Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет120/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   147

ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС
275
АМЕРИКАЛЫҚ ӘРАЛУАНДЫҚ
Навар 
аударыңыз
Гендер және 
кездесулер
А
ҚШ-тың  жынысты қ  мінез-кулығын- 
дағы  соңғы  өзгерістердің  бірі  -  
«жеңіл  кездесу  мәдениетінің»  әсіресе 
колледждерде оқитын гетеросексуалды 
студенттер  арасында  кеңінен  гаралуы. 
Жүргізілген  зерттеулерде  колледж  сту- 
денттерінің  уштен  екі  бөлігінен  төрттен 
уш  бөлігіне  дейіні  сжеңіл  кездесумен» 
айналысатыны анықталды.  Олардың 40 
пайызы үш немесе одан да аз кездесуге 
қатысқан (Heldman & Wade, 2010).
Бір  жағынан,  «жеңіл  кездесу» 
әдеттегі 
танысу, 
ж олы ғуға 
ұқсас. 
Үштен  екі  бөлігі  сүйісумен  шектеліп, 
жартысына  ж уы ғы   басқа  адамдар- 
мен 
(көбінесе 
достармен 
немесе 
бүрынғы 
ашынасымен) 
ж ы н ы сты қ 
қатынасқа  түседі;  оның  көбі  болашақ 
қары м-қатынастан  үміттене  бастаған 
(Armstrong,  Hamilton  &  England,  2010; 
Manning,  Giordano  &  Longmore,  2006; 
Heldman & Wade, 2010)
Бүл  -   романтикалық  сезімсіз  жы- 
ныстық  қатынастарды  қабылдау  және 
тану,  кем  дегенде,  ақ  нәсілді  гетеросек­
суалды  колледж  оқушылары  арасында- 
ғы  қатынастардың  өзгерісін  көрсетеді. 
(басқа  елдер  туралы  деректер  аз.)  Көп- 
теген  адамдар  бүл  өзгерістерге  негіз 
6onf ан екі фактор деп санайды (Heldman 
&  Wade,  2010).  Біріншіден,  колледж  кам- 
пусында  қазір  қыздардың  саны  басым, 
ал  үлдар  олардың  «барлығымен  кезде- 
сіп», бір бойжеткенмен шектелудің қаже- 
ті ж о қ деп санайды  Керісінше, қыздар ер 
адаммен қарым-қатынас қүратын болса, 
онымен жыны сты қ қатынасқа түсуге ке- 
лісуі  тиіс  деп  ойлайды.  Сонымен  қатар 
көптеген  жас  қыздар  кәсіпқой  мансап- 
ты  армандап,  жоғары  оқу  орындарына 
түседі.  Кейін  неке  қүруды  жоспарлаған 
көбісі  «жеңіл  кездесулер»,  кездейсоқ 
жынысты қ  қатынастар  кесірінен  қатер- 
геүшырайды.
Ерлер  де,  әйелдер  де  кейде  «жеңіл 
кездесулерді»  қалауы  бірдей  болуына 
қарамастан,  салдарлары  мен  зардабы
әр  басқа.  Біріншіден,  әйелдерге  кара- 
ганда  «жеңіп  кездесулерден»  көбінесе 
еркектер  рақатқа  беленеді.  (Armstrong, 
Hamilton&England,  2010).  Екіншіден.  «же- 
ңіл  кездесуге»  келіскен  әйелдерде  бас­
ка  әйелдерге  Караганда  зорлыкқа  тап 
болу  қаупі  көбірек.  Зорлау  оқиғалары- 
ның  төрттен  үш  бөлігі  осындай  «жеңіл 
кездесулер»  нәтижесінде  болған  (Hack 
et  al;  2007).  Үшіншіден,  ерлерге  Караган­
да  әйел  адамдар  мұндай  кездесулерге 
жиі көнеді.  Себебі өздерін аяулы сезініп, 
ж ігітінің  көңілін  табу  үшін  немесе  кей 
бір  когамды к  топқа  кабылдануы  үшін 
осындай  іске  барады  (Bogle,  2008).  Соң- 
гысы, «жеңіл кездесулер» аркылы ерлер 
өздерінің беделін арттыра алады. Ал дәл 
солай істейтін әйелдер әсіресе спорттық 
топта немесе достар арасында бір адам- 
нан  баскасымен  ж ынысты қ  қатынаста 
болса  «жеңіл  жүрісті  әйел»  атағына  ие 
болады.
Жасөспірімдердің жыныстық  белсенділігінің  төмендеуі  СПИД 
және  басқа  жыныстық жолмен  берілетін  аурулардың қауіп-қатері 
туралы хабардар болуына да  байланысты. Жақында өткізілген зер- 
теулерге  қарағанда,  жасөспірімдер  арасындағы  ұлдардың  80%-ы 
және қыздардың 69%-ы  соңғы жыныстық қатынаста сақтану шара- 
сын қолданғанын айтты -  бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштер- 
ден  жоғары  (Kaiser  Family  Foundation  2011).  Дегенмен  тұрақты  қа- 
рым-қатынас  бастаған  адамдардың  презервативті  қолдануы  өте 
сирек болады.  Өкінішке  қарай,  адамның  өзі мойындамаса  жыныс- 
тық жолмен берілетін аурудың қалай ж ұққанын білу мүмкін емес. 
Ал адамдардың көбі  ауру жұқтырғанын  білмейді,  білгендері  болса 
айтпайды.
Жасөспірімдік  жыныстық  қатынастардың  салдары  қатерлі 
болуы  ықтимал  десек  те,  оның  қалыпты  екенін  мойындау  керек. 
Шамамен 2000 жылдан бері зерттеушілер жасөспірімдердің жыныс- 
тық белсенділігі ересекке тән жыныстық қатынастың негізін қалау- 
ға, адамныңтұлға ретінде қалыптасуына көмектесетінін (Tolman & 
McClelland 2011) дәлелдеп бақты.  Сонымен бірге әрбір адамның жы- 
ныстық қатынастан рақат алуға құқығы бар, сондай-ақ жыныстық 
рақатқа  жету  ж олдары £  сезімдерге  ие  болу,  серіктестің  қалауын 
қабылдау және жыныстық қатынас қаупіне  тап  болмау жолдарын 
үйрететін жазбаларын ұсынды.


276
9-ТА РА У
Г о м о с е к с у а л д а р  -  ө зд е р ім е н   бір 
ж ы н ы с т а ғ ы  а д а м м е н  ж ы н ы с т ы қ  
қ а т ы н а с  п е н  р о м а н т и к а л ы қ  
қ а р ы м -қ а т ы н а с т ы  қ а л а й т ы н д а р .
Некедегі ж ы ны сты қ қатынас
Кейбір ерекше себептермен некеге байланысты жыныстық сценарий- 
лер аз уақыт аралығында өзге^рістерге ұшырады. Мысалы, жыныстық 
белсенділіктің жиілігі  жылдар  бойы  некеде  тұрған  адамдар  арасын 
да  мүлдем  өзгермеген болып көрінеді  (Call,  Sprecher & Schwartz,  1995; 
Laumann  et  al,  1994).  Қазір  де  бұрынгыдай  адам  некеде  неғұрлым 
ұзақ  болса,  соғұрлым  жыныстық  қатынасқа  түсудің  сиреп  кетуі - 
бұлжымайтын жайт.  Мұның өзі адамның жасына,  біліміне  немесе 
жағдайға  қарамастан  ерлі-зайыптылардың  барлығына  тән  болып 
көрінеді.  Бірінші жылдан  кейін көптеген себептерге -  балалар, жү- 
мыс,  қоғамдағы  қатынастар,  үй  шаруашылығы,  қаржы  мәселесі 
тәрізді  жайттарға  байланысты  некедегі  жыныстық  қатынастың 
ж иілігі  азаяды  (Call,  Sprecher  &  Schwartz,  1995).  Дей  тұрсақ  та  жы- 
ныстық  қатынастардың жиілігі  мен  сапасына  қанағаттану жұбай- 
лардың отбасы бірлігін сақтауына ықпал етеді (Laumann et al.  1994; 
Litzinger & Gordon, 2005).
Осы тарихи қалыптылыққа қарамастан, соңғы он жыл көлемін- 
де ерлі-зайыптылардың жыныстық сценарийлері маңызды өзгеріс- 
терге  ұшырады.  Жыныстық  жугенсіздікке  бой  ұрып,  азғындыққа 
салыну байқала  бастады.  Екіншіден,  қазір  ерлер  де,  әйелдер  де  не- 
кеден  тыс  қатынастарға  түседі.  Опасыздықтың  қосарланған  стан- 
дарттары  өзгерді:  1990 жылдары жүргізілген  зерттеулер  ерлер мен 
әйелдердің  50  пайызы  некеден  тыс  жыныстық  қарым-қатынасга 
болғанын көрсеткен (Laumann  et аі.1994). Өкінішке қарай, қазір не- 
келік жыныстық қатынастарға қатысты жаңа деректер жоқ,  себебі 
жыныстық зерттеулерге арналған федералдық қаржыландыру кон- 
сервативті саясаткерлер тарапынан қысқартылды.
Ж ынысты қ азш ы лы қтар
Халықтың  көпшілігі  гетеросексуал,  яғни  қарсы  жыныстағы  адам­
мен  ғана  жыныстық  қатынасқа  түсіп  романтикалық  қарым-қаты- 
наста  болуда. Дегенмен ішінара  бұл  сценарийден  ауытқушылар да 
кездесіп қалады. Бүл тарауда гомосексуалдар мен трансгендерлілер 
мәселесі талқыланады.
Қоғам дағы   гомосексуализм
Жыныстық  азшылықтардың  кең  тараған  түрі  -   гомосексуал­
дар  (гей  және  лесбияндар)  ретінде  белгілі.  Алайда  АҚШ  санағы 
адамдардан жыныстық бағдары туралы сұрамайды,  Санақ бюросы- 
ның зерттеуі Құрама  Штаттарда  тұратын  646 000  осындай жұп бар 
екенін  анықтады.  Бұл  «Деректерге  ден  қойсақ:  Бір  жынысты  жұп- 
тардың санын анықтау» тақырыпты тарауда талқыланады.
Басқа  сауалнамалар  бойынша  америкалықтардың  2-6  пайызы 
өзін  гомосексуал  деп,  тағы  2-6  пайызы  өздерін  бисексуал  деп  си- 
паттайды (Binson et al.  1995, Lauman et al.  1994;  Herbenick et al.  2010). 
Гомосексуалды немесе  бисексуалды ерлер  саны  сондай  эйелдерден 
екі  есе  көп.  Ерлердің  де,  әйелдердің  де  арасында  бір  жынысты  қа- 
рым-қатынасқа  бас  бұрғандардың  саны  өзін  гомосексуал  немесе 
бисексуал екенін мойындаған пенделердің санынан әлдеқайда көп. 
Зер гтеушілердің назарынан тыс қалғандары қаншама.
Гомосексуализм  барлық  мәдениеттерде  кездеседі  және  адамзат 
тарихында ішінара орын алған құбылыс.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау