тиісті 
шешімдер қабылдайтын болады.
Соңғы екі жылда Қазатомөнеркәсіп 
бірқатар салаларда сату және өткізу жүй-
есін ұйымдастыруға қатысты өз позиция-
ларын нығайтты. Атап айтқанда, Компа-
ния Швейцариядағы «Қазақатом» (TҰK) 
трейдингтік компаниясының арқасында 
жаңа өткізу арнасын табысты құрды, бұл 
Компанияға спот-нарықта уранды сатып 
алуды қалайтын АҚШ коммуналдық 
кәсіпорындары сияқты клиенттердің 
жаңа санатымен жұмыс істеуге мүмкіндік 
береді, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің 
талдамалық әлеуетін жақсартуға мүм-
кіндік береді, оған төрелік операци-
яларды жүргізуге және айтарлықтай 
операциялық икемділік талап етілетін 
спот/қысқа мерзімді келісімшарттар на-
рығына тиімді шығуға мүмкіндік берді. 
Қазатомөнеркәсіп өзінің негізгі мақсатты 
географиялық өңірлерінің әрқайсысын-
да өзінің сауда өкілдерінің қатысуын 
кеңейтті және өзінің сату желісін нығай-
туды жалғастырады. 
Бұдан басқа, TҰK операцияларын іске 
қосу арқылы 2017 жылы Қазатомөнеркәсіп 
өз клиенттеріне күрделі формулалық 
баға белгілеу шарттарын ұсына алды. 
Қазатомөнеркәсіп осы мүмкіндіктерді 
одан әрі дамытуды және клиенттерге баға 
белгілеу нұсқаларының кең ауқымын ұсы-
нуды жоспарлап отыр, бұл бұдан бұрын 
қазақстандық заңнаманың белгілі бір шек-
теулеріне байланысты басқаша болған.
2016 жылы Компания уран трейдерлері-
не сатуды тоқтатты. Бұл Компанияның 
барынша аз көлемге келісімшартқа оты-
ратын клиенттермен тікелей қарым-қа-
тынас құру мақсатында делдалдарды 
айналып өтуге бел буғаны фактісін 
көрсетеді.
Қазатомөнеркәсіп әлемдегі жетекші 
уран өндіруші компания болып табы-
латындығын мақтан тұтады және бұл 
мәртебені болашақта ауқым, тиімділік 
және инновациялар тұрғысынан 
нығайтуға ұмтылады. Компания өз 
кеніштерінде ұзақ мерзімді перспек-
тивада тұрақты аз шығынды өндіруді 
қамтамасыз ету үшін қорларды барлау 
мен кен орындарын игеру үшін инве-
стициялауды жалғастыруға ниетті, ал 
оның қорларының ағымдағы базасы 
шамамен 15 жыл ішінде өндірудің 
қазіргі деңгейін қолдауға мүмкіндік 
береді.
Қазатомөнеркәсіп өндірістің төмен 
өзіндік құнын негізгі жаһандық бәсеке-
лестік артықшылық ретінде бағалайды 
және оны ұстап тұру үшін үнемі жұмыс 
істеуді жоспарлап отыр. Қазатомөнер-
кәсіп құн мен экономикалық қайтымға 
екпін жасай отырып, өндіру жоспарла-
рын бір мезгілде оңтайландыру және 
шығындарды қатаң бақылау жолымен 
оған қол жеткізуге ниетті.
Қазатомөнеркәсіп бұрынғысынша 
өзінің бизнес-процестерін тұрақты 
оңтайландыруға, цифрландыруға және 
сату мен өткізу функцияларын одан 
әрі нығайтуға бағытталған. Атап айт- 
қанда, компания Трансформациялау 
бағдарламасын қабылдады, оны іске 
асыру 2016 жылдан 2025 жылға дейінгі 
кезеңге көзделген. 
НАРЫҚТЫҚ-ОРТАЛЫҚ ТӘСІЛ: 
НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАР НЕГІЗІНДЕ 
ӨНДІРУ, ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ САТУ 
КӨЛЕМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. 
САТУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ АРНАЛАРЫН 
КЕҢЕЙТУ, СОНДАЙ-АҚ 
КЕЛІСІМШАРТТАР ПОРТФЕЛІН 
ОҢТАЙЛАНДЫРУ. 
ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ 
УРАН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ 
ЖАҺАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚТЫ 
САҚТАУ. 
16 | Жылдық есеп. 2018
             Компанияның даму стратегиясы 


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау