136 Адам әлемі | 4 (74) 2017
матуридилік сенім мектебінің көрнекті өкілі Хұсам ад-Дин ас-Сығнақи
метафизикалық құбылыстарды дәлелдеудегі Құран мен сүннет мәтіндері
мен рационалды-логика үлгісінде қанағаттанарлық деңгейде өз әдістемесін
таныстырды. Сондай-ақ, оқымыстының көне қолжазбасындағы кәламдық
ойлары әрбір сөзі терең мағыналы, адам санасын даналыққа және зеректікке
баулитын тәрбиелік мәнін ұғынуға болады.
Әдіснама
Мақалада жаратылыс мәселесіндегі ежелгі философтар мен дәстүрлі
емес жат ағым өкілдерінің көзқарастары сынға алынды. Сонымен қатар
мақала барысында салыстырмалы және жүйелі сараптау, тарихи-логикалық,
компаративистік әдіспен қатар ғылыми зерттеудің дәстүрлі әдістері ана-
лиз, синтез, абстракциялау және көне қолжазба түпнұсқаларына зерттеу
жұмыстары қолданылды.
Негізгі бөлім
Хұсам ад-Дин ас-Сығнақидың һудус дәлеліне қатысты қолданған
«пікірталасқа келген адамға тұщымды жауаппен төтеп берген қисынды
дәлелдердің де негізгі принціпі» деген сөзін түсіндіру барысында Жарату-
шыны мойындамаған Сәнәуия, Мәжусия және Әһли Тәбаи сынды бидғатшы
және адасушы топтарға осы дәлел арқылы нақты жауап беруге болады дейді
[Ас-Сығнақи, 1207, б. 16а].
Кәләмшылар һудус дәлеліне қатысты мына үш негізгі нәрсені басты
қағида ретінде қолданған. Олар:
1. Әлем һадис (кейіннен жаратылған) [Ан-Насафи, 1987, б.16].
2. Әр жаратылыстың (һадистің) бір муһдисі (Жаратушысы) бар.
3. Әлемнің де бір муһдисі бар және ол Алла Тағала.
Демек, кез-келген жаратылыс атаулысы жоқтан бар болған жаратылыс
болса, оның жаратушысы болуы тиіс. Мухдис, жоқтан бар қылушы, жарату-
шы – ол Алла Тағала. Бұл әдіс классикалық логика пәнінде қарастырылады.
Сондықтан кәламтанушылар логика және шариғат талаптарын саралай
отырып, ислам теологиясының ақылға да, нақылға да қайшы келмейтіндігін
дәлелдейді. Осы орайда, рационалды-логика мен мәтінді жалау еткен ас-
Сығнақи әлемнің жаратылуына байланысты «Монада» және «Акциденция»
әдістемесін баяндайды.
Ас-Сығнақи әлемнің һудусының дәлелі тақырыбын бес басты
категорияға бөлу арқылы түсіндіреді:
1. Монада және оның тысындағы бес терминнің анықтамасы;
2. Акциденцияның айндардың тысында бір болмысқа ие бола
алатынының дәлелі;
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер
4 (74) 2017 | Адам әлемі 137
3. Акциденцияның һудусының дәлелі;
4. Монада мен материалардың, акциденцияның ада және одан бұрын да
бола алмайтынының дәлелі;
5. Кейіннен бар болудан ада бола алмаған және бір нәрседен бұрында
бар бола алмайтынның хадис тәрізді болуының дәлелі;
Ас-Сығнақи һудус дәлелінің Алланың бар және жалғыз екендігіне
дәлел әрі оған оны жоққа шығарушыларға төтеп берер тұщымды дәлел
болуымен қатар, барлық Ислам ілімлерінің негізін құрайтын маңызды бір
тақырып екендігін баяндағаннан кейін әлемнің һудусының дәлелдеуде
қозғалған бірінші мәселенің екі негізгі терминінің бірі «әлем» терминіне
тоқталып өтеді.
Әлем, Алла Тағаланың тысында басқа нәрселерге қолданылған атау.
Олардың «әлем» деп аталуы ол арқылы Алланың танылуында жатыр
[Сүлеймен, 1989, б. 357]. Ас-Сығнақи әлем сөзіндегі атау мен аталған де-
ген мағыналар арасындағы байланысты көрсету үшін «мөр» (خاتم) сөзін
қолданысын мысалға келтіреді. Мөр сөзі мөр арқылы бір нәрсенің бітуіне
байланысты араб тілінде хатим делінеді. Бұндай мысал имам ан-Нәсәфидің
Табсиратул-Адилла кітабында келтірілген мысалдардың семантикалық
әдісіне жақын болып келеді [Ан-Насафи, 2016, б. 19]. Демек, мұндағы әлем
сөзінің мағынасы Алла Тағаланың бар екеніне дәлелдейді, һәм Алладан
басқа жаратылыс атаулысы әлем деп аталып, жаратылыс екенін айғақтай
түседі. Әсілі, ғалымдар әлемді үшке бөліп қарастырады: басталуы бар
аяқталуы жоқ – жәннат пен тозақ, басталуы бар аяқталуы да бар – әлем,
басталуы да жоқ аяқталуы да жоқ – Ол Алла; Сондықтан да басталуы бар,
монада мен акциденциядан құралатын материя – әлем болмақ. Демек, жа-
ратылыс.
Осыған орай Хұсам ад-Дин ас-Сығнақи әлем терминінің түсіндірмесінде
әлемнің және оның бөлшектері болып табылатын барлық бөліктерінің Алла
Тағаладан бөлек екендігін баса айтып өтеді. Себебі, эманация принціпін
алға тартушылар «әлем жаратылыс зат (الطينة), және жасалуы тұрғысынан
қадим» десе, басқалары әлем жаратылыс зат (الطينة) болуымен қадим, ал
жасалу тұрғысынан һадис деген. Тыйна (الطينة) деу арқылы олар негізі ак-
циденция арқылы сипаттандырылмаған зат [Мәтуриди, 2010, б. 147]. Осы
құрамдағы заттан акциденция, ал акциденциялардан әлем пайда болған.
Ас-Сығнақидің пікірінше ан-Насафи ат-Тамһид еңбегінде «әлем бүтін
бөліктерімен хадис» деу арқылы эманация пікірін жоққа шығарғысы кел-
ген. Сонымен қатар, олардың акциденция кейіннен жаратылған заттардың
орнын басатындығын мойындайды. Бұл да жаратылыс, заттың (الطينة)
кейіннен жаратылғанына дәлел бола алады.
Әһли сүннет кәләмшылары әлемді әрқалай түрдегі бөліктерге бөледі
[Сүлеймен, 1989, б. 357]. Бұл бөлімдердің ортасында да монада және акци-
денция бар. Ан-Насафи «ат-Тамһид» еңбегінде де әлемге бөліктерге бөлгенде
Таджибаев С., Керім Ш. Хұсам Ад-Дин Ас-Сығнақидың «Иләһият» танымындағы...
138 Адам әлемі | 4 (74) 2017
«алғашқы бөлім» деген сөзді қолданған. Ол «алғашқы бөлім» сөзі арқылы
ақылдың әлемге байланысты басқа да бөлімдерінің алдына «алғашқы
бөлімді» қойғандығы байқалады. Бұл «алғашқы бөлімде» әлем Ағиян (айн)
мен акциденция деген екі бөлікке бөлінеді. Айн (هتاذب مايقلا) өздігінен бар
болған нәрсе. Ал, арад болса (هتاذب مايقلا لا) өздігінен бар бола алмайтын нәрсе.
Ан-Насафидің материяның өздігінен бар деген пікіріне қарсы пікір айтып,
өздігінен бар болу дегеніміз – бар болуында ешнәрсеге мұқтаж болмауды
меңзейді, ал өздігінен бар болу, сондай-ақ, бар болуында еш нәрсеге мұқтаж
емес ол Алла Тағала ғана. Сондықтан ағниандардың өздігінен бар болуы әсте
мүмкін емес деген-ді. Осы орайда, Хұсам ад-Дин «атТасдид» еңбегінде имам
ан-Насафидің «алғашқы бөлім (لولأا ميسقت)» сөзіне қарсы пікірлердің шығуын
алдын алу мақсатында сұрақ жауап әдісін қолданған. Ол пікірлерге қарағанда
кімде-кім «алғашқы бөлімді» болмыс (бар болу): бар болуы міндетті және
бар болуы мүмкін. Содан кейін бар болуы мүмкін болғанды айн және акци-
денция деп екіге бөлуге болады. Сондықтан ан-Насафидің «алғашқы бөлім»
деген сөзді қолдануы дұрыс емес деп айта алады. Ас-Сығнақи бұл қарсы
пікірге жауап бере келе «алғашқы бөлімде» талқыланған нәрсенің бар болуы
мүмкін болмаған нәрсе және ол хадис болған әлем екенін айрықша баса ай-
тып кеткен. Яғни, «алғашқы бөлімде» қозғалған тақырыпта «алғашқы бөлім»
термині әлем үшін қолданылып отыр. Сондықтан кәләмшылардың көбісі
екінші бөлімді мақұл көреді. Екінші бөлімде бар болғандар монада, мате-
рия және акциденция деп бөлінеді. Бұл бөлімге ат-Тамһидте айнның аралас
(күрделі) болуы және болмауына байланысты жасалған бөлімнің де қатысы
бар. Бұл бөлімде айндар аралас (күрделі) болған жағдайда материя, ал ара-
лас болмаған жағдайда бөлінбейтін бөлшек түрінде көрсетілген. Демек, имам
ан-Насафидің айндардың өздігінен болуы дегенін эманация деп түсінбеуіміз
керек. Өйткені, жоғарыда айтып өткеніміз бойынша әлем үшке бөлінеді: бар
болуы «тиіс», бару болуы «мүмкін» және бар болуы «мүмкін емес»; Мұндағы
бар болуы тиіс деп отырғанымыз – бар болуында ешнәрсеге мұқтаж емес,
абсолют сипатымен сипатталған – Алла Тағала. Бар болуы мүмкін – бүкіл жа-
ратылыс атаулысы, яғни заттың бөлінбейтін ең кішкентай бөлігінен бастап,
ең үлкен жаратылысқа дейін. Осы аталмыш қағидаға салған кезде – бар бо-
луы мүмкіндердің заттың бөлінбейтін ең кішкентай бөлігі, монадасы – айн
болса, ал оның күйі акциденция болмақ. Ғалымның қарасытырып отырғаны
да осы еді, бар болуында мүмкін нәрсе айн деп отырғанымыз – жаратылыс,
және оның өздігінен бар болуы дегені – акциденциясыз өзі бола алады. Ал,
акциденция монадасыз өздігінен болуы мүмкін емес-ті. Мәселен, сары түс
қандай да бір денесіз – сары түс бола алмайды. Ал, дене сары түссіз бола
алатынын осылайша айн және акциденция деп екіге бөліп тұр. Эманация
принціпін жоққа шығару мақсатында имам ан-Насафи тақырыпты бастамас
бұрын «әлем бүтін бөліктерімен хадис», яғни жаратылыс деген сөздерімен
бастайды.
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер
Достарыңызбен бөлісу: |