Қоғамдық құрылым
және әлеуметтік
қарым-қатынас
Тарау тағылымы
Осы тарауды оқығаннан
кейін студенттер:
■ мәртебелердің, рөлдердің
және институттардың сипаты
мен маңыздылығын түсінеді;
■ әлеуметтік институттар
сәтсіздікке ұшыраған немесе
қалыпты әлеуметтік нормалар
қолданылмаған кезде болуы
мүмкін жағдайларды сипаттай
алады;
■ постиндустриялық
қоғамның не екенін және
бүл қоғамның аңшылық,
терімшілік, бағбаншылық,
егін шаруашылығы және
индустриялық қоғамдардан
қалай ерекшеленетінін
түсіндіре алады;
■ күнделікті қарекетін басқару
үшін адамдардың қалыптарды
және икемді бірегейлікті қалай
пайдаланатынын саралай алады;
■ адамдардың әсерді меңгеру
тәсілін, соның ішінде ақталу,
негіздеу және сенімге кіру
әдістерін қалай және не себелті
пайдаланатынын талдай алады.
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
113
Өзара тәуелді күштер:
қоғамдық құрылым және
әлеуметтік өзара әрекеттестік
Әлеуметтанушы мамандығын таңдаған адамдардың көбі үйсіздік, пси-
хикалық аурулар немесе нәсілдік теңсіздік секілді белгілі бір әлеуметтік
проблемаларды зерттеуге қызығып, ғылым жолына түседі. Бұл пробле-
малар жалпы қоғамдық құрылымдарда да, күнделікті әлеуметтік өзара
әрекеттестікте де молынан кездеседі. Мысалы, Америка Құрама Штатта-
рында нәсілдік теңсіздік, бір жағынан, ұлттық экономиканың және сая-
си институттардың табиғатынан туындайды. Ақ нәсілден басқа қауым-
дастықтар тұратын жерде жақсы жалақы төлейтін жұмыс орындары аз
және бұл қауымдастықтардың жұмыс орнын ашатын корпорацияларға
ықпал ететіндей саяси билігі жоқ. Нәсілдік теңсіздік күнделікті өмірде де
жиі кездеседі, мұғалімдер ақ нәсілді оқушылармеи салыстырғанда басқа
нәсілді оқушыларға аз уақыт жұмсайды, ал полиция қызметкерлері ақ
нәсілділерге қарағанда басқа нәсіл иелері қылмыс жасауға бейім тұрады
деп есептейді. Осы мысалдар көрсеткендей, қоғам мен әлеуметтік проб
лемаларды толық түсіну үшін әлеуметтанушылар қоғамның құрылымы
мен әлеуметтік өзара әрекеттестікті зерттеуі керек. Бүл тарау қоғамның
осы екі негізгі ерекшелігін сипаттайды. Қоғамдық құрылымдар туралы
зерттеу құрылымдық-функциялық теорияға немесе конфликт теория-
сына негізделеді. Ал әлеуметтік өзара әрекетке түсу төңірегіндегі зерттеу
әдетте символдық интеракционизм теориясына негізделеді.
Қоғамдық құрылымдар
1-тарауда сипатталғандай, қоғамдық қүрылым - қатынастардың қай-
таланатын заңдылықтары. Қоғамның барлық деңгейінен қоғамдық
құрылымдарды табуға болады. Бейсбол ойындары, достық байланыс-
тар, отбасылар мен ірі корпорациялар - бұлардың барлығы күнделікті
қайгаланатын қарым-қатынас заңдылықтары. Бұл заңдылықтардың
кейбірі ресми ережемен, яғни заңдармен орнықтырылса, көпшілігі
әдет-ғұрыптардың күшімен орындалады.
Өмірдегі заңдылықтар, бір жағынан, шектесе, екінші жағынан,
бізге мүмкіндік береді. 9-дан 5-ке дейін жүмыс істесеңіз күндіз доп
ойнай алмауыңыз мүмкін. Алайда 5-те жұмыстан шығатыныңызды
білетіндіктен, кешке достарыңызбен кездесуді жоспарлауға мүмкін-
дігіңіз бар. Қалыптасқан заңдылықтар өмірдің көп тұстарын реттеу-
дің жайлы да ыңғайлы жолдарын ұсынады.
Сенбі күнгі ойынды алсақ та, отбасы немесе жұмыс туралы айт-
сақ та қоғамдық құрылымдар мәртебе, рөл және әлеуметтік институт-
тар сияқты үш ұғым аясында түсіндіріледі.
Мәртебе
Қоғамның негізгі іргетасы - мәртебе. Ол - адамның басқа топ мүше-
леріне қатысты қоғамнан алатын орны. Мәртебе «қол жеткізген» және
«туабітті» болып екі санатқа бөлінеді. Қол жеткізген мәртебе - адам-
ның ғұмырында қол жеткізе алатын қоғамдағы орны (ол жақсы не
жаман болуы мүмкін). Әке болу - қол жеткізген мәртебе; сотталу да
сондай. Туабітті мәртебе - туғаннан немесе мұрагерлікпен берілген, өз-
Мәртебе - адамның топтағы
басқаларға қатысты орны.
Қол жеткізген мәртебе - міндетті
нәрсе емес, бұған қол жеткізу өмір
бойы жалғаса береді.
Туабітті мәртебе - туа біткен
немесе мұрагерлікпен берілген
және өзгермейді деп саналатын
мәртебе.
8-251
114
4 -ТА РА У
гермейтін деп танылған мәртебе. Мысалы, кей адамдар операция арқылы
жынысын өзгертсе де, енді біреулер бір нәсілден екінші нәсілге «ауысып»
жатса да біз жыныс пен нәсіл өзгермейді деп есептейміз. Сондықтан әлеу-
меттанушылар жыныс пен нәсілді туабітті мәртебе деп қарастырады.
Әр адам бір мезгілде сан мәртебенің иесі болады. Сіз біреудің қызы
немесе ұлы, спортшы, христиан, даяшы және тағы басқа болуыңыз
мүмкін. Мәртебелердің осындай қосындысы мәртебелер жиынтығы
деп аталады.
Әлеуметтанушылар әдетте қоғамның мәртебелік құрылымын
төрт мәселеге қатысты талдайды: 1) қоғамда бар мәртебелердің саны
Мәртебелер жиынтығы-
мен түрлері; 2) осы мәртебелердің адамдар арасында таралуы; 3) түр-
адамның барлық мәртебелерінің
лі мәртебелерге ие болудың салдары, ресурстары және мүмкіндіктері;
қосындысы.
4) белгілі бір қоғамдағы мәртебелердің ықтимал комбинациясы.
4.1-КАРТА. АҚШ-тағы аралас нәсілді
адамдар
АҚШ түрғындарының шамамен 2
пайызы, ал америкалықбалалардың
4 пайызы екі немесе одан да көп
нәсілді болып келеді. Аралас нәсілді
тұрғындардың мың адамға шаққандағы
үлесі әр штатта әркелкі. АҚШ Санақ
комитеті және әлеуметтанушылар
испантектілерді бөлек нәсіл деп
санамайды, сондықтан бүл картаға
жартылай испантектілердің
мәліметі енбей қалған.
ДЕРЕККӨЗ: Humes, Jones & Ramirez (2011).
Case study: нәсілдің мәртебелік сипаты
Біздің мәртебеміз өмірімізді қалай реттейтінін көрсету үшін АҚШ-та
афроамерикалық болып ғұмыр кешудің қарым-қатынасқа және жал-
пы тіршілік барысына қалай эсер ететінін зерттейміз.
Алдымен анықтап алайық, АҚШ-та қанша нәсілдік мәртебе бар
деп ойлайсыз?
XX
ғасырдағы санақтардың барлығында АҚШ Халық
санақ бюросы америкалықтардан өз мәртебесін анықтатанда «ақ
нәсілді», «афроамерикалық», «жергілікті америкалық», «азиялық» не
месе «басқалар» деген санаттардың біреуін таңдауды сүраған. Тек 2000
жылдан бастап қана халық санағы кезінде бірнеше нәсілді таңдауға
мүмкіндік берілді, сөйтіп, аралас нәсілді адамдар санаты енгізілді.
4.1-карта АҚШ-та 2010 жылғы санақ бойынша аралас нәсілді
адамдардың таралуын көрсетеді. Бүкіл әлемде нәсілдік мәртебеге
MINNESOTA
WISCONSIN
ILUNCXS
I INDIANA
V\5*GJN^
MISSOURI
KANSAS
KENTUCKY
C A R O L S
T0tt4ESS&
ARKANSAS
ALABAMA
АҚШ-тағы ap
нәсілді адам/
07-10/1.000
СИ 11-19/1,00(
LOUISIANA
Достарыңызбен бөлісу: |