Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет49/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147

ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
115
Деректерге ден  қр й с ақ
Америка дағы әралуандық
Кейбір  сауалнамалар  адамдардан  өзіне  ең  жақын  деген  нақты  бір  нәсілдік 
топты  таңдауды  сұрайды.  Енді  бір  сауалнамалар  бірнеше  нәсілдік  топты  таң- 
дауға  мүмкіндік  береді,  тіпті  испантектілердің  де  өздерін  белгілеуін  сұрайды 
(испантектілер  нәсілдік  топ  болып  саналмайды).  АҚШ-тағы  халық  санағының 
нәтижелері әркелкі сұрақтарға жұрттың қалай әртүрлі жауап бергенін көрсетеді.
Қысқа ж ауап
П ай ы зд ы қ
кө р сеткіш
Т о л ы қ ж а у а іі
П ай ы зд ы қ
к ө р сеткіш
А қн әсілд і
72.4%
И спантекті емес 
ақ  нәсілді
63.7%
И спантекті
16.3
А ф роам ернкалы қ
12.3
Испантекті емес 
афроамерикалы қ
12.6
Ж ергілікті
а м е р и к а л ы қ
(үндіс)
0.9
Ж ергілікті
ам ерикалы қ
(ундіс)
0.7
А м ер и кал ы қ
азиат
3.6
А мерикалы қ азиат
3.6
Басқа
8.0
Басқа
0.3
Аралас нэсілді
2.9
Д е р е к т е р д і   т ү с і н д і р у :
  Барак  Обама  сияқты  анасы  ақ  нәсілді, 
әкесі  африкалық  азаматтың  «афроамерикалық»  деп  аталуына 
қатарластарының  ықпалы,  отбасылық  байланыстар,  әлеуметте- 
ну, мәдени нормалар сияқты әлеуметтік факторлардың қайсысы 
көбірек эсер етті деп ойлайсыз?
Д е р е к т е р д і   с ы н а у :
  адамдардың бірнеше нәсілді таңдауына  мүм- 
кіндік  беру  Америкадағы  нәсілдің  бейнесін  түсінуімізге  қалай 
эсер  етеді?  Нәсілі  туралы  дерекгерді  испантектілердің  бірегей- 
лігі  туралы  деректермен  біріктіру  Америкадағы  әралуандықты 
сезінуімізге қалай эсер етеді?
ДЕРЕККӨЗ: Humes. Jones. & Ramirez (2011).
қатысты  алаңдаушылық бар,  осының өзі күнделікті өмірде нәсілдік 
мәртебенің  алатын  орнының  қаншалықты  маңызды  екенін  аңғар- 
тады. Ал «аралас нәсіл» санатының енгізілуі нәсілдік мәртебелердің 
және ол туралы пікірдің өзгеріп келе жатқанын көрсетеді.
« Д е р е к т е р ге   д е н   қ о й са қ :  А м е р и к а д а ғ ы   э р а л у а н д ы қ »
  бөлімінде  бұл 
туралы кеңінен айтылады.
Халықтың  нәсілдік  мәртебелерге  бөлінуі  әлеуметтік  өмірге  де 
эсер  етеді.  Мысалы,  Индиана  штатындағы  Гэри қаласы тұрғындары- 
ның 84 пайызы афроамерикалық болса, Солтүстік Дакотадағы Бисмарк 
қаласында олардың үлесі 0,3 пайыз ғана (АҚШ Халық санағы бюросы, 
2011).  Демек,  Бисмарк  түрғынымен  салыстырғанда  Гэри  қаласында- 
ғы ақ нәсілді тұрғын афроамерикалықпен кездесуден қашып қүтыла

Нәсілдік кемсітушілік 
I  афроамерикалықтардыңөміріне 
әлі де кері әсерін тигізіп жатқанымен, 
олардың көбі қазір медицинада, заң, 
бизнес және басқа да салаларда 
жетістікке жетіп келеді.


116
4 -ТА РА У
әлеуметтану және сіз
Әртүрлі рөл ойнап жүргендіктен, 
көп студент рөлдер қақтығысынан 
зардап шегеді. Оқытушылар үй 
жұмысын уақытында тапсыруды 
сұраса, бастығыңыз көбірек жұмыс 
істегеніңізді қалайды. Егер спорт 
командасында болсаңыз бапкер 
сіздің дұрыс демалғаиыңызды 
жөн көреді, ал достарыңыз «бас 
қосып, көңіл көтерейік, кештерге 
барайық» деп өтініш білдіреді.
Егер кейде бір тәуліктің 24 сағаты 
жетпейтініне кейитін болсаңыз
рөлдер қақтығысын бастан кешіп 
жүрген болуыңыз мүмкін.
Әлеуметтік интеракция -
адамдардың күнделікті, бетпе-бет 
кездесіп, өзара әрекеттесуі.
Рөлдік шиеленіс -  бір мәртебенің 
ішінде өзара үйлесімсіз бірнеше 
рөлдің болуы.
Рөлдік қақтығыс -  бір адамның 
бойында бір-бірімен үйлеспейтін 
рөлдік міндеттері бар бірнеше 
мәртебенің болуы.
алмайды  және  статистикалық  тұрғыдан  оның  афроамерикалыққа 
үйлену ықтималдығы әлдеқайда жоғары.
Бүған  қоса,  нәсілдік  мәртебе  адамдардың  өмір  салтына  да  көп 
жағынан  эсер  етеді.  Афроамерикалықтармен  салыстырғанда  амери- 
калық  ақ  нәсілділердің мүмкіндіктері  көбірек.  Әрине,  афроамерика- 
лықтар  да  табысқа  жете  алады.  Барак  Обаманың  президент  болып 
сайлануы  -   осыған  дәлел.  Алайда  ақ  нәсілділермен  салыстырғанда 
афроамерикалықтар  арасында нәресте өлімі де, жұмыссыздық та екі 
есе  көп,  ал  қара  нәсілді  америкалықтың  кісі  қолынан  қаза  табу  ық- 
тималдығы  сегіз  есе  жоғары  (АҚШ  Халық  санағы  бюросы,  2011).  Бұл 
нәсілдік мәртебенің кесірі көп тиетінін дәлелдейді.
Нәсілдік теңсіздік әлі де сақталып тұрғанымен нәсілдік мәртебе 
бұрынғыдай  кәсіп  және  білім  мәртебелерімен  тікелей  байланысты 
болмай қалды, сондықтан әр адамның мәртебесі әркелкі болуы мүм- 
кін.  Бұдан қырық жыл бұрын афроамерикалық болу деген сөз  білімі 
аз,  ақ  нәсілділермен  салыстырғанда  нашар  жүмыста  істейтін  адам 
дегенді білдіретін.
Бүгінде  адамның туабітті  мәртебесі  (нәсілі)  оның қол жеткізген 
мәртебесі  (білімі,  қызметі)  жайлы  дүрыс  ақпарат  бермеуі  мүмкін. 
Алайда  афроамерикалықтар  АҚШ-тағы  барлық  медбикелердің 34 па- 
йызын құраса,  дәрігерлердің тек  6  пайызын  ғана  құрайды  (АҚШ  Ха- 
лық санағы бюросы, 2011).  Бір-бірімен тығыз  байланыстағы нәсілдік, 
саяси  және  экономикалық  мәртебелерді  сақтап  түратын  процестер 
туралы толығырақ 8-тарауда айтылады.
Рөлдер
Қоғамның  мәртебелік  құрылымы  адамдардың  күнделікті  бетпе-бет 
кездесуінің  сипаттарын  көрсететін  элеуметтік  интеракция  шеңбе- 
рін  қалыптастырады.  Бұл  шеңбер  рөлдерге  толған.  3-тарауда  сипат- 
талғандай,  рөлдер  -   белгілі  бір  әлеуметтік  жағдайға  ие  адамдардан 
күтілетін әрекет және  ойлау тәсілдері. Театр  метафорасын пайдалан- 
сақ,  мәртебе қүрылымы дегеніміз -  рөлдерді  ойнайтын кейіпкерлер 
(Мәселен,  «жас  қыз,  оның  әкесі  және  олардыц  үй  күтушісі»  деген 
сияқты)  болса,  ал  рөлдер  -   кейіпкерлердің  қалай  сөйлеп,  қалай  жү- 
ріп-тұратынын,  бір-бірімен  қалай  байланысатынын  нақтылайтын 
сценарий. Театрмен салыстыру арқылы мәртебе мен рөл арасындағы 
байланыс кезінде  «адамдар мәртебеге  ие болады, рөлдерді ойнайды» 
деген нық тұжырым жасаймыз. Бұл салыстырма  құрылымдардың іс 
жүзінде қалай жұмыс істейтінін,  ал кейде неге жұмыс істемей қала- 
тынын талдау да пайдалы.
Кейде адамдардың ниеті түзу болса да өздерінің рөлдік міндетте- 
рін орындай алмай жатады. Мысалы, жұмыс жоқ болса жақсы провай­
дер болу қиын. Әсіресе рөлдер көбейіп кетсе немесе бір мезетте бірне- 
ше рөл орындалса, рөлдік міндеттер арасында үйлесім болмай қалуы 
ғажап  емес.  Әлеуметтанушылар  бір-бірімен  үйлеспейтін  рөлдік мін- 
деттердің  екі  түрін  ажыратады:  бір  мәртебенің  аясында  үйлесімсіз 
рөлдік  міндеттер  қалыптасса,  мұны  рөлдердің  шиеленісі  деп  атай- 
мыз да, оны рөлдік шиеленіс ретінде қарастырамыз; ал егер бірнеше 
мәртебенің  нәтижесінде  әркелкі  рөлдік  міндеттер  туындаса  мұны 
рөлдер  қақтыгысы  дейміз.  Мысалы,  ата-ананың  бір  кештің ішінде 
балаларының киімін жуып, ас даярлауға, үй тапсырмасын бірге орын- 
дап, ойын ойнауға уақыты жетпесе рөлдердің шиеленісі орын алады. 
Баласы  ауырған  ата-ана  жұмыстан  сүрануға  мәжбүр  болса,  ал  оның 
жұмыс берушісі жүмыстағы міндеттерін отбасындағы міндеттерінен 
жоғары қоюды талап етсе, онда бүл рөлдер қақтығысы болады.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау