Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет41/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   211

              82 

 

қатарына кірді. Білім жүйесінде әртүрлі салаларындағы тұлғалық-мотивациялық, когнитивті 



және  практикалық  дайындықтың  инклюзивті  білім  беру  моделін  жүзеге  асыру,  болашақ 

педагог  бакалаврларда  инклюзивті  білім  беру  туралы  ғылыми  көзқарасты  қалыптастыру 

және  олармен  жұмыс  жасауға  дайын  болуы  болып  саналады.  Инклюзивті  білім  беру  пәні 

бойынша,  студенттерге  болашақ  педагогтар  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  тіл  табыса 

алуы,  олармен  жұмыс  жасауға  дайын  болуы  мақсатында  сабақта  және  сабақтан  тыс 

уақыттардағы  ұйымдастырылған  сабақтармен  экскурсияларда  өткізіледі.  Сабақ  барысында 

арнайы  құрылған  кейстер  бойынша  және  тренинг  арқылы  студенттерге  мүмкіндігі  ерекше 

балалардың жағдайлары мен қажеттіктерін түсінуге көзделген. 

Еуразия  гуманитарлық  институтындағы  инклюзивті  білім  беруді  қолдаудағы 

психологиялық-педагогикалық  қызметі  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша тәрбие және оқытумен толық қамтылуын және 

оқыту  бағдарламаларына  теңдей  қолжеткізуін  және  «инклюзивті  білім  беру  жүйесін 

жетілдіруін» қамтамасыз етуіне үлесін қосып жатыр [3]. 

17  қазанда  2017  жылы  институт  қабырғасында  «Инклюзивті  білім  берудің  дамуы: 

тәжірибе  мен  жетістіктері»  атты  «Еуразия  және  жастар»  лекторийі  іс-шарасы  жүргізілді. 

Лекторий  аясында  қатысушылар,  оқытушылар  мен  кәсіби  мамандар  өзара  пікір  алмасып, 

инклюзивті  білім  беру  тақырыбы  бойынша  өзекті  мәселелері  талқыланды.  «Асыл  жүрек» 

атты ерікті-студенттер клубы психологиялық қолдау көрсетуде. Клуб жұмысының борышы: 

мүмкіндігі  ерекше  қажеттіліктері  бар  білім  алушылардың  әлеуметтенуіне,  бейімделуіне 

көмек  көрсету  арқылы  психологиялық  қолдау,  еліміздің  дамуына  қарқынды  үлес  қосу, 

қоршаған ортаға жарық әлем сыйлау мақсатында ұйымдастырылған.  

Қорыта  келе,  2011-2020  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамыту  мемлекеттік 

бағдарламасын  іс-жүзеге  асырудың  ең  бастылардың  бірі  инклюзивті  білім  беру  жүйесін 

институтымыз  практикалық-психологиялық  жұмыстар,  ғылыми  және  тәрбиелік  іс-шаралар 

арқылы жүзеге асырып жатыр. 

 

Әдебиеттер 



1.  «Инклюзивті  білім  беру  –  толеранттылық  қоғамның  бастауы»  республикалық 

ғылыми лекторий баяндамалар тезистері кірген жинағы – Астана, Еуразиялық гуманитарлық 

институты, 25 қазан 2016 ж. – 71 б. 

2.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту  және 

әлеуметтік  бейімдеуді  педагогикалық  қолдау  моделі.  Әдістемелік  ұсынымдар.  –  Астана:  Ы. 

Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 39 б. 

3.  Қазақстан  Републикасының  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарына 

арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010. 



 

 

 

 

Т.Ж. Қойшығара  

С.К. Бейсенбаев  

Арқалық қ. (Қазақстан) 

 

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӨЗІНДІК 



ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Мектеп  оқушыларының  қимылдық  ойындар  арқылы  дене  мәдениетін  дамытуда 

олардың  ақыл-ой  және  қимыл-қозғалысына  және  біліктілігіне  ғана  емес,  психологиялық 

аспектілеріне де үлкен мән беру қажеттігі туындап отыр. 




              83 

 

Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірде-ақ 



психикалық  құбылыстардың  ми  қызметімен  байланыстылығы  жөнінде  болжам  айтқан,  әрі 

психикалық  сырқаттарды  сол  ми  қызметінің  бұзылу  салдарынан  деп  топшылаған.  Мұндай 

пікір,  көзқарастарға  жарақат  немесе  сырқаттан  зақымданған  адам  бас  миына  бақылаулар 

негіз  болған.  Осындай  сырқаттарға  кезіккен  адамның  психикалық  қызметі  күрт  бұзылысқа 

түседі:  көзі  көрмейді,  құлағы  естімейді,  ес,  ойлау,  сөйлеу  қабілеті  кемиді,  кейде  өз 

қозғалысын басқара алмай қалады.  

Организмге  әсер  етуші  тітіркендіргіштер  мен  оларға  жауап  реакциялар  арасында 

уақытша  байланыстар  түзіледі.  Осы  байланыстарды  пайда  ету  бас  ми  қыртыстарының  ең 

маңызды  қызметі.  Уақытша  жүйке  байланысы  ми  қызметі  ретінде  психикалық  іс-әрекеттің 

қайбірінің болмасын негізгі физиологиялық механизмі болып табылады. Миға қандай да бір 

тітіркендіргіш  әсер  етпей,  ешбір  психикалық  құбылыс  өздігінен  туындамайды.  Әрқандай 

психикалық процесс пен қалаған уақытша байланыстың соңғы нәтижесі тыс әсерлерге жауап 

сипатындағы  сырттай  көрініс  берген  әрекет.  Психикалық  қызмет осыдан объективтік  дүние 

заттары  мен  құбылыстарының  әсерінен  туындайтын  мидың  рефлекторлық  бейнелеу 

жұмысы. 

Уақытша  жүйке  байланысын  әрқандай  психикалық  іс-әрекетін  физиологиялық 

механизмі  деп  танудың  маңыздылығынан  психологиялық  құбылыстың  физиологиялық 

құбылыстармен бірдейлігі келіп шықпайтынын есте сақтаған жөн. Психикалық іс-әрекет тек 

қана  физиологиялық  механизм  сипатымен  шектеліп  қалмай,  мидағы  бейнеленген  нақты 

дүние, яғни психикалық құбылыстың мазмұнымен байланысты [1]. 

Сонымен  психика  дегеніміз  –  мидың  қасиеті.  Ағзаның  психикалық  әрекеті  барлық 

дене  мүшелерінің  қызметі  арқасында  жүзеге  асады.  Олардың  бірі  сыртқы  әсерлерді 

қабылдайды, екіншілері олардың барлығын сигналдарға айналдырып, іс-әрекетті жоспарлап, 

қадағалап  отырады,  ал  келесісі  –  бұлшық  еттерді  әрекетке  келтіреді.  Осы  күрделі 

жұмыстардың  бәрі  қосылып,  адамның  психо-физиологиялық  қалыптасуының  белсенді 

құралы болады. 

Мұндай  психо-физиологиялық  ерекшеліктер  табиғатын  зерделеу  зерттеліп  отырған 

мәселенің түйінді шешімдерін табуда маңызды деп есептейміз. 

Дене  тәрбиесін  беруде  адамның  психикалық  әрекет  заңдарын,  оның  желісі  мен 

құрылым  ерекшеліктерін  айқын  түсіну  үшін  жан  әрекетін  туындатушы  тән  адам  миының 

құрылымымен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен қандай байланыста 

болатынын білу қажет. 

Бас  миының  бағаналы  бөлігі  –  күрделі  де  тіршілікке  өте  қажет  шартсыз  рефлекстік 

әрекеттерді  басқаратын  орталық.  Сору,  шайнау  және  жұтыну  рефлекстері  осы  тетігі 

құрамындағы  сопақша  мидың  жауап  әрекет  орталығынан  басқарылады.  Кейбір  қорғаныс 

рефлекстерін  (түшкіру,  жөтел,  жас  ағу)  де  осындай  жүйке  іске  асырады.  Мұны  дене 

қимылымен өзара байланысын зерделеу болашақ дәрігерлер үшін мәнділігі жоғары [2]. 

Оқушылардың  психо-физиологиялық  ерекшеліктері  мен  адамдарға  қатынасының 

орнығуы немесе өзгеруіне себепші – бұл оқушылардың жас деңгейі. Мұны зерттейтін болсақ 

12-15  жас  бұл  адамгершілік  және  өнер  талғамы,  эстетикалық  сезімдердің  белсенді  даму 

кезеңі,  психологиялық  тұрақталу  және  мінездің  қалыптасу  және  орнығу  кезеңі  және  ең 

негізгісі,  мақсатты  және  жүйелі  түрде  білім  алуға  азаматтық,  кәсіби  машықтануға,  ынталы 

түрде  ой  және  дене  еңбегімен  айналысатын  т.б.  әлеуметтік  рөлдердің  нақты  қалыптасатын 

кезеңі болып табылады. 

Оқушыларға  дене  тәрбиесін  беруде  адамның  психологиялық  табиғатына  сай 

халықтық  педагогика  элементтерін  пайдалануда  көрсетілген  типтердің  ерекшеліктері 

бойынша жұмыс түрін таңдау қажеттігі маңызды. 

Халқымыз: «Тірлігің – ірі, тілің – майда болсын», - дейді. Адамның ішкі жан дүниесі 

оның  сөзі  мен  тілінен  анық  байқалады.  Қалай  сөйлегеніне  және  қандай  сөз  тіркестерін 

қолданатынына  қарап,  сөз  ырғағы  мен  әуенін  талдай  отырып,  сөйлеу  процесіндегі 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау