Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет37/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   147

86
2-ТАРАУ
Саяси  өзгерістер  жаьандануға  да  ықпал  етті.  1991  жылы  Кеңес 
Одағы  ыдырағаннан  кейін  оның  орнында  пайда  болған  мемлекеттер 
(Белоруссия  мен  Эстония  сияқты),  сондай-ақ  саяси  билігі  тарапынан 
(Польша  мен  Армения  сияқты)  шектеліп  қалған  елдер  капиталистік 
экономикалық жүйеге умтылды. Шикізат көздерін тауып, өнім өндіру 
үшін басқа елдермен экономикалық, саяси және мәдени байланыстар 
орнату қажет болды.
Кеңес Одағының ыдырауы, сонымен бірге мемлекеттерге халықара- 
лық сауда кедергілері тудыратын саяси шиеленісті төмендетті.  Енді Еу- 
ропа елдері -  Кеңес Одағынан құтылған кезде, олар Еуропалық Одақ (ЕО) 
түріндегі  континенттік үкіметке  бірікті.  Осы  одақ көлемінде тауарлар, 
жеке тұлғалар мен қызметтер арасындағы қатынастар бұрын-соңды бол- 
маған еркіндікке ие болды. Польша дәрігерлері қазір Финляндиядан жоға- 
ры ақы төленетін жұмыс орындарын іздей алады, фин дәрігерлері Шве- 
цияда жұмыс істейді және швед дәрігерлерівиза немесе иммиграциялық 
заңдарға алаңдамай, Ұлыбританиядан жұмыс іздей береді. Неміс зауыт- 
тары өз өнімдерін Испанияға тасымалдап, сата алады, ал испан зауытта- 
ры өз өнімдерін Грекияға аз құжаттармен немесе төлемақы тарифтерімен 
жібереді. Сол сияқты 1994 жылы Канада, АҚШ және Мексика арасындағы 
сауда  кедергілерін  азайту  мақсатында  -   Солгүстік  Американың  еркін 
сауда туралы келісімі (NAFTA) қабылданды. Соңғы кездегі экономикалық 
құлдырау, кейбір елдерді өз фермерлері мен өндірушілерін қорғау үшін 
сауда  кедергілерін  күшейтуге  мәжбүрлегенімен,  жаьандану  қуатты 
күш болып қала береді.
Жаьанданудың ықпалы
Жаьандану  -   аса  қуатты  күш.  Ол  әлем  мәдениетіне,  экономикасы 
мен  саясатына,  сондай-ақ  қоғам  өмірінің  барлық  салаларына  эсер 
етуде.
Мәдени ықпал
Найробиде жастар  америкалық хип-хогі музыканы тыңдап,  «Pepsi» 
ішеді.  Нью-Йорк  қаласының жастары Ямайка  регги  концерттеріне 
барып,  Гарри  Поттер  туралы  кітаптарды  оқиды.  Үндістанда  Голли­
вуд  фильмдері  «Болливуд»  (Бомбейде  шығарылған)  фильмдерімен 
бәсекеге  түседі.  Мүның  бәрі  -   мәдениеттің  ғаламдық  таралуына 
мысалдар;  себебі  кинофильмдер,  телевизиялық  шоу,  музыка,  әде- 
биет және басқа  өнер туындылары  барған  сайын бүкіл әлемге тара- 
лып, әлемдік қолданысқа түсуде.
Бұқаралық  мәдениеттің  осы  элементтері  көңіл  көтеруді  ғана 
емес, мәдени құндылықтарды да қамтиды. Үндістан жасөспірімдері 
америкалық  фильмдерді  көргенде,  олар  АҚШ-тағы  соңғы  сән  үлгі- 
сімен,  музыкамен  танысып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  дәстүрлі 
үнділік тәжірибелерге,  мысалы,  ата-аналары  келіскен  некеге тұру, 
әйелдердің  бағынышты  болуы,  ата-аналар  сөзіне  мойынсүну және 
отбасы жеке  адамнан маңыздырақ деген  сенімдерге күмән келтіре 
бастайды.  Осы  себептен  дүниежүзінде  адамдардың  көбі  жаьан- 
данудың  адамдарға  әсіресе  балалардың  мәдени  қүндылықтарына 
оң ықпал етеріне күмәнмен қарайды.
Экономикалық ықпал
Жаьандану,  сондай-ақ  тауарларды  сатуға  да,  шығаруға  да  эконо- 
микалық  ықпалын  тигізді.  Әртүрлі  елдерде  өмір  сүретін  адамдар


МӘДЕНИЕТ
87
арасында  экономикалық  белсенділік  артуда.  Бұл  күндері  орыс- 
тар  Coca-Cola  сатып  алса,  америкалықтар  «Тойота»  сатып  алады. 
Жаьандану  -   тауарлар  халықаралық  ауқымда  шығарылған  кезде 
орын  алады.  Мысалы,  «Тойота»  сияқты  ұлтаралық  корпорация  бір 
елден  тауар  шикізаттарын  сатып  алып,  олардан  екінші  бір  елде 
автомобиль  бөлшектерін  өндіреді,  үшінші  елде  машиналарын жи- 
найды,  төртінші  елде  қалдықтарды  өңдейді.  Сөйтіп,  бүкіл  әлемге 
өз машиналарын сатады.
Байқаушылардың 
осындай 
халықаралық 
экономикалық 
кәсіпорындардың әсерін  бағалауында  айтарлықтай  ерекшелік  бар 
(Wade, 2001; Bordo et al., 2003). Олардың кейбірі халықаралық қаржы 
байланыстары  экономикалық  өсімді  ынталандыра  отырып,  өмір 
сүрудің  барлық  деңгейін  жақсартады  және  өзара  тәуелді  (бейбіт) 
әлем құруға  себеп болады деп үміттенеді  (Stiglitz,  2003).  Басқалары 
үлтаралық корпорациялар кедей елдерден шикізат өндіру арқылы 
жергілікті  тұрғындарға  мардымсыз  жалақы  төлеп,  дамыған  ел- 
дерде  заңсыз  болып  табылатын  зиянды  жағдайларда  жұмыс  істе- 
ту  арқылы  сол  елдерге  залал  келтіріп  жүргенін,  ал  барлық  пайда- 
сын  бай  елдер  көріп  отырғанын  айтады  (Petras  &  Veltmeyer,  2001; 
Wallerstein, 2004).
Сыншылар  да  дамыған  елдердегі  экономикалық  жаьандану- 
дың  әсеріне  күмәндана  қарайды  (Publicitizen,  2008).  Мысалы, 
2000-2010  жылдар  аралығында  Құрама  Штаттардан  3  миллионға 
жуық жұмыс орны  еңбекақысы төмен басқа  елдерге ауыстырылды 
(Wessel,  2011).  Сол  себептен  басқа  америкалық  қызметкерлер  жұ- 
мыс орындарын шетелге көшірмес үшін жалақысы мен сыйақысын 
қысқартқанға  көнді.  Сол сияқгы бастапқыда зауыттарын АҚШ-тан 
Мексикаға  көшірген  көптеген  корпорациялар  осы  зауыттарын  Қы- 
тайға  немесе  Вьетнамға  көшірді.  Мәселе  мынада:  бұл  жаьандық 
жұмыс  қозғалысы  жұмыс  орындарын  бай  елдерден  кедей  елдер­
ге  ауыстыра  отырып  жалпы  табысты  көтере  ме,  элде  табысты  на- 
рықтың ең төменгі қатысушыларының деңгейіне дейін төмендете 
ме? Деректерге ден қойсақ:  «Жаьанданудың қүрамдас бөліктерінің 
халықаралық деңгейде  мақұлданбауы»  бүкіл  әлемдегі  ж аьандану 
жағдайына қатысты көзқарасты көрсетеді.
І
Жаһандану америкалықөнімдер 
мен америкалық мәдени 
құндылықтарды бүкіл әлемге таратып 
отырғандықтан, ол басқа қоғам 
мәдениеттеріне қарсы келуі мүмкін. 
Нәтижесінде, жаһандану мемлекет 
көлемінде де, АҚШ пен басқа 
мемлекеттер арасында да шиеленісті 
күрт арттыруы ықтимал
Жаһанданудың ықлальі
Жаьандану ел ішіндегі және мемлекеттер  арасындағы саяси  билік- 
тің  теңгеріміне  қалай  эсер  етті?  Кейбір  байқаушылар  ұлтаралық 
корпорациялар  ауқымы  мен  байлығы  жағынан  қазіргі  уақытта 
көптеген  мемлекеттерден  асып  түсетінін  айтады.  Корпорация- 
лардың  капиталды,  жұмыс  орындарын  және  әл-ауқатты  бір  елден 
екіншісіне  көшіру  мүмкіндігі  кез  келген  елдің  заңдарын  басып 
өтуіне  мүмкіндік  береді  (Sassen,  2001).  Ел  экономикасы  ұлтаралық 
корпорацияға  тәуелді  болғанда,  мемлекеттің  ол  корпорациядан 
бас тартуға  мүмкіндігі болмайды. Мысалы,  Гватемаланың АҚШ-қа 
тиесілі  United  Fruit компаниясының  еңбек тәжірибесін  бақылауда 
мүмкіндігі  шектеулі,  себебі  корпорация  қалаған  жағдайда  ел  эко- 
номикасына кері әсерін тигізуі мүмкін (Amaro et al., 2001).
Халықаралық  үйымдар  (Дүниежүзілік  банк,  Халықаралық 
валюта  қоры  және  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының халықаралық  қыл- 
мыстық соты) санының күрт өсуі -  жаьандану процесінің тағы  бір 
көрінісі.  Бұл ұйымдардың негізгі алғышарты -  ел үкіметінің ықпа- 
лын  бәсеңдету,  мемлекеттердің  халықаралық  мақсаттарға  (мыса­
лы,  еркін  нарықтарды  ілгерілету,  саяси  тұтқындарды  азаптауды 
тоқтату  немесе  сауда  кедергілерін  азайту)  сай  келуі  үшін  қысым


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау