Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет119/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   147

ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС
273
Сексизм және нәсілшілдікпен күрес
Феминистік  қозғалыстың тарихына  қарасақ,  ақ  нәсілді  әйелдер  мен 
ақ нәсілді емес әйелдер өмірді жақсарту мақсатында бірігіп іске кіріс- 
кенін  көруге  болады.  Дегенмен  үшінші  толқындық  феминистердің 
айтуынша,  феминисток қозғалыс  кейде  (егер  байқалмаса)  ақ  нәсілді 
әйелдерге қатысты мәселелерді ғана шешуге бағытталған.
Ақ нәсілді емес әйелдердің геңдік үшін күресі әрқилы себептерден 
басталады және түрлі мәселелерді қозғап, оларға жауап табады.  Басты- 
сы, ақ нәсілді емес әйелдердің алдында екі жақты дилемма туындайды. 
Біріншіден, олар ақ нәсілді әйелдердің дәстүрлі рөлдері қорғалғанынан 
еш пайда көрген жоқ. Ақ нәсілді емес әйелдер үнемі үйінен тыс жерде 
жұмыс істеген. Мысалы, 1900 жылы некедегі афроамерикалық әйелдер- 
дің жұмысқа тартылуы некедегі ақ нәсілді әйелдерге қарағанда  алты 
есе артық болған (Goldin,  1992).  Олар жұмыс істегенімен,  әйел заты  бо- 
луына байланысты түрлі экономикалық және азаматтық айыптаулар- 
дан зардап шеккен. Демек, дәстүрлі гендерлік рөлдерінен бас тартудан 
жоғалтқанынан  пайда  көретін  әйелдер  саны  өте  аз.  Екінші  жағынан, 
ақнәсілді емес әйелдер мүдделер қайшылығына тап болды: оларды не- 
гізінен жәбірлейтін нәсілшілдік пе, сексизм бе; олар жұмысын бастаса, 
нәсілшілдікті жоюы тиіс пе, әлде сексизмді жоюы тиіс пе? Ал олар әйел- 
дер құқығын қорғаса, өздерінің нәсілдік және этностық топтарындағы 
ер адамдарға қарсылық білдіргені деп қарастырылуы мүмкін.
Ағымдағы табыс статистикасы әйелдердің табысын нәсілден гөрі 
жынысы анықтайтынын көрсетеді: латынамерикалық, афроамерика- 
лық және  ақ нәсілді  әйелдер  арасындағы табыстың айырмашылығы 
әйелдер  мен  ерлер  арасындағы  айырмашылыққа  қарағанда  аз.  Бұл -  
ақ нәсілді емес әйелдерге нәсілдік дискриминацияға қарсы күрестен 
гөрі жыныстық дискриминацияға  қарсы  күрес жүргізу пайдалы  еке- 
нін  білдіреді.  Бірақ  бүл тұжырым  әйелдер  мен  олардың  балалары  өз 
күйеулерінің,  әкелерінің табысына  тәуелді  екенін  ескермейді.  Мыса­
лы, афроамерикалық ерлердің табысы аз, жүмысқа  орналасу мүмкін- 
діктері шектеулі болғандықтан, афроамерикалық әйелдер мен балала­
ры ақ нәсілділермен  салыстырғанда,  кедейлік шегінен үш  есе төмен 
деңгейде өмір сүреді. Сондықтан ақ нәсілді емес әйелдердің нәсілшіл- 
дікпен де, сексизммен де күресуіне негіз бар.
Дилемма шешімсіз қалды. Әйелдердің қүқықтары үшін құрылған 
қозғалыс ақ нәсілді орта тап өкілдерінің қозғалысы деп саналады, ал 
ерлер  арасында  нәсілдік  және  этносаралық  қозғалыстар  байқалады. 
Солай бола тұра азшылық әйелдердің аз гана бөлігінің нәсілшілдікке 
де, сексизмге де қарсылық көрсетуі басталғалы үзақ уақыт өтті.
Ж ы н ы с т ы қ   а й ы р м а ш ы л ы ң  
ә л е у м е т т а н у ы
Гендер  секілді  жыныс  та  биология  мен  мәдениеттің  өнімі.  «Нағыз» 
жыныстық  өмір  туралы  ой-пікірлерде  мәдениетаралық  айырмашы- 
лықтар бар және тарихи тұрғыда н өзгермелі бол а ды. Жүздеген жылдар 
бұрын жынысгық рақатқа бөленуді мойындаған әйел ақылынан айы- 
рылған деп жарияланып, есі ауысқан адамдарды емдейтін орындарда 
ұсталған.  Қазір  жыныстық  рақатқа  бөленбейтін  әйел  «салқындығы 
артқан»  деп  белгіленіп,  оған  дәрігерге  қаралу  ұсынылады.  Ежелгі 
Грекияда  ересек тәлімгерлер жасөспірімдерге қарсы гомосексуалдық 
әрекетпен  айналысқан.  Бүл  күндері  кәмелетке  толмағандармен  жы-
18-251


274
9-ТАРАУ
ныстық қатынасқа барған  ересектердің (екі жыныс та) түрмеге қама- 
луы талап етіледі. Бұл тарауда  біз АҚШ-тағы қазіргі жыныстық қаты- 
настар жайын қарастырамыз.
Ж ынысты қ қатынас сценарийлері
Киімге, тағамға  және  сатушымен  сөйлесуге қатысты  әлеуметтік нор- 
маларды  қалай  үйренетін  болсақ,  жыныстық  қатынасқа  қатысты 
нормаларды да солай үйренеміз. Әлеуметтанушылар жыныстық сце- 
нарийлер терминімен мәдениетке байланысты болжамды -  кім, қай- 
да, қашан, неге, қалай және кіммен жыныстық қатынасқа түсе алады 
деген  сияқты  болжамдарды  белгілейді.  Өз  субмәдениетіңізге  қарай 
жыныстық  сценарийлер  жөнінде  білетін  боларсыз,  онда  жыныстық 
қатынас -  тек ерлі-зайыптылардың арасында ұрпақ жалғастыру үшін 
түнде жабық есіктің артында жасалатын нәрсе. Дегенмен жыныстық 
қатынас кез-келген  серіктестердің қалауынша кез-келген жерде, кез- 
келген уақытта рақат пен қуанышқа бөлену үшін жасалады деген сце­
нарий болатынын да оқыған шығарсыз.
Қазіргі заманғы мәдениет біркелкі болмағандықтан, әртүрлі жы- 
ныстық  сценарийлердің  арасында  шиеленістер  жиі  болады.  Біз көп- 
теген  себептердің әсерімен -  мысалы  ата-аналар,  достар, дінбасылар, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  және  тағы  басқасының  әсерімен  жы- 
ныстық сценарийлер қалыптастырамыз. Уақыт өте келе  біз қабылда- 
ған осындай сценарийлер өзгеріп отырады.
Некеге д ей ін гі ж ән е ж асөсп ір ім дік  
ж ы ны сты қ қатынас
Жыныстық сценарийлер -
мәдениетке байланысты кім, 
қайда, қашан, неге, қалай және 
кіммен жыныстық қатынасқа түсе 
алады деген болжал.
Жеңіл кездесулер -  үйлену, 
неке құру немесе романтикалық 
қарым-қатынас қүру жоспарынсыз 
бейберекет жыныстық қатынасқа 
бару.
Ең  маңызды  жыныстық  сценарийлердің  бірі  жыныстық  қатынас- 
тың  (гетеросексуалдық)  некеден  тыс  әсіресе  жасөспірімдерге  қатыс- 
ты  болуына  байланысты.  Ондаған  жылдар  ішінде  некеге  дейінгі 
жыныстық қатынастар  қалыпты  деп  қабылдана  бастады.  Мұны жа- 
сөспірімдер  де  қабылдады,  бірақ  олардың  ата-аналары  қабылдаған 
жоқ (Abma және т.б.,  2004).  1950 жылдары жұптар некеге тұратынын 
жоспарлап,  нақты  сенімді  болғанда ғана  жыныстық қатынасқа туе­
се, қазіргі жасөспірімдер мен ересектер «жеңіл кездесулерді» әдетке 
айналдырған. Яғни үйлену, неке құру немесе романтикалық қарым- 
қатынас құру жоспарынсыз кездейсоқ жыныстық қатынастармен ай- 
налысады. Бұл жайлы «Америкалық әралуандық: гендер және жеңіл 
кездесулер» тақырыпты тарауда талқыланған.
Сол  сияқты  ешқашан  некеде  тұрмай-ақ  жыныстық  қатынаста 
болғанын мойындаған жасөспірімдердің үлесі 1950 жылдардан 1980 
жылдардың соңына дейін қыздар арасында 40 пайыздан 50 пайызға 
және ұлдар арасында 60 пайызға дейін өскен (Abma et al 2004).
Одан бері жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынас деңгейі 
төмендеді, шамамен 46 пайызға дейін түсті (Kaiser Family Foundation 
2011). Корее гкіштердің төмендеуіне не себеп болды?
АҚШ-тың  жыныстық  үстамдылықты  үгіттейтін  тәрбиелеу  баг- 
дарламалары  себеп  болмағаны  анық.  Бүл бағдарламалар  нәтижесін- 
де алғашқы жыныстық қатынастар бірнеше айға ғана тоқталатынын 
зерттеулер  дәлелдеген  (Dailard  2003).  Оның  үстіне,  әуелде  ұстамды 
болам деген жасөспірімдер кейіннен жыныстық қатынасқа  белсене 
кірісіп,  жыныстық  жолмен  берілетін  ауру  жұқтыру  ықтималдыгы 
күрт артады (Bruckner & Bearman 2005, Tolman & McClelland, 2011).


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау