192
Түйебайдың «әлденеге телміріп, қызығып қараған» кӛзімен айтқызады. Сол
арқылы Түйебайлардың тағдырының ауырлығын тереңдете түседі. Кейіпкері-
нің бірінші жақта баяндауы түрінде жазылған әңгіме оқырманның «аяушы-
лық сезімін оятып, кӛзіне жас үйіреді».
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», М.Әуезовтің «Кӛксерек»
әңгімесі, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Балықшылар» тақырыбымен «Қан мен
тер» романынан үзіндісі, Шерхан Мұртазаның «Тұтқын бала» тақырыбымен
«Қызыл жебе» романынан үзіндісі, Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында»,
(«Ӛмір мектебі» романынан) әңгімесі, Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі»,
Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», Оралхан Бӛкейдің «Тортай
мінер ақ боз ат» әңгімелері әңгіме жанрын тақырып, құрылым ерекшелігі
жағынан да еркін ашуға мол мүмкіндік береді.
Эпикалық тектің орта кӛлемді түрінен мектеп бағдарламасында поэма-
лар берілген. Повестер қаламгер шығармашылығын монографиялы оқитын 11
сыныпта ұсынылған.
Поэма жанрында алдымен 5-сыныпта І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасы-
нан үзінді беріліп, 8-сыныпта Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-
Мамыр» поэмасы, Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы оқытылады.
«Батыр Баян» поэмасын оқыту барысында әдебиет теориясынан поэма
туралы түсінік қалыптастыру кӛзделеді. 8-сыныпта Мұқағали Мақатаевтың
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыту арқылы поэма жанры туралы
түсінік еркін ашыла түседі. Жалпы білім беретін қазақ мектептеріне аралған
2013 жылғы бағдарламада Иса Байқазовтың «Құралай сұлу» поэмасы
ұсынылған. Кӛркем сӛз зергері Иса Байзақовтың аталған поэмасы оқу
бағдарламасына алғаш енгізіліп отыр.
«Құралай сұлу» поэмасы – ел аңызына құрылып, романтикалық
сарында жазылған кӛркем туынды. Поэма ең алғаш «Қызыл Қазақстан»
газетінде жарық кӛріп, бірден елдің зор ықыласына бӛленеді. Поэманың
идеялық құндылығы халық кӛкейіндегі мәселені кӛтеруінде. «Құралай сұлу»
поэмасында бірнеше тақырып қатар ӛріледі. Отанға, туған жерге деген шексіз
махаббат, қайсар рух Келден батыр мен Құралай образдары арқылы нанымды
беріледі. Шығармадағы батырды: «Үш-ақ күн ӛмір сүрдім үш мың жылдық,
Не керек жазылмайтын дертте қалдым» дегізген ӛксікті махаббаты оқыр-
манына сезімнің асқақтығын байқатады. Поэмада жазба әдебиеті мен халық
поэзиясының дәстүрі тоғыстырылған. Ол шығарманың сюжетінен де, сурет-
теу тәсілдерінен де айқын аңғарылады.
«Құралай сұлу» поэмасын саф алтындай асыл, жауһардай мӛлдір ететін
ерекшеліктің бірі – оның тілдік астарында. Ақын поэмада пейзаж, суреттеу
құралдарын үлкен шеберлікпен ӛрген.
«... Ой ӛліп, ӛмір сӛніп кӛп соғылған,
Суреті ӛткендердің алдымда тұр».
«Шаңқанда шағалалы құстар ұшып
Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.
Қызғыш-қызық, шәуілдек жағын безеп,
193
Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып» – дегендей сӛзден кӛркем сурет
жасайды. Ақынның суреткерлік шеберлігімен қатар сӛз таңдаудағы ӛресі де
ӛрісті. Бір поэманың ӛзінен ел ішінде афоризмге арналған: «Ер туып, жоқ
елді бар қыла алмайды, Ел болса ер туғызбай тұра алмайды» немесе «Елден
де ер арманы күшті» сияқты мол тіркестерді ұшыратуға болады. «Құралай
сұлу» поэмасы – кӛркем сӛздің қуаты мен ақындық шеберлікті танытатын
бірегей туынды.
Поэма жанрын оқытуда шығарманың жанрлық ерекшелігін таныту,
композициялық құрылым жүйесін талдату, образдар әлемін сараптаумен
қатар кӛркемдік-эстетикалық сипатын танытуға да ерекше ден қойған абзал.
Ӛлең үлгісінде жазылған шығарманы мәнерлеп оқу, рӛлге бӛліп оқу,
сценарий жасау шығарманың кӛркемдік сипатын танытуға үлес қосады.
Оқушыларға «авторға хат», «қос жазба күнделігі» «эссе», «рецензия» жазу т.б
тапсырмалар беру оқушыларды шығармашылық жағынан дамыта түседі.
Жалпы 5-8 сынып аралығындағы мәтіндер оқушыға танымдық,
тәрбиелік, дамытушылық мақсат-міндеттерді орындауға лайықты алынған.
Мәтіндердің тынымдық дәрежесі жоғары. Оқушыларға адамгершілік-эстети-
калық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді
танытуға, оқушылардың тілдік қорын байытуға мол мүмкіндіктер туғызады.
Эпикалық тектің орта, кең кӛлемді түрлерінің басым бӛлігі жоғары
сыныптарда оқылады. Әдебиеттің қысқаша тарихи курсын оқитын 9-11
сыныптарға оқушылар белгілі бір дәрежеде әдеби жанр ұғымын қалыптас-
тырып, кең кӛлемді әдеби түрлерді ӛздігінен игере алатындай дәрежеде
келеді. Сондықтан болар, жоғары сынып оқушыларына әдебиетті оқытудың
формасы кӛбіне шолу бағытын ұстанады.
Эпикалық шығармаларды талдап тану. Әдеби шығарманы талдау-
дың жалпы тақырыптық мәселелеріне байланысты: оның сюжетін, компози-
циясын, әдеби кейіпкерді, әдеби туындының идеялық-кӛркемдік қуатын
танытуды мақсат еткен зерделі зерттеу еңбектері әдебиеттану ғылымында да
әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында да молынан жарияланған.
М.А.Рыбникова,
В.В.Голубков,
Г.А.Гуковский,
Л.И.Тимофеев,
Г.Л.Абрамович, Д.С.Лихачев, В.И. Сорокин, А.И.Ревякин, Н.И.Кудряшев,
В.Г.Маранцман, Н.О. Корст, Н.А.Демидова, Г.И.Беленький, Т.Ф.Курдюмова,
З.Я.Рез, Л.С.Айзерман сияқты т.б. әдебиетші, әдіскер-ғалымдардың еңбекте-
рінде кӛркем шығарманы талдап танудың ғылыми-әдістемелік жүйесі
жасалған.
Бұл мәселе қазақ әдебиетінде де бір шама шешімін тауып келеді.
Әдебиетті оқыту әдістемесінен жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында
кӛркем шығарманы талдау, оқыту мәселелері қарастырылған. Кӛркем
шығарманы талдау түрлерінен әдіскерлердің ой-пікірлерін жоғарыда айтып
ӛттік. Ал жеке қаламгердің шығарамаларын оқыту әдістемесінен жазылған
еңбектерде де прозалық шығармаларды оқыту қарастырылады. Атап айтар
болсақ: Қ.Тасболатов М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесінен
Достарыңызбен бөлісу: |