Стратегиялық мақсат: Холдинг активтері қоржынының өтелімділігін арттыру



жүктеу 1,75 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата25.12.2019
өлшемі1,75 Mb.
#24922
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


 

 



 

5.2.1. Стратегиялық  мақсат:  Холдинг  активтері  қоржынының 

өтелімділігін арттыру 

Холдингтің  негізгі  мақсаттарының  бірі  кәсіпорынның  нарықтық  құнын 

ұлғайту  болып  табылады.  Холдинг  қоржынындағы  жекелеген  активтерінің 

өтелімділігін арттыру осы мақсатты жүзеге асыруға жәрдемдеседі.  

Осы стратегиялық мақсатқа жетудегі бастапқы нүктесі болып 2027 жылға 

дейін  мына  басым  бағыттар  негізінде  ROA  көрсеткішінің  өсуіне  бағытталған 

Холдинг  активтері  қоржынын  қайта  құрылымдау  жоспарын  әзірлеу  және  іске 

асыру: 


›  Әскери  техниканы,  қару-жарақты,  сондай-ақ  азаматтық  мақсаттағы 

өнімді өндіру; 

›  Қару-жарақты және әскери техниканы жаңғырту;  

›  Әскери техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету;  

›  Әскери мақсаттағы инновациялық әзірленімдер саласындағы ҒЗТКЖ.  

Компания қосылу, иеліктен шығару, тарату және консорциумдарды құру 

жолымен  өз  міндетін  барынша  жүзеге  асыруды  және  Холдингтің 

өтелімділігінің  қажетті  деңгейін  қамтамасыз  ететін  активтердің  оңтайлы 

қоржынын қалыптастыруы тиіс.  

 

Міндет: Бизнес-серіктестерді тарту 

«Қазақстан  инжиниринг»  ҰК»  АҚ  өнімді  алға  жылжыту  және 

инвестициялар 

мен 

технологияларды 



тарту 

бойынша 


халықаралық 

компаниялармен өзара тиімді серіктестік қатынастарды құру бойынша белсенді 

жұмыс  жүргізеді.  Компанияға  жаңа  технологияларды  игеру  және  жоғары 

технологиялық  өнім  нарықтарына  шығу  үшін  бизнес-серіктестікті  одан  әрі 

дамытқан жөн.  

Бизнес-серіктестік – нақты және өзара тиімді жобаны жүзеге асыру үшін 

ресурстарды бірлесіп пайдалануды шешкен компаниялар арасындағы келісім.  

Дүниежүзілік технологиялық компаниялардың бас директорларының 75% 

астамы  осы  тәсілдемені  компаниялардың  қарқынды  дамуы  үшін  ең  маңызды 

және сыни деп санайды

1



 



5.2.5.1. сурет. Дүниежүзілік компаниялар серіктестерінің саны, 2016ж. 

 

 



 

                                                           

1

 PriceWaterhouseCoopers зертеуі, pwc.co.uk 




 

 



«Қазақстан  инжиниринг»  ҰК»  АҚ  ішінде  жүргізілген  сұрауларға  сәйкес 

Холдинг қызметкерлерінің көпшілігі бизнес-серіктестікті дамыту өсудің басты 

нүктесі болып табылады деп есептейді. 

  

5.2.5.2. сурет. Сұрау нәтижелері (Компания өсуінің басты бағыты?) 



 

 

 



Серіктестікке әлеуеті бар компаниялар мына сипаттамалардың біріне ие: 

›  Ұқсас құзыретті меңгерген, бірақ әртүрлі нысаналы нарықтарға ие; 

›  Бір нысаналы нарық үшін әртүрлі, толықтыратын өнімді шығарады. 

Бизнес-әріптестікті құру кезінде компаниялар мынаған ие болады: 

1. Жаңа нарықтарға шығу; 

2. Жаңа технологияларға қол жеткізу

3. Тәуекелдерді төмендету. 

 

Халықаралық тәжірибе 

IBM  және  Apple  ақпараттық  технологиялар  саласында  жұмыс  істейді. 

IBM  корпоративтік  клиенттерге  бағытталса,  Apple  –  жеке  тұлғаларға 

бағдарланған.  2014  жылы  компаниялар  корпоративтік  қызметкерлердің 

ұтқырлығын арттыру үшін iPhone және iPad ІВМ үлкен деректер технологиясы 

мен  аналитикалық  мүмкіндіктерін  біріктіру  бойынша  әріптестікке  бастаманы 

білдірді.  

2017 жылы Google және Walmart Google  ақпараттық мүмкіндіктерін және 

Walmart  логистикалық  базасын  пайдалана  отырып,  «e-commerce»  саласында 

ынтымақтасуды  шешті.  Құрылған  әріптестіктің  негізгі  мақсаты  –электрондық 

коммерция нарығындағы үстем Amazon компаниясын жеңу.  

 

Міндет: Бірлескен кәсіпорындарды құру 

Бірлескен  кәсіпорындар  (БК)  ортақ  мақсаттарға  жету,  нақты  өнімдер 

бойынша  нарық  үлесін  кеңейту  үшін  екі  немесе  бірнеше  ұлттық  компаниялар 

мен шетелдік қатысушылар арасында құрылады. Бұл ретте, бірлесіп енгізілген 

меншік негізінде жеке ұйым құрылады.  

«Қазақстан  Инжиниринг»  ҰК»  АҚ-мен  шетелдік  компаниялармен 

бірлесіп  құрылған  бірлескен  кәсіпорындары  табысты  нәтижелерді  көрсетуде: 

Бизнес-серіктестікті дамыту 




 

 



технологиялар трансферті жүруде, жаңа технологиялар жергілікті мамандармен 

игерілуде,  өнімнің  жаңа  түрлері  әзірленіп,  пайдалануға  енгізілуде.  Мысалы, 

«Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС әскери техниканың жаңа үлгілерін 

өндіріске  енгізіп  («Барыс»  құрышты  тасымалдағышы,  «Алан»  құрышты 

автомобиль),  «Казахстан  Аселсан  Инжиниринг»  ЖШС жоғары  технологиялық 

электронды-оптикалық аспаптарды шығаруда. 

«Қазақстан  Инжиниринг»  ҰК»  АҚ-на  әлеуетті  әріптестерді  іздеу  үшін 

KADEX және басқа алаңдарды пайдалана отырып, келешегі бар салаларда жаңа 

бірлескен кәсіпорындарды құру әлеуетін қарастырған жөн.  

БК құру мынадай оң әсерге ие: 

›  Жаңа  нарықтарға  шығу.  Әріптестік  саяси/әкімшілік  тетіктер  немесе 

өткізудің  пысықталған  арналары  мен  пысықталған  клиенттер  базасы  арқылы 

жаңа нарықтарға қолжеткізуді қамтамасыз етеді;  

›  Технологиялар  мен  құзыретке  қолжеткізу.  Әріптестік  заманауи 

технологиялар мен құзыретке қолжеткізуді береді;  

›  Сенімді  арттыру.  Танымал  брендпен  ынтымақтастық  кәсіпорын  мен 

өнімге сенімді арттырады;  

›  Шығындар  мен  тәуекелдерді  төмендету.  Бірлескен  инвестициялау 

шығындар мен тәуекелдерді төмендетеді;  

›  Құзыреттер  трансферті.  Әріптестік  өндірісті  дамыту  бойынша  үздік 

тәжірибелермен алмасуды қамтамасыз етеді.  

 

БК құру мына түрде жүзеге асырыла алады: 



1. Әлеуетті нарықтарды айқындау 

Ішкі  және  сыртқы  нарықтарда  өнімге  қажеттілікті  және  өндірістің 

табыстылығын талдау. 

2. Стратегиялық әріптесті іздеу 

Үйлесу,  технологиялық  жарақтану  және  құзырет  қағидаты  бойынша 

стратегиялық әріптесті іздеу.  

3. Бірлескен мақсаттарды пысықтау 

БК құру бойынша бірыңғай пайым мен мақсаттарды қалыптастыру. 

4. Жауапкершілікті бөлу 

БК құру және жүргізу бойынша міндеттерді бөлу. 

5. Бизнес-жоспарды әзірлеу 

Қаржылық  көрсеткіштерді,  өткізу  нарықтарын,  күрделі  шығындарды, 

кәсіпорынды  ұйымдастыруды  көрсететін  егжей-тегжейлі  бизнес-жоспарды 

әзірлеу.  

6. БК іске қосу 

Бизнес-процестерді жөнге келтіру бойынша БК қолдау.  

 

Теріс әсер ететін факторлар (тәуекелдер): 



-  Әріптестердің  әртүрлі  пайымдары.  Әріптестердің  БК  стратегиялық 

даму бойынша келіспеушіліктері;  




жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау