Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет50/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61

118     Адам әлемі | 4 (74) 2017
-  тәрбие  мен  білім  алушының  әлеуметтенуінің  құныдылықтық 
негіздемесі ретінде (бағдар, мұрат және т.б.);
- әлеуметтік сұраныстың қалыптасуына тікелей қатысатын және оның 
білім беру мекемесі тарапынан жүзеге асырылуын бақылау институты (діни 
бірлестік) ретінде.
Ал  Бирмингем  университетінің  профессоры  М.Гриммит  [1981]  діни 
оқытудың үш түрін бөліп көрсетеді:
- into religion – дінде;
- about religion – дін туралы;
- from religion – діннен. 
Гриммиттің типологиясы халықаралық ғылыми қауымдастықта кеңінен 
мойындалды.  Ғалымның  бұл  идеясы  ресейлік  ғалым  Ф.Н.  Козыревтің 
еңбектерінде  жалғасын  тапты.  Ол  діни  білім  берудің  тәсілдемесін  былай 
деп жіктейді: 
- как закон – religion as a law;
- как факт – religion as a fact;
- как дар – religion as a gift. 
Балама жалпылама термин ретінде «дін (діндер) туралы білімді оқыту 
(алу)» – «teaching (learning) about religion(s)» тіркесі қолданылады. Кейбір 
елдердің оқу бағдарламаларында бұл ұғымдық тіркес кеңінен қолданылып 
келеді,  мәселен,  Швецияда  «дін  туралы  білім  (ілім)»  деп  аталады.  Ал 
қолдану  аясы  жағынан  азырақ  қолданылатын  түсінікке  «дін»  сөзін  «рух 
(руханият)»  –  «spirituality»  сөзіне  ауыстыру  талпынысы  жатады.  Бұндай 
феномен Америка құрама штаттарында кеңінен тараған, бұл жердегі «рух» 
сөзі «дін» сөзінің зайырлы нұсқасы іспеттес. Алайда «діни» сөзін «рухани-
мен» алмастыру діни феномендерден бас тарту дегенді білдірмейді. «Дін» 
сөзінің синонимы ретінде «сенім» сөзі де қолданылады. Бұл құбылыс тағы 
да америкалық мәнмәтінде көрініс тапқан. Ал «білім беру» сөзі сирегірек 
алмастырылады. Демек «діни білім беру» феноменінің балама ұғымдары 
ретінде «рухани білім беру (spiritual education)» немесе «сенімдік білім беру 
(faith education)» тіркестері қолданысқа ие. 
Оқу орындарында діни пәндерді оқу мен оқытуға, білім алудың діни 
мазмұнына  байланысты  пәндік  саланы  белгілеу  үшін  «діни  білім  беру» 
ұғымы қолданылады. 
Жоғарыда  сарапталған  ақпаратты  ескере  отырып,  діни  білім  берудің 
көптеген  анықтамалары  бар  екенін  сеніммен  айтуға  болады.  Мәселен, 
энциклопедиялық мәліметтерде діни оқыту және білім беру діни ғибадат 
қызметшілерін,  теолог  мамандарды,  рухани  оқу  орындарында  дін 
ілімі  оқытушыларын  кәсіби  дайындаудың  жүйесі  және  халықты  діни 
сауаттандыруға  бағытталған  деп  көрсетілген.  Ал  ғалым  И.В.  Понкиннің 
[2003]  сөзіне  сүйенетін  болсақ,  ол  діни  білім  беруді  оқытудың  және 
тәрбиелеудің  мақсатты  үдерісі  деп  түсіндіреді,  діни  білім  беру  діни 
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер


4 (74) 2017 | Адам әлемі     119
қоғамдастық пен тұлғаның мүддесі негізінде жүзеге асырылады, ол дінді 
оқыту туралы, діни тәжірибе, мәдениет туралы және дін өмірі туралы, соны-
мен қатар оның өкілеттілігі болып табылатын бірлестік туралы білім береді, 
белгілі  діни  сенім  мен  нанымға  сай  адами  өмір  салтын  қалыптастыруға 
үйретеді, сондай-ақ, сол дінге тиесілі рухани құндалықтарға баулиды.
Діни  білім  беру  нақты  бір  діннің  дүниетанымдық,  рухани-өнегелік 
негізінде жүзеге асырылады, яғни осы дінде қалыптасқан дүниетаным мен 
өмір  салтына  негізделеді.  Діни  білім  беру  жүйесі  жаһандық  мәдениеттің 
феномені деп санауға болады, ол өз-өзіне жеткіліктілік және өздігінен даму 
қасиеттеріне ие. 
Қазіргі  таңда  діни  және  дінтанушылық  білім  беруді  зерттеудің 
философиялық тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туындап отыр, себебі 
бұндай тұжырымдама қазіргі Қазақстанда діни білімнің ахуалын анықтау 
үшін  қажет.  Сонымен  қатар,  біздің  қоғам  үшін  діни  және  дінтанушылық 
білімнің  деңгейі  мен  мәні  анықталады,  оның  өзгеру  үрдістеріне  белгілі 
бір деңгейде болжам жасауға болады. Теориялық философиялық сарапта-
ма дінге деген жаңа көзқарас қалыптастыруға жағдай тудырады, қоғамдық 
санадағы  оның  ролі  анықталып  қана  қоймай,  бұл  саладағы  мемлекеттік-
конфессионалдық қатынастардың үлгісін қалыптастыру үшін қажет. 
Діни білім берудегі зайырлы тәсілдің келесі қырларын көрсетуге бо-
лады: жалпы білім берудің белгілі бір түрі ретінде зерттеу; қазіргі заманғы 
діни білім берудің ерекшелігін және оның даму үрдістерін сараптау; діни 
білім  беруді  мемлекеттік  реттеудің  формаларымен  дәрістерін  зерттеу; 
діни  қоғамдастықтар  мен  зайырлы  оқу  орындардың  әріптестігін  талдау. 
Осыған  орай  діни  білім  беруді  діни  доктриналарды,  тәжірибені,  сезімді, 
табынушылық тәжірибенің әдістерін жүзеге асыру бойынша іс-әрекет деп 
те анықтауға болады. Бұндай іс-әрекетер кәсіби дайындалған тұлғалармен 
жүзеге  асырылады  (дін  қызметкерлері  және  діни  педагогтар),  сонымен 
қатар  аталмыш  білім  жүйесіне  конфессионалдық  білім  беруге  арналған 
педагогикалық кадрларды даярлау жатады. 
Әдетте діни білім беру оның бағытына сәйкес келетін діни ұйымның 
қатысуымен жүзеге асырылады. Діни ұйымдармен бұл сипаттағы қарым-
қатынастың  нақты  бір  дін  туралы  ілімдер  мазмұнын  қалыптастыру  және 
олардың  бұлағы  түпнегіздерге  сәйкестігін  анықтау  тұрғысынан,  осы 
діни  дәстүрдегі  мәдениет  пен  өмір  салтының  барлық  тұстарын  толықтай 
таныту  жағынан,  сонымен  қатар  белгілі  діни  дүниетанымдық  негізде 
білім  беруді  қамтамасыз  ету  тарапынан  келгенде  қажеттілігі  зор.  Оқу-
тәрбиелік  қызметте  діни  ұйымдардың  қатысуы  мектептер  мен  жоғарғы 
оқу  орындарындағы  білім  беруді  тура  және  жанама  бақылау  сияқты  іс-
әрекеттерден тұрады. Сонымен қатар олардың қатысуы оқу мекемелерінде 
қолданылатын  оқу  бағдарламаларына,  оқулықтарына  және  басқа  да 
құралдарына конфессионалдық сараптама жасау шеңберінде, педагогикалық 
қызметкерлердің біліктілігін сараптау барысында жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жандосова Ш., Досмағанбетова А. «Діни білім беру» ұғымын зерттеудің ерекшеліктері 


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау