80
Литература
1. Михайлова Ю.В. Компетентностный подход в образовательном процессе вуза //
Приоритетные направления развития науки и образования. – 2015. – № 2 (5). – С. 169-170.
2. Шайденко Н.А., Подзолков В.Г. Компетентностный подход как востребованная
общественная парадигма образования // Сборники конференций НИЦ Социосфера. - 2015. -
№ 16. - С. 150-152.
3. Логинова О.А. К вопросу о реализации компетентностного подхода в ВУЗе:
технология развития критического мышления. В сборнике: Университетское образование
(МКУО-2015) сборник статей XIX Международной научно-методической конференции,
посвященной 70-летию Победы в Великой Отечественной войне: в 2 томах. Под редакцией:
А.Д. Гулякова, Р.М. Печерской. – 2015. С. 173-175.
4. Шатохина О.Ф. Технология развития критического мышления как модель
современного образования. В сборнике: Психология и педагогика XXI века: теория, практика
и перспективы материалы III Международной научно–практической конференции. –
Чебоксары, 2015. С. 143-147.
5. Сачинская И.В., Сорокина А.В. Технология развития критического мышления как
эффективное условие реализации требований к результатам освоения основной
образовательной программы. В сборнике: Актуальные вопросы в научной работе и
образовательной деятельности сборник научных трудов по материалам Международной
научно-практической конференции: в 10 томах. – Тамбов, 2015. С. 127-128.
6. Игнатьева О.С., Лешер О.В. Технология критического мышления как фактор
повышения эффективности профессиональной подготовки студентов. В сборнике:
Теоретико-методическое
обеспечение
развития
профессионально-педагогической
направленности студентов университета Магнитогорский государственный технический
университет им. Г.И. Носова. 2015. С. 45-48.
А.Т. Аязбаева
Астана қ. (Қазақстан)
МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕЛГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Қазіргі кезде инклюзивті білім беруге барлық мемлекеттерде ерекше көңіл аударып
жатқаны мәлім. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім
беретін мектептердегі, ЖОО оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Осы оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға
арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен
тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне
толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады. Жалпы
білім беретін мекемелерінде оқитын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен
жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері
мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары жүзеге
асырылып жатыр.
Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны
қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік
психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды тарих
81
пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар болсақ,
мұнан дамуға әсер ететін биологиялық және әлеуметтік фактор шығады. «Психологиялық ой
түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын
туындатады [1].
Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға бейімдеу, жалпы білім беру
процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды
мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық-педагогикалық қолдау –
күрделі де маңызды процесс. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау – инклюзивті
білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, әлеуметтенуіне, бейімделуіне
жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе.
Білім алу үдерісіндегі білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды
психологиялық-педагогикалық қолдау әртүрлі бейінді мамандардың психолог, логопед,
дефектолог, мұғалім, және т.б. қатысуын талап етеді. Олардың әрекеттерін үйлестіру, бұл
қызметке үйлесімділік пен мақсатты бағытталғандық түр беру үшін білім беру үдерісінің
барлық қатысушыларының жұмысында командалық тәсілдеме қажет болады. Командалық
тәсілдеме мамандар мен педагогтардың қосымша кәсіптік құзыреттілікті меңгерулерін
білдіреді. Қажетті құзыреттіліктер: педагогикалық бақылауды жүргізе білу, практикалық
психологиялық жұмыстарын, баланың әртүрлі жас шамасындағы нормативтік даму
заңдылықтары мен кезеңдерін білу, командада жұмыс істей білу, педагогикалық мәселелерді
және т.б. ұжымдық талқылауға қатысу. Бұл жерде мамандар мен педагогтардың негізінде
білім алушының жеке басына деген терең сыйласымдық пен кез келген балаға көмек
көрсетудің жоғары уәждемесі жататын ұстанымдарының бірдей болуы өте маңызды болады.
Әртүрлі бейіндегі мамандардың командалық өзара әрекеттесулерінде шешілетін мазмұндық
міндеттердің құрамына балаға оқыту үдерісінде тиімді көмек пен көмек көлемін таңдау
міндеті кіреді.
Тәрбиелеу мен білім берудің адамгершілік бағытының қалыптасуымен қатар,
балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау идеясы дами бастады. Ол балалар мен
жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету проблемасының аясында пайда болды.
«Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл
термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді. Зерттеуші Ю. Слюсарев
«қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және өзін-өзі дамыту
механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін-өзі дамытуына
бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған. М.Р. Битянова қолдауды
«баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның табысты дамуы мен оқуына бағытталған
психологтың білім беру ортасындағы кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретінде анықтайды.
Педагогикалық қолдаудың мақсаты сүйемелденетін адам тұлғасын институционалды
рәсімдеудегі арнайы педагогикалық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағыттап
дамыту болып табылады. Педагогикалық қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес
беру, жеке өзінің қатысуы, баланың белсенділігінде көрінетін оның барынша дербестігін
мадақтау процесі ретінде қарастырылады. Е.И. Казакова психологиялық-педагогикалық
қолдау «балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті
проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъектінің барынша бостандығы мен
жауапкершілігін
сақтау;
педагогтар,
психологтар,
әлеуметтік
және
медициналық
қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс; проблеманың
диагностикасы мен оны шешудің субъектілік әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын
ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек
арасындағы үйлесімді 15 бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын
бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді [2].
Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту
кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде. 2015-2016 оқу жылынан бастап
педагогикалық мамандықтарға «Инклюзивті білім беру» пәні міндетті базалық пәндер