Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет2/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

4 (74) 2017 | Адам әлемі     3
Қ
азіргі
 
заманның
 
философиялыҚ
 
мәселелері
 ● ф
илософские
 
проблемы
 
современности
МРНТИ:02.41.51.
ОӘЖ: 364-785,14
Маргарита Какимжанова (Астана, Қазақстан)
БИХЕВИОРИЗМ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ 
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ
Аннотация.  Мақалада  бихевиоризм  түсінігін  тұлғаның  әлеуметтілік 
бейімделуінің  көрсеткіші  ретінде  қарастыруға  талпыныс  жасалады.  Бихеви-
оризмге  әр  түрлі  жағдайға,  факторларға  байланысты  адам  іс-әрекеті  мен  себеп-
салдарлық  тәуелділік  объективті  заңдылықтарын  анықтауға  бағыт  жасалады. 
Бихевиоризм  идеялары  коммуникативті  технологияларды  жетілдіруде,  оның 
ішінде  педагогика  мен  маркетингте  пайдаланылды.  Б.Скиннердің  оперантты 
бихевиоризмі қарастырылып, адам іс-әрекеті, оның тұлғааралық шығармашылық 
қарым-қатынастары, оның жетістіктері генетикалық бейіміне және физикалық пен 
әлеуметтік ортасына байланысты деген пікір көрсетіледі, Спенсердің бейімделу 
мәселесіне  қатысты  пікірлері  алға  тартылады.  Адам  әрекетін  түсінудің  негізгі 
алғышарты  –  стимул  (орта)  және  реакция  (іс-әрекет)  мәселелері  қозғалады. 
Бихевиористтік  инженерияның  тұғырнамасы  мәселесіне  қатысты  Гегельден 
субъективті мұқтаждар аумағында мысалдар келтіріледі. И.Канттың педагогикалық 
концепциясы  қарастырылады.  Бейімделуің  институционалды  және  тұлғалық 
деңгейлері  қарастырылады.  Бейімделудің  жалпы  ғылыми  түсінігін  құрастыруда 
биологиялық  жиынтық  ғылымдардың  ішіндегі  этология  сынды  пән  елеулі  үлес 
қосты. Біздің зерттеуіміз үшін маңызды болып келетіні, этология адам іс-әрекеті 
сынды  объектке  қатынасында  әлеуметтік  гуманитарлық  білімдермен  тікелей 
байланыста.  Адам  іс-әрекетін  зерттейтін  ғылымдар  –  психология,  этология, 
әлеуметтану, жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясы, құқықтану бірігуі керек де-
ген тұжырымдама алға қойылады. Психологиялық бейімделудің мәнін талданып, 
оның қоршаған ортадағы өзгерістері көрсетіледі. 
Түйін сөздер: бихевиоризм, тұлға, бейімделу, репартрианттар, мотивация
Кіріспе
Бихевиоризм,  әр  түрлі  жағдайға,  факторларға  байланысты  адам  іс-
әрекеті  мен  себеп-салдарлық  тәуелділік  объективті  заңдылықтарын 
анықтауға  бағытталып,  адамның  «мінез-құлық»  үлгісін  жасап  шығарды, 
оның негізінде қоршаған ортаға реакцияның әр түрлілігі жатыр. Бихевио-
ризм идеялары коммуникативті технологияларды жетілдіруде, оның ішінде 
педагогика мен маркетингте пайдаланылды.


4     Адам әлемі | 4 (74) 2017
Қазіргі заманның философиялық мәселелері
Әдіснама
Жұмыстың  әдіснамалық  негізі  ретінде  жіктеу,  салыстыру,  статис-
тикалық,  дедуктивті  әдістер  қолданылды.  Зерттеу  процесі  барысында 
төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылды: эксперттік бағалау, ретро-
спекция.
Негізгі бөлім
Г.Спенсердің  позитивисттік  философиясында  өмір  саласы  басты 
мәселелердің бірі болып табылады. Спенсер оның қарапайым және күрделі 
түрлерін ерекшелеп алады, біртектілікті көптүрлілікке айналуы, интеграция 
мен  дифференциация  (материяның  ғана  емес,  қозғалысты  да)  үрдістерінің 
біртекітілігі  сынды  екінші  кезектегі  өзгерістерді  түзетіп,  аяғында  теңдік 
түсінігіне келеді. Спенсер мұны дамушы ағзаның, соның ішінде тірі ағзаның 
ауысымының соңғы нәтижесі болып табылады деген. Ыдырау – кері жүретін 
үрдіс;  ыдырау  эволюциясының  ырғағы  мәңгі  және  жалпылама;  мұның 
барлығы сақтау заңының салдары деп дәлелдеген Спенсер [1899, Б. 65].
Өмір концепциясы және оны тануды Спенсер – «Жеке философия» – 
«Биология негіздері» атты ерекше бөлімде қарастырады. Ол сонымен қатар, 
өз философиясының жалпы ішіндегі негізгісіндегі нақты дедукция болып 
табылады, және эволюция идеялары бұл ең алдымен сыртқы жағдайларға 
бейімделу. Осы тұрғыдан, Спенсердің пікірінше, ең дерексіз түрде «өмірді 
ішкі қарым-қатынастарды сыртқы қатынастарға тұрақты түрде бейімделу» 
[1899, Б. 48], және тірі еместен сыртқы жағдайлардың әсеріне мақсатталған 
реакциямен ерекшеленеді. «Өмір деңгейі сәйкестік деңгейінің өзгеруімен 
жүреді»  [1899,  Б.  64],  сондықтан,  эволюция  барысында  тірі  ағза  мен 
қоршаған орта өзгерістерінің арасында «жылжымалы теңдік» байқалады. 
Айта  кету  керек,  Спенсердің  керемет  идеялары  аз  болмаған,  дегенмен 
кейбіреулері өз мәнінде механисттік «теңдік теориясынан» шығатын жал-
пылама философиялық көзқарастарымен құнсызданған. 
Берілген  парадигма  бірнеше  бағыттарда  көрсетілген.  Б.Скиннердің 
оперантты бихевиоризміне тоқталайық [1899, Б. 32]. Ол берілген бағытты 
толықтай бейнеле алады. Скиннердің концепциясының мәнін келесідегідей 
қарастыруға  болады.  Адам  іс-әрекеті,  оның  тұлғааралық  шығармашылық 
қарым-қатынастары,  оның  жетістіктері  генетикалық  бейіміне  және 
физикалық  пен  әлеуметтік  ортасына  байланысты.  Адам  іс-әрекетін  оның 
ортасы басқарады. Іс-әрекет құрылымы маңызды түрде орта құрылымының 
көшірмесі болып келеді. Орта бұл конфигурация немесе ынталандыру мо-
заикасы. Бұл ынталандыру адам реакциясын анықтайды. 
Осыған байланысты адам әрекетін түсінудің негізгі алғышарты – сти-
мул (орта) және реакция (іс-әрекет) арасындағы функционалды байланысты 


4 (74) 2017 | Адам әлемі     5
Какимжанова М. Бихевиоризм тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің негізгі...
орнату. Скиннер пікірі бойынша, ішкі факторлар деп аталатын – сана, ой-
лау, эмоциялар, тұлға ерекшеліктері іс-әрекетті билей алмайды. «Іс-әрекет 
деп жазды ол, – бұл ағзаның не жасайтыны және не бақылауға болатыны. 
Дәлірек  айтсақ,  іс-әрекет  сыртқы  әлемге  әсер  ете  алатын  және  сыртқы 
әлемнен әсер ала алатын ағзаның жұмысының бір бөлігі» [1998, Б.73.].
Сфера  мен  адам  мінез-құлқының  арасында  тікелей  және  кері  байла-
ныс бар, осы үрдіс арқылы адам ортаны тудырады. Бірақ, ортаның әсері, 
Скиннердің ойынша, анықтаушы болып табылады. Орта белсенді, ал адам 
реактивті  жүйе.  Адам  бұл  концепция  тұрғысынан  «қара  жәшік»  секілді, 
ал  жүріс-тұрыс  кибернетикадағы  атақты  «кіріс-шығыс»  түріндегі  талдау. 
Скиннердің  пікірінше,  «өз  тағдырыңды  саналы  түрде  басқару»  сынды 
тұжырым  ұжымдық  иллюзия  болып  табылады.  Және  «оперантты  шарт» 
арқылы орта ағзаға тек «реакцияға дейін» ғана емес, сонымен қатар «ре-
акциядан кейін» де әсер етеді – жағымды және жағымсыз әсер арқасында 
(марапаттау және жазалау) [1998, Б.75].
Бихевиоризм  идеяларының  тигізген  әсерінің  тиімділігі  соншалықты, 
тіпті,  Скиннер  ХХ  ғасырдың  40-шы  және  50-жылдардың  басындағы 
қоғамды сипаттағанда «бихевиористтік инженерия арқылы адамды керемет 
арбайды, ол осы қоғамда басқалар құрастырған бағдарламаға сай жұмыс 
жасайтын реактивті жүйеге айналады. Мұндай шарттар «қасиетсіз адамды» 
қалыптастырады, ол өзіндік жекелігін жоғалтып алған және кенеттен жаса-
латын әрекеттерінен айырылған стандартталған адам түрі болып табыла-
ды»  [1998,  Б.180].  Байқай  кететін  мәселе,  бихевиористтік  инженерияның 
тұғырнамасы  Гегель  философиясы  болып  табылады,  ол  білім  беруді 
индивидтің  жалпылық  тәжірибе  мен  білімге  өрлеуі  ретінде  қарастырып, 
оны тұлғалық бастамаға қарсы қойды [1973, Б.61]. 
Гегель  бойынша,  адамның  рухани  құрастырушысы  жекелікті 
жалпылықтың пайдасына қарай жығылдырады [1973, Б.117-119]. Бейімделу 
мәселесіне  қатысты  айтар  болсақ,  Гегель  философиясын  оны  жалпыға 
бірдей  мұқтаждық  контекстінде  қарау  керек.  Өзінің  «Құқық  философия-
сы»  еңбегінде  ол:  «Жалпыға  бірдей  қажеттіліктер  бар,  олар,  мысалы, 
тамаққа, ішуге, киімге ж.т.б. және толықтай кездейсоқ жағдайларға қатысты 
қанағаттанушылық деген тәсіл бар. Осылайша, топырақ нақты бір жерде 
өнімді көп береді, өнімділік жылдары әр түрлі, бір адам еңбекқор, екіншісі 
жалқау. Бірақ, бұл ас өктемділігіне деген жалпылама ұйғарымды тудырады, 
және ақыл ойға сыйымсыз, енжар болып көрінген нәрселер қажеттілікпен 
ұсталынып қалады ...
Шынайы  болмыс  ретінде  көрінетін  қажеттіліктер  мен  құралдар 
басқаларға  да  болмыс  ретінде  көрінеді,  және  бұл  өзара  қажеттілік.  Киім 
киіну үлгісі, тамаққа арналған уақытты анықтауда ең ақылдысы – барлығы 
жасағанмен жүру, мұндай сұрақтарда өз түсінігіңді көрсетудің қажеті жоқ» 
[1990, Б. 234-237]. 


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау