Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет56/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   147

ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
129
генді бетіне қарап айту мен телефоннан көз алмай тұрып айтудың 
арасы жер мен көктей.
Драматургияны  қолданатын  әлеуметтанушылар  өмірде  де 
театр  сияқты  шымылдықтың  алдыңғы  жағы  (сахна)  мен  артқы 
жағы  болады деп  санайды.  Шымылдықтыц алдында біз спектакль 
қойсақ,  сахнаның  артында  дайындық  жасаймыз  және  түрлі  мі- 
нез-құлық нормаларын  қолданамыз.  Мәселен,  бір-біріне  айқайлап 
жатқан ерлі-зайыптылар есік қағылып, үйге қонақтар келген кезде 
бір-бірін  «жаным»,  «күнім»  деп  еркелете  қалады.  Мұндағы  қонақ- 
тар - аудитория, олар да өз рөлдерін ойнап жүр.
Әсерлердібасқару
Біз  жоғарыда  адамдардың  күнделікті  кездесулерде  не  істейтініне 
көп  назар  аудардық.  Бірақ  бүл  әрекеттерді  адамдардың  не  үшін 
істейтінін  сұраудың  да  маңызы  зор.  Әлеуметтанушылар  көбіне 
бұған:  «Адамдар  қоғамдағы  орнын  нығайтып,  өзіне  деген  сенімді 
қалыптастыру үшін  істейді»,  -  деп  жауап  береді  (Owens,  Stryker,  & 
Goodman, 2001; Guadagno, Cialdini, 2007).
Басқалардың  біз  туралы  көзқарастарын  басқару  үшін  жасай- 
тын іс-әрекетімізді әсерді басқару деп атаймыз (Goffman,  1959).  Біз 
көбіне  басқалардың  қоғамдық  қолдауына  ие  болу үшін  әсерді  бас- 
қаруға  тырысамыз.  Сәнді  киініп,  шашымызды  әдемілеп  тарап,  өз- 
гелермен  сыпайы  да  сырбаз  қарым-қатынас жасауға  күш  саламыз. 
Дегенмен  кейде  әсерді  басқару,  керісінше,  әлеуметке  ұнамсыз  бо- 
лып  көріну  үшін  пайдаланылады.  Мәселен,  панктер,  готтар,  «эмо- 
лар»  немесе  бұзақы  топтар  басқалар  өздерінен  қорқып,  жиіркенуі 
үшін ерекше шаш және киім үлгісін таңдайды (Willkins, 2008; Pytts- 
Taylor, 2003).  Бұл тақырып «Америкадағы әркелкілік:  Готтар» деген 
бөлімде көбірек талқыланады.
Қазіргі  күндері  біз  онлайн  өмірде  де,  жүзбе-жүз  кездесуде  де 
әсерді басқару әдісін қолданамыз. Facebook-тегі профилімізді өзгер- 
тіп,  Second  Life-тағы  аватарымызды  жаңартқан  сайын  өзгелердің 
алдындағы имиджімізді қалыптастырамыз (Turkle, 2011).
Оның  үстіне,  өзіміздің  іс-әрекетіміз  бен  таңдауымызды  түсін- 
діру үшін де әсерді басқару тәсілін қолданамыз. Мұндағы басты екі 
стратегия -  айыпты болмау және ықыласқа бөлену.
А Й Ы П Т Ы   Б О Л М А У   Ү Ш І Н   С Е Б Е П Т І  Қ О Л Д А Н У .  
КүнделІКТІ  өмірде 
6 ІЗ Д ІҢ  
қоғамдық  болмысымыз  бен  қадір-қасиетімізге  кері  эсер  ететін 
жайттар  жиі  болып  тұрады.  Жүмыстан  шығып  қалуымыз  я  емти- 
ханнан құлауымыз немесе аңдамай сөйлеп, өкінуіміз мүмкін. Бізді 
жаман етіп көрсететін бір әрекет жасап қойсақ өзіміздің қоғамдық 
бейнемізді  сақтап,  қадір-қасиетімізді  қорғаудың  жолдарын  іздеуі- 
міз керек.
Біз  өзімізді  көбіне  сұхбаттасу  арқылы  қорғаймыз.  Егер  ереже- 
ден ауытқығанымыздың себебін дұрыс түсіндіре алсақ, онда жұрт- 
тың көз алдында жалпы нормаларға бағынатын адам болып көріне- 
міз. Біз мұны  басқалар күтпеген я қаламаған істі неге істегенімізді 
түсіндіретін себеп келтіру жолымен жүзеге асырамыз.
Себеп 
а қ т а л у
 және 
н е г і з д е у
 деген  екі  санатқа  бөлінеді  (Scott  & 
Lyman,  1968). Ақталу кезінде  адам  істеген  ісінің қате,  қоғамға  қай- 
шы  екенін  мойындап,  оны  болдырмау  үшін  ештеңе  істей  алмаға- 
нын  түсіндіреді.  Ал  негіздеу  кезінде  ережені  бүзу  себебін  одан да 
жоғары  тұрған  басқа  ережеге  сүйеніп  сипаттайды  (Scott  &  Lyman, 
1968).
Әсіресе  студенттер -  ақталу  мен  негіздеудің хас  шеберлері.  Мә-
I   Бұл баланың бет әлпеті оныңәлденеге 
I   наразылығынбілдіреді.
Әсерді басқару -  басқалардың 
бізге көзқарасын басқару үшін 
жасайтын іс-әрекетіміз.
Ақталу - істеген әрекеті теріс 
екенін мойындау, бірақ оны 
бақылау қолынан келмегенін айту.
Негіздеу - істеген әрекеті теріс 
болса да оны биік моральдық 
игілік үшін жасағанын түсіндіруге 
тырысу.
9-251


130
4 -ТА РАУ
Назар 
аударыңыз
Готтар
Ә
сіресе  жастар  үшін  әсерді  басқару 
тым қиын болғанымен, өте маңызды 
Балалық  кезеңнен  өткен,  бірақ  әлі  ере- 
сектер қатарына кірмеген жастар өз бол- 
мыстарын  қалыптастырып,  басқаларды 
сол болмысқа сендіру жолында күреседі 
Бірақ  кейбіреулер  қоғам  сыртқа  тебетін 
болмысты  не  үшін  әдейі  таңдайды?  Бүл 
сүраққа жауап табу үшін әлеуметтанушы 
Эмми  Уилкинс  (2008)  өздерін  «готпыз» 
деп  атайтындарды  бірнеше  ай  бойы  ба- 
қылап, олармен сүхбаттасқан.
Готтар әдетте үстеріне ж ь р т ы қ қара 
киім киіп, денесіне адамның бас сүйегіне 
үқсас  сурет салып  алады.  Оған  қоса,  ер- 
лер!  де,  әйелдері  де  қап-қара  опа-далап 
жағып,  шаштарын  қалыптасқан  норма- 
дан бөлек  қара  я  қызғылт түске бояйды. 
Таққан  стикерлері,  киген  футболкалары 
олардың  айқай-шулы  орталарды,  вам- 
пирлер  мен  бейіттерді,  қорқынышты 
фильмдерді,  өліммен  қатысы  бар  бас- 
қа  да  нәрселерді  үнататынын  паш  етіп 
тұрады.
Бүл  сипаттамадан  бәйқағанымьіз- 
дай,  гот  ретінде эсер  қалдыру үшін біраз 
тер төгуге тура  келеді.  Сонда, олар мүны 
неүшін істейді?
Уилкинспен  сүхбаттәсқан  готтар 
бүрыннан  іштей  гот  болып  жүргенін,  жү- 
рек қалауындағы  қауымды  кездестірген 
соң  соған  барып  қосылғанын  айтқан. 
Сөйтсе де, Уилкинстің түжырымы  басқа. 
Оның айтуынша, готтардыц барлығы -  ақ 
нәсілді  орта  тап  өкілдері.  Олар  спортқа 
қызықпайды, бірақ математикаға, компь­
ютер  гылымдарына  және  ғылыми  фан 
тастикаға  қатты  қызығады.  Бір  сөзбен
АМЕРИКАДАҒЫ  ӘРКЕЛКІЛІК
Готтың сыртқы көрінісін қабылдау жастарды ақтауға көмектеседі, олардың 
іс-әрекеттері мен көзқарастарын қабылдауды жеңілдетеді жәнеоларды 
бүлікшілер деп санайтын құрбыларының құрметіне ие болуға жағдай жасайды.
айтқанда  олар  -   «қуып  кеткендер»  Гот 
болғанға дейін оларды  қатарластары  ко- 
мандаға  алмай,  дәліэдерде  келемеждеп, 
әлімжеттік  жасаған.  Олардың  спортта 
жолы  болғыш  ақ  нәсілді  жігіттер  мен 
әдемі  киініп,  шаштарын  сәндеп,  бүраң- 
дап жүрген ақ нәсілді  қыздардікі  сияқты 
қоғамдық  мәртебелері  болмаған.  Олар 
хип-хоп  мәдениетін  қолдайтындар  жақ- 
сы  көретін  афроамерикалықтар  немесе 
испантектілер сияқты  да  қоғамдық  мәр- 
тебеге ие бола алмады.
Гот  образынә  кіріп,  өзгелерге  эсер 
қалдыру  арқылы  олар  бірнеше  мақсат- 
қа  жеткен.  Олар  басқаларды  әдейі  қор- 
қытқан,  сол  арқылы  өзгелерден  зорлық
көру  азабынан 
құтылған.  Екіншіден, 
готтарды  «бүзақылар»  деп  мойындзған 
қатарластарының  қүрметіне  ие  болған 
Үшіншіден,  олар  өздерінің  образдарын, 
іс-әрекеттерін  және  хоббиларын  түсін- 
дірудің  жаңа  әдісін  тапты,  әрі  олар өзде- 
рімен  келіспейтіндердің  пікіріне  қулақ 
аспауды  үйренді  Сол  сияқты  басқа  да 
ақ  нәсілді  жастар  -   суретке,  өлеңге  не 
театрға  қызығатын  ер  балалар,  күлген- 
ді  үнатпайтын  ақылды  қыэдар  мәдени 
нормаларға  орайласа  қоймайтын  панк 
немесе  эмо  болмысы  мен  обраэын  таң- 
дай  алады.  Осы  арқылы  олар  «ортадан 
қуылған адамнан» «бұзақыға» айналады.
селен,  бір  студент жазба жұмысын кеш тапсыру себебін  мектептің 
талисманы  болып  рөл  ойнағанымен  түсіндіреді.  Оның  айтуынша, 
үй жұмысы талисман киімінің жеңінде қалып қойыпты, ал костюм 
спортзалдың  киіну  бөлмесінде  ілулі  тұр,  демалыс  күндері  бөлме- 
нің  есігі құлыптаулы  болған  (Troop,  2007).  Енді  бірі сабаққа келме- 
ген себебін электронды поштамен мынадай хат жолдау арқылы не- 
гіздеуге тырысқан:
Б ү гін   с а б а қ қ а   к е л е   а л м а й м ы н .  Себебі  ж ы л   с а й ы н   к о р п у ста  Jell-О  желе 
к ү р е с ін   ұ й ы м д а с т ы р а м ы з .  Қ азір   ғ а н а   ж а р ы с қ а   а р н а п   әзірлеген   185 
л и т р  ж е л е н ің  б ү з ы л ы п  к е т к е н ін  б а й қ а д ы м .  Е нд і к е ш к і с а ғ а т  9-ға дейін


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау