Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет54/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61

4 (74) 2017 | Адам әлемі     127
радикализациялануының  түрткілері  және  терролық  әрекеттердің  саяси, 
әлеуметтік, діни, ұлттық, дүниетанымдық, психо-патологиялық себептерін 
қалай айқындаймыз. Діндарлық пен радикалдылық өлшемі мен шекарасы 
қандай. Міне осы сауалдар қоғамдық психология мен санадағы түйткілді 
мәселелер.  Қазіргі  батыс  еуропалық  қоғамды  постсекулярлы  ретінде 
анықтау  үшін  негізгі  үш  құбылыстан  туындаған  санадағы  өзгерістер 
нақты  айқындалуы  тиіс.  Біріншіден,  қазіргі  әлемде  болып  жатқан  түрлі 
қақтығыстардың діни негізде болғандығын хабарлайтын БАҚ ықпалымен 
қоғамдық сана өзгеруде; екіншіден, либералды қоғамдағы діни қауымдар 
кейбір  қоғамдық  немесе  саяси  оқиғаларды  өзінше  түсіндіруі  қоғамдық 
санаға  әсер  етуде;  үшіншіден,  дәстүрлі  мәдениетті  ұстанатын  елдерден 
келуші  жұмысшы  күштер  және  босқындардың  тұрақты  иммиграциясы 
еуропалық азаматтар санасына ықпал етуде. Неміс философы Ю.Хабермас 
осы үш факторды негізге ала отырып секулярлы батыс қоғамын постсеку-
лярлы деп атайды. Мемлекеттік билік азаматтарды біріктіру үшін олардың 
теңдігін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Ғаламтор  және  әлеуметтік  желілер,  алпау-
ыт елдердің геосаяси жобалары діннің және діндарлықтың жаңа құбылысы 
радикалды  идеология  мен  діни  сенімнің  күмәнді  формаларын  тудырды. 
Заманауи  әлемде  нақты  дін  мен  идеологияға  негізделген  саясат,  партия, 
экономика, құқық, мәдениет, өнер секулярлықтың Жаңа заманда орныққан 
үлгісіне  симайды.  Жаһанданған  адамзаттың  қоғамдық  психологиясы  мен 
өміріне діннің ықпалы өсуде, демек зайырлылық пен діндарлықтың өзара 
әріптестігінің  әділетті  заманауи  тетіктерін  даярлау  қажет.  Постсекуляр-
лы  жағдайда  діннің  әлеуметтік  маңызы  өседі.  Модернизация  зайырлы 
ұстаныммен қатар, діни сананы да қамти отырып, оны өзгертеді. Секуляри-
зация бұл дінге қарсылық емес, діннің заң аясында өркениетті қызмет жаса-
уы, демек постсекулярлы қоғамда секулярлық пен сакральдылық бірін-бірі 
толықтырушы үдеріс. Дін секулярлы қоғамнан үйренсе, секулярлы қоғам 
діндегі бауырмалдық, рухани кемелдену, сыйластық сынды құндылықтардан 
үйренуі тиіс. Кәрі құрлық елдерінде мұсылман қауымдарының өсуі және 
соңғы  жылдары  босқындар  мен  мигранттардың  жаппай  келуі  еуропалық 
қоғамдық пікірде исламофобиялық үдеріс тудыруда. Қазіргі таңда еуропалық 
елдер зайырлылық негіздерін сақтау және күшейту мақсатында нақты іс-
шараларды қолға алуда. Еуропалық мәдени кеңістік пен қоғамдық пікірде 
жиі  көтерілетін  мәселе  паранджа  тақырыбы.  Еуропалық  христиандық 
құндылықтарға негізделген өркениет өз діни бірегейлігін сақтауға мән беру-
де. 2011 жылы сәуірде Францияда қоғамдық орындарда никаб, бурка киюге 
тыйым салды. Қоғамдық орында паранджа кигендерге 150 евро айыппұл 
салынады және заңды бұзғандар бір сағат гендерлік теңдік және зайырлы 
құндылықтар туралы дәріс тыңдайды. Әйелін, қызын, қарындасын хижаб, 
никаб киюге мәжбүрлеген еркектерге 30 мың евро айыппұл салынады не-
месе бір жылға бас бостандығынан айырылады. 2016 жылы Нидерландтың 
Бейсенов Б. Постсекулярлы әлем: дін және қоғам


128     Адам әлемі | 4 (74) 2017
төменгі палатасы қоғамдық орындарда хижаб, никаб киюге тыйым салды. 
Заңды бұзушыларға 400 евро айыппұл салынады. Нидерланд азаттық пар-
тиясы мигрантардың елге келуіне тыйым салуға, хижабқа тыйым салуға, 
мешіттерді жабуға шақырады. 2011 мамырда Бельгия парламенті қоғамдық 
орындарда  хижаб,  никаб  киюге  тыйым  салды.  Заңды  бұзушыларға  15-20 
евро айыппұл салынады. Оқу орындарының басшылары хиджаб мәселесіне 
қатысты шешім шығару өкілеттілігіне ие.
2016  жылы  қыркүйекте  Швейцария  парламенті  қоғамдық  орындар-
да  хижаб,  никаб  киюге  тыйым  салатын  заң  қабылдады.  Заңды  88  депутат 
қолдап, 87 депутат қарсы дауыс берген, 10 депутат қалыс қалған. 2016 жылы 
қарашада  Болгария  парламенті  қоғамдық  орындарда  хижаб,  никаб  киюге 
тыйым салды. Заңды бірінші рет бұзушыларға 100 евро, қайта бұзғандарға 
750  евро  айыппұл  салынады.  Заңды  лауазымды  қызметкерлер  бұзса  250 
евро, қайта бұзушыларға 1000 евро айыппұл салынады. 2014 жылы наурызда 
халықаралық футбол федерациясы (FIFA) хижабпен футбол ойнауға рұқсат 
берді. 2017 жылы мамырда халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA ) хи-
жабпен баскетбол ойнауға рұқсат берді. 2016 жылы қазан айынан Австрияда 
қоғамдық орындарда паранджа, никаб киюге тыйым салатын заң қабылдады. 
Заңды бұзушыларға 150 евро айыппұл салынады.
2001 жылғы 11 қыркүйектен соң әлем елдері террорлық қауіптің ал-
дын-алу  және  террорлық  қылмыспен  күрес  іс-шараларына  ерекше  назар 
аудара бастады. 2002 жылы Еуроодақ барлау ақпаратын талдау орталығын 
ашты (INTCEN) ашты. 2016 жылы қаңтарда Европол аясында Еуропалық 
контртеррорлық  орталық  ашылды.  Орталық  арнайы  қызметті  өзара 
әріптестік  қимылға  үйретеді.  ЕО-АҚШ  линиясы  терроршылдар  туралы 
ақпаратты алмасу бойынша интерпол және Focal Point travеlers (FPT) ая-
сында  Foreign  Terrorist  Fighter  (FTF  )  бағдарламасына  еуропалық  елдер 
қатысады.  1971  жылы  құрылған  Берн  клубы  аясында  еуропалық  арнайы 
қызметтер  өзара  деректермен  алмасады.  Германияның  орталық  антитер-
рор  тобы-GSG9  және  аймақтағы  полиция  басқармалары  құрамында  SEK 
–аймақтық контртеррорлық топ бар. Сонымен қатар, федералдық арнайы 
мақсаттағы топ BFE+ қала және қала маңында терроршылдардың ізіне түсу 
және қуғындаумен, ал GSG9 тобы ғимараттар ішінде іс-әрекет жасау және 
кепілге алынғандарды босатумен айналысады. Германияда антитеррорлық 
операция  жарияланған  жағдайда-қала  шекарасы  жабылып,  қоғамдық 
көліктер  тоқтатылады,  вокзалдар  қоршауға  алынады,  қала  тікұшақпен 
бақыланады,  әлеуметтік  желілер  жұмысы  бұғатталады,  фото  және  ви-
део  жазбаларды  ғаламторға  жариялауға  тыйым  салынады,  тұрғындар 
үйлерінен  шықпайды,  Австрияда  антитеррорлық  Cobra  тобы  терроршы-
лармен  күреске  машықтанған.  Францияда  SIGN-контртеррорлық  арнайы 
топ, Ұлыбританияда контртеррорлық арнайы топтар-SAS, SBG, Израилде-
YAMAM және Kидон, АҚШ-Delta тобы бар.
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау