4 (74) 2017 | Адам әлемі 127
радикализациялануының түрткілері және терролық әрекеттердің саяси,
әлеуметтік, діни, ұлттық, дүниетанымдық, психо-патологиялық себептерін
қалай айқындаймыз. Діндарлық пен радикалдылық өлшемі мен шекарасы
қандай. Міне осы сауалдар қоғамдық психология мен санадағы түйткілді
мәселелер. Қазіргі батыс еуропалық қоғамды постсекулярлы ретінде
анықтау үшін негізгі үш құбылыстан туындаған санадағы өзгерістер
нақты айқындалуы тиіс. Біріншіден, қазіргі әлемде болып жатқан түрлі
қақтығыстардың діни негізде болғандығын хабарлайтын БАҚ ықпалымен
қоғамдық сана өзгеруде; екіншіден, либералды қоғамдағы діни қауымдар
кейбір қоғамдық немесе саяси оқиғаларды өзінше түсіндіруі қоғамдық
санаға әсер етуде; үшіншіден, дәстүрлі мәдениетті ұстанатын елдерден
келуші жұмысшы күштер және босқындардың тұрақты иммиграциясы
еуропалық азаматтар санасына ықпал етуде. Неміс философы Ю.Хабермас
осы үш факторды негізге ала отырып секулярлы батыс қоғамын постсеку-
лярлы деп атайды. Мемлекеттік билік азаматтарды біріктіру үшін олардың
теңдігін қамтамасыз етуі тиіс. Ғаламтор және әлеуметтік желілер, алпау-
ыт елдердің геосаяси жобалары діннің және діндарлықтың жаңа құбылысы
радикалды идеология мен діни сенімнің күмәнді формаларын тудырды.
Заманауи әлемде нақты дін мен идеологияға негізделген саясат, партия,
экономика, құқық, мәдениет, өнер секулярлықтың Жаңа заманда орныққан
үлгісіне симайды. Жаһанданған адамзаттың қоғамдық психологиясы мен
өміріне діннің ықпалы өсуде, демек зайырлылық пен діндарлықтың өзара
әріптестігінің әділетті заманауи тетіктерін даярлау қажет. Постсекуляр-
лы жағдайда діннің әлеуметтік маңызы өседі. Модернизация зайырлы
ұстаныммен қатар, діни сананы да қамти отырып, оны өзгертеді. Секуляри-
зация бұл дінге қарсылық емес, діннің заң аясында өркениетті қызмет жаса-
уы, демек постсекулярлы қоғамда секулярлық пен сакральдылық бірін-бірі
толықтырушы үдеріс. Дін секулярлы қоғамнан үйренсе, секулярлы қоғам
діндегі бауырмалдық, рухани кемелдену, сыйластық сынды құндылықтардан
үйренуі тиіс. Кәрі құрлық елдерінде мұсылман қауымдарының өсуі және
соңғы жылдары босқындар мен мигранттардың жаппай келуі еуропалық
қоғамдық пікірде исламофобиялық үдеріс тудыруда. Қазіргі таңда еуропалық
елдер зайырлылық негіздерін сақтау және күшейту мақсатында нақты іс-
шараларды қолға алуда. Еуропалық мәдени кеңістік пен қоғамдық пікірде
жиі көтерілетін мәселе паранджа тақырыбы. Еуропалық христиандық
құндылықтарға негізделген өркениет өз діни бірегейлігін сақтауға мән беру-
де. 2011 жылы сәуірде Францияда қоғамдық орындарда никаб, бурка киюге
тыйым салды. Қоғамдық орында паранджа кигендерге 150 евро айыппұл
салынады және заңды бұзғандар бір сағат гендерлік теңдік және зайырлы
құндылықтар туралы дәріс тыңдайды. Әйелін, қызын, қарындасын хижаб,
никаб киюге мәжбүрлеген еркектерге 30 мың евро айыппұл салынады не-
месе бір жылға бас бостандығынан айырылады. 2016 жылы Нидерландтың
Бейсенов Б. Постсекулярлы әлем: дін және қоғам
128 Адам әлемі | 4 (74) 2017
төменгі палатасы қоғамдық орындарда хижаб, никаб киюге тыйым салды.
Заңды бұзушыларға 400 евро айыппұл салынады. Нидерланд азаттық пар-
тиясы мигрантардың елге келуіне тыйым салуға, хижабқа тыйым салуға,
мешіттерді жабуға шақырады. 2011 мамырда Бельгия парламенті қоғамдық
орындарда хижаб, никаб киюге тыйым салды. Заңды бұзушыларға 15-20
евро айыппұл салынады. Оқу орындарының басшылары хиджаб мәселесіне
қатысты шешім шығару өкілеттілігіне ие.
2016 жылы қыркүйекте Швейцария парламенті қоғамдық орындар-
да хижаб, никаб киюге тыйым салатын заң қабылдады. Заңды 88 депутат
қолдап, 87 депутат қарсы дауыс берген, 10 депутат қалыс қалған. 2016 жылы
қарашада Болгария парламенті қоғамдық орындарда хижаб, никаб киюге
тыйым салды. Заңды бірінші рет бұзушыларға 100 евро, қайта бұзғандарға
750 евро айыппұл салынады. Заңды лауазымды қызметкерлер бұзса 250
евро, қайта бұзушыларға 1000 евро айыппұл салынады. 2014 жылы наурызда
халықаралық футбол федерациясы (FIFA) хижабпен футбол ойнауға рұқсат
берді. 2017 жылы мамырда халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA ) хи-
жабпен баскетбол ойнауға рұқсат берді. 2016 жылы қазан айынан Австрияда
қоғамдық орындарда паранджа, никаб киюге тыйым салатын заң қабылдады.
Заңды бұзушыларға 150 евро айыппұл салынады.
2001 жылғы 11 қыркүйектен соң әлем елдері террорлық қауіптің ал-
дын-алу және террорлық қылмыспен күрес іс-шараларына ерекше назар
аудара бастады. 2002 жылы Еуроодақ барлау ақпаратын талдау орталығын
ашты (INTCEN) ашты. 2016 жылы қаңтарда Европол аясында Еуропалық
контртеррорлық орталық ашылды. Орталық арнайы қызметті өзара
әріптестік қимылға үйретеді. ЕО-АҚШ линиясы терроршылдар туралы
ақпаратты алмасу бойынша интерпол және Focal Point travеlers (FPT) ая-
сында Foreign Terrorist Fighter (FTF ) бағдарламасына еуропалық елдер
қатысады. 1971 жылы құрылған Берн клубы аясында еуропалық арнайы
қызметтер өзара деректермен алмасады. Германияның орталық антитер-
рор тобы-GSG9 және аймақтағы полиция басқармалары құрамында SEK
–аймақтық контртеррорлық топ бар. Сонымен қатар, федералдық арнайы
мақсаттағы топ BFE+ қала және қала маңында терроршылдардың ізіне түсу
және қуғындаумен, ал GSG9 тобы ғимараттар ішінде іс-әрекет жасау және
кепілге алынғандарды босатумен айналысады. Германияда антитеррорлық
операция жарияланған жағдайда-қала шекарасы жабылып, қоғамдық
көліктер тоқтатылады, вокзалдар қоршауға алынады, қала тікұшақпен
бақыланады, әлеуметтік желілер жұмысы бұғатталады, фото және ви-
део жазбаларды ғаламторға жариялауға тыйым салынады, тұрғындар
үйлерінен шықпайды, Австрияда антитеррорлық Cobra тобы терроршы-
лармен күреске машықтанған. Францияда SIGN-контртеррорлық арнайы
топ, Ұлыбританияда контртеррорлық арнайы топтар-SAS, SBG, Израилде-
YAMAM және Kидон, АҚШ-Delta тобы бар.
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер
Достарыңызбен бөлісу: |