39
Оқушыларды
іздендіру жолдары, оқушылардың ауызша тілін,
жазба тілін
дамыту жолдарын ұсынған ғылыми-практикалық жағынан мәнді еңбектің бірі
— С.Тілешованың «Әдебиеттік оқу сабақтарындағы жазба жұмыстарының
түрлері және жаздыру жолдары» атты әдістемелік мақаласы. Мақалада ауызша
және жазбаша тіл дамыту жұмыстары бірін-бірі толықтырып тұратын, бір-
бірімен сабақтастықта жүргізілетін әрекет екендігі орынды айтылған,
мысалдармен дәйектелген. Сынып бойынша жазбаша және ауызша тіл дамыту
жұмыстарын алдын ала жоспарлау үлгісін
ұсынады
1
.
1946
жылы
«Халық
мұғалімі»
журналында
жарияланған
Ә.Қоңыратбаевтың «Мектепте Абайдың мысал ӛлеңдерін оқыту туралы»
деген мақаласы – осы тұста жазылған белгілі бір шығарманы жанрлық
ерекшелігіне қарай оқыту жолдарын ұсынған алғашқы мақала
2
. Оқушы
түсінігіне жеңіл, қызғылықты шығармалар есебінде бағдарламадан мысал
ӛлеңдері де орын алған болатын. Сондықтан бұл мақала ӛзекті мәселені
қозғаған еңбектің бірі деп айтса болғандай. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
журналының 1958 жылғы №3-санында жарық кӛрген М.Тӛрежановтың
«Мысал ӛлеңдерді оқыту» атты мақаласы осы тектес шығармаларды оқыту
туралы жазылған кӛлемді мақаланың бірі болып саналады. Мақалада тӛменгі
сыныптарда Абайдан ӛтілетін мысал ӛлеңдердің ақынның басқа ӛлеңдерімен
және қара сӛздерімен ӛзектестігі, идеялық мағынасы туралы түсіндіре келіп,
Крыловтан аударылған Абайдың үш ӛлеңі мен Ы.Алтынсарин аударған
нұсқасын салыстыра сипаттайды
3
. Оған қоса автор сабақ барысында, мысал
ӛлеңдер бойынша жұмыс жүргізудің ӛзіндік жоспарын құрып ұсынады, бірақ
оны іске асыруда мұғалім қандай ұтымды әдістер қолданатыны туралы сӛз
қозғалмайды. Осыдан ары қарай әдебиет пәнінің жүргізілу сапасын арттыру
бағытындағы әдістемелік ізденістер бірте-бірте кӛбейе бастады.
1957 жылы Ә.Дербісалиннің «ІХ сыныпта Ы.Алтынсарин творчество-
сын оқып-үйрену» атты әдістемелік құралы жарық кӛрді
4
.
Осы жылы Алматы қаласында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушы-
ларының республикалық кеңесі ӛткізілді. Кеңесті 1940-57 жылдардағы қазақ
тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы қорытындыланды. Жер-жерден
келген озат тәжірибелі мұғалімдердің пікірлері ортаға салынды, оқу бағдар-
ламалары мен оқулықтарды, сыныптан тыс оқуды жетілдіру мәселелері
қозғалып, келешекте атқарылатын істер межеленді. Орыс әдіскерлерінің
еңбектерін қуаттап, центристік бағыт ұстанып отырған қазақ әдебиеті
әдістемесінде әдебиетті оқытудың кейбір жеке-жеке мәселелеріне іргелі
зерттеу жұмыстары да жүргізіле бастады. Қазақ әдебиеті әдістемесінің
тарихында 1960 жылдардың орны ерекше. 60-жылдардың екінші
1
Қазақ әідебиеті мұғалімдерінің іс тәжірибесі. А., Мектеп 1972
2
Қоңыратбаев Ә. Мектепте Абайдың мысал ӛлеңдерін оқыту туралы. // Халық
мұғалімі. 1946. №9-10. Б 8-13.
3
Тӛрежанов М. Мысал ӛлеңдерді оқыту. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1958. №3. Б. 10-18.
4
Дербісалин Ә. Х класта С.Мұқанов творчествосын оқыту үшін кӛмекші құрал.
Алматы: ОПБ, 1957. – 60 б.
40
жартысында
Ә.Қоңыратбаевтың
«Әдебиетті
оқыту
методикасының
очерктері»
1
, «Қазақ әдебиетінің методикасы»
2
, А.Кӛшімбаевтың «Қазақ
әдебиетінің методикасы»
3
, «Орта мектептің қазақ әдебиетін оқыту методи-
касының мәселелері»
4
деген еңбектері жарық кӛрді. Аталған
еңбектерді қазақ
әдебиеті әдістемесінің іргелі мәселесін кӛтергендігі жағынан бағалы деп
білуге болады. Осы бір кезеңдерде жеке ақын-жазушылар шығармаларын
дербес талдау кӛбірек қолға алынды. Ә.Дербісалиннің «С.Мұқанов твор-
чествосын оқыту үшін кӛмекші құрал»
5
, Ә.Дайырованың «Орта мектепте
І.Жансүгіров творчествосын оқыт
6
, С.Қалиевтің «Ғ.Мүсірепов шығарма-
ларын қазақ орта мектебінде оқыту»
7
, Қ.Тасболатовтың М.О.Әуезовтің твор-
чествосын орта мектепте оқыту мәселелерін талдаған «Әдебиет сабағында
оқушылардың танымдық белсенділігін артыру жолдары» деген мұғалімдерге
арналған кӛмекші құралдар жарық кӛрді
8
.
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1.ХХ ғасырдың басындағы алғашқы мектептердің ерекшеліктері
қандай? Ондағы оқу мазмұнын сипатта.
2.Алғашқы бағдарламаларды құруда қандай ізденістер болды? Алғаш-
қы бағдарламалардың құрылысы мен мазмұны қандай?
3.Алғашқы «Қазақ әдебиеті» оқулықтары.
Олардың қалыптасу тарихы
4. Алғашқы әдіскер ғалымдарды ата. Әдістемелік еңбектері қандай?
Әдебиеттер тізімі:
1.Әрінова Б. Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу тарихы. – Алматы:
2003 ж.
2.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. (мектеп ұстаздары мен
болашақ әдебиетші сту-ке арналған) -Алматы: Білім, 2009.
Қосымша:
3.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –Алматы: Рауан, 1997.
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиеттік оқу методикасы, очерктері. – Алматы: ҚМОПБ, 1962. –
212 б.
2
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің методикасы. –Алматы: Мектеп, 1964. – 280 б.
3
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетінің методикасы. Алматы: Мектеп. 1969.– 243 б.
4
Кӛшімбаев А. Орта мектептің қазақ әдебиетін оқыту методикасының мәселелері. –
Алматы: Мектеп, 1970. – 250 б.
5
Дербісалин Ә. Х класта С.Мұқанов творчествосын оқыту үшін кӛмекші құрал.
Алматы: ОПБ, 1957. – 60 б.
6
Дайырова Ә. Орта мектепте Ілияс Жансүгіров творчествосын оқыту/ кӛмекші құрал/
Алматы: Мектеп, 1969. –124 б.
7
Қалиевтің С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. Алматы:
Мектеп, 1974. –146 б.
8
Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
жолдары.– Алматы: Мектеп, 1974. –80 б