43
лог мамандардың пікірі бойынша есте сақтау қабілетінің кей балада жоғары,
кей балада тӛмен болуы заңды құбылыс. Ал білімділік баланың есте сақтау
қабілетінің жоғары болуына түбегейлі тәуелді емес. Яғни білім меңгерудің
түрлі қызметі бары белгілі. Ӛкініштісі алынған оқу ақпаратын ӛз қажетіне
қолдана алу, ӛз санасында қорытып, пайымдай білу (интерпретациялау) деген
білім, білікке, машыққа кӛңіл бӛліну қажеттігі ескерілмейді. Оқу үдерісін
бағдарлау үшін жасалатын бағдарламалар жоқтығы байқалады. Сонда
білімнің кӛрсеткіші «қай жылы», «қашан», «қандай шығармалары бар?»
деген жалаң сауалдардың жауабы ғана болып шығады. Себебі ұлттық тесті
кӛбінде осы тектес сауалдардан құралып жүр.
«Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты оқу
құралында А.Әлімов бүгінгі ақпарат туралы мынадай мәлімет келтіреді:
«Білімнің жылдан жылға дамып, ӛсіп отырғандығында дау туғызбайтын
аксиома. Мәселен, ғалымдар адамзаттық бар білетіні 1800-1900 жылдар
аралығында (жүз жылды) екі есе ӛскен деген есеп келтіреді. Ал білімнің
келесі екі есе ӛсуі енді елу жылда (1901-1950) орын алыпты. Осыдан кейінгі
еселену жиырма жылда (1951-1970) содан соң он бес жылда (1971-1985)
болған екен. Ал қазіргі кезде білім әр бір тӛрт жыл сайын екі есе ұлайып отыр
дейді ғалымдар. Білім тура осы қарқында үдей беретін болса, аз уақыттан
кейін адамзаттың бар білетіні әрбір 76 күнде екі есе ӛсіп отыратын кӛрінеді...
Қазіргі заман - ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі формада (кітап,
газет-журнал, теледидар, радио, қарым-қатынас, интернет, жарнама т.б.)
орасан зор кӛлемде ағыл-тегіл келіп түсуде. Алайда адам ӛзінің шектеулі
миымен барлық ақпаратты есте сақтап, игере алмайды, оған уақыты, тіпті
ӛмірі жетпейді... Сонымен, білім-ақпарат» формуласы бүгінгі күні ескірген,
білім ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады»- деген ойға қонымды пікір
білдіреді
1
.
Мектеп бағдарламаларына кӛптеген авторларды, кӛп оқу материалын
енгізу білімді мазмұнды етеді деген жаңсақ пікір. Біздің пікірімізше, кӛркем
ойдың кӛгіне кӛтерілген классикалық шығармалар арқылы кӛрнекті ақын,
жазушыларымыздың таңдаулы туындылары арқылы әдеби білім мазмұнын
қалыптастыруға күш салынуы қажет. Оның есесіне мейлінше кӛркем
шығарманы талдауға, практикалық сағаттарға, ӛзіндік білім мен шығарма-
шылыққа кӛбірек кӛңіл бӛлініп, оқушылардың таным әрекеті мен эстетика-
лық талғамын, оқырмандық ынтасын кӛтеруге күш салу, оқушының бағдар-
ламаға енбеген шығарманың ӛзін, тіпті барлық кӛркем әдебиетті оқуға деген
ықылас-ынтасын арттырған болар еді.
Ал бүгінде сырттай білім алып, мектептерде жұмыс істеп жатқан
мұғалімдеріміз жоқ деп есептегеннің ӛзінде жоғары оқу орнын үздікке
бітірген, білікті ұстаздармен әбден қаруланған болуымыз, әр маман акаде-
миялық біліммен қаруланған болуы қажет болып шығады. Себебі мардым-
сыз сағатқа үйіп-тӛгіп берген оқу материалын оқытуға академиялық білім де
1
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.– Алматы,
ЖШС «Жедел басу баспаханасы, 2009 –16 б.
44
жете қоймас. Немесе ауқымды материалды сіңірудің жаңа бір әдіс-тәсілдерін
іздестіру керек болар.
2011 жылы шыққан Қоғамдық-гуманитарлық жалпы білім беретін
мектептердің «Әдебиет бағдарламасы»
1
бойынша 11 сыныптарда барлық
шығармашылық тұлға 1 сағат, нақтырақ айтсақ, 45 минутта оқытылады-мыс.
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Жабаев, С.Мұқанов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов сияқты ірі тұлғаларымыздың шығармашылығын 1-сағат
кӛлемінде қалай оқытуға болады?! Сол бір сағат ішінде авторларымыздың
әрқайсысының түрлі жанрдағы шығармаларын: поэзиясы, драмасы, шағын,
орта, кең кӛлемді прозасын да қамту кӛзделген. Шығармаларына шолу
жасаудың ӛзі елеулі уақытты қажет етеді. Белгіленген уақыт кӛлемінде
осынша материалды қамту мүмкіндігі қаншалықты?
Ең таңдаулы сабақ дегеннің ӛзі интерактивті тақтадан кӛрсетілетін
әртүрлі материалдар мен сызбалар, үнтаспа т.б. техникалық құралдарға
сүйене айтылатын мұғалімнің біршама сәтті дайындалған шолу дәрісі болып
шығады.
Осындай оқу бағдарламасы мектептегі әдебиет сабағының мазмұнына
елеулі ықпал етіп отыр. Ал әдістемелік тұрғыдан аңғарылатыны мұғалім-
дердің кӛбіне хронологиялық кестеге, сол бойынша автордың қысқаша
шығармашылық картасына сүйенетіні, анықтамалық сұрақтар мен ақпаратқа
басымдық беретіні аңғарылады. Себебі тестің сұранысы да осы ақпараттар.
Сондықтан әдебиет сабағы статистикалық ақпаратқа толы жалаң мәліметтер
жиынтығы болып шыға келеді.
Оқушылардың мәтін оқудан шеттетілгені соншалықты, тіпті
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын әдіскерлеріміздің мәтін оқудан
безінген оқушыларға бейімдеп қысқартып бір кітап етіп жинаған нұсқасы да
практикада болды. Тӛрт кітаптан қысқартылып шағындалып ұсынылған
«Абай жолы» шығармасын да оқыту оңайға соқпаған болар. Себебі әдіскер-
леріміз сол алғашқы тәжірибесімен шектелді. Кейін басқа авторларымызға
мұндай «тәжірибе» жасай қойған жоқ.
Әдебиет сабағы рухани ӛмір сабағына айналу үшін жалаң ақпаратты
сырып қойып, шығарманың ӛн бойына еркін кӛсілу керек. Белгілі әдіскер
Е.Н.Ильиннің шығарма талқылау арқылы ӛткізетін тіл ӛнері сабақтарындағы
«ӛмірге ену», «тіректер іздестіру», «тіл табысу ӛнері», «қарсы қадам» т.б.
ұстанымдары арқылы оқушы санасынан жүрегіне жол салатын әдіс-тәсілдері
әдебиет сабағы үшін аса маңызды
2
. Ал тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияны
пайдалана алатын мүмкіндікті бағдарлама жасаудан бұрын есепке алған
орынды. Әдебиет – халықтың теңдессіз мұрасы, рухани қазынасы, рухани
құндылық. Басты құндылықты оқушы бойына дарытарлық мүмкіндік
1
Қазақ әдебиеті оқу бағдарламасы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім
беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы, Астана, 2011
2
Педагогикалық ізденіс. –Алматы, Рауан, 1990. –231б.
Достарыңызбен бөлісу: |