«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
84
Resume: This article is provided to the problem og teaching of the diplomatic
vocabulary in Kazakh classes. The experience of work with texst on speciality of
the development of skills of orall and writing speech in the sphere og the
professional aims is generalized.
Ғасырлар бойы дамып жетілген, сан ғасырлық тарихы бар, еліміз
егемендік алғалы мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болған қазақ тілі соңғы
жылдары шоқтығы биіктеп, мәртебесі артып келеді.Бүгінгі таңда тіл
тағдыры, оның болашағы, мәртебесі бәрімізді толғандырады.
Қазақ тілінің ертеңі қалай болады, оның қолдану аясы мен қызметі
қандай? «Тіл туралы заңның» мемлекеттік дәрежеде орындалуы қалай
жүргізілуде? т.б сұрақтар барлық жұртты ойландыратыны белгілі, өйткені
бүгінгі егеменді елдің ХХІ ғасырдағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық, мәдени
келбеті қазақ тілімен тікелей байланысты екенін ұғынып келеміз. Осындай
кінәратсыз, саналы тілдік ахуал қалыптасып отырған жағдайда туған тілдің
қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қолданылуы қызметінің
артуына,өзге тілді аудиторияда тілді үйрету, оқыту ісінің бұрынғыдан да
оңтайлы түрде жүргізілуіне белсене араласу- қазақ тілі пәнінің
оқытушыларының парызы.
Өзгетілді аудиторияда қазақ тілін оқытудың қатынасымдық,
тәрбиелік, танымдық және жетілдіру мақсаттары, сондай-ақ дұрыс сөйлеу
дағдыларына қойылатын талаптар кешенді түрде қазақ тілінде жүргізілетін
барлық оқу-тәрбие процесінде, сабақ үстінде жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі жоғары оқу орындарында әр түрлі сала бойынша мамандар әзірлеу
барысында тек өз мамандығына байланысты білім беріп қоймай, сонымен
бірге мемлекеттік тілді де еркін меңгертіп шығару көзделіп отыр. Бұл-
бүгінгі күннің бұлжымас шарты, айнымас талабы. Сондықтан да, бөгде
тілді студенттерге мамандығы бойынша тілдік база жасау көкейтесті
мәселе.
Мысалы, жоғары оқу орындарында орыс тілді студенттерге
мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқытуда шешілмеген мәселелер көп.
Солардың ең бастысы- мамандықтарға сәйкестендірілген типтік оқу
бағдарламасының және арнайы оқулықтардың жоқтығы. Ғаламдану
үрдісінде бәсекелестікке төтеп бере алатын қоғамның мүддесі мен
мақсатына қызмет ететін білімді де білікті мамандармен қамтамасыз ету,
біліктілігін арттыру қоғам сұранысы, бүгінгі күн талабы. Сондықтан,
бүгінгі студент- ертеңгі маман жоғары оқу орнын бітіріп, мамандығы
бойынша қызметке кіріскенде мемлекеттік тілді кәсіби талап деңгейінде
қолдана білуге үйрету үшін бірыңғай талапқа сай арнайы бағдарламалар
мен оқулықтар қажет-ақ. Өзгетілді аудиторияда мамандықтарға
байланысты қазақ тілін үйретудің әдістемелік кешенін әзірлеу, тіл
үйренушілердің деңгейлеріне қарап сұрыптау, қарапайымнан күрделіге
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
85
қарай жүйелі меңгерту, жолдарын тауып, әдістемелік тұрғыдан негіздеу-
қазақ тілі оқытушыларының алдында тұрған міндет. Бұл ретте арнаулы
аудиторияның ерекшелігін, кәсіп пен мамандықтың айырмашылығын
ескере отырып Күзекова З; Құрманбайұлы Ш; Жусанбаева С. Қазақ тілі
(Жоғары оқу орындарының халықаралық қатынастар факультеттеріне
арналған). Алматы: Ана тілі, 1998 ж, Б. Қасым, Е.Арын, З.Жұматаева.
Қазақ тілі ( жоғары оқу орындарының экономика мамандықтарына
арналған), К.Сариева, Ф.Оразбаеваның(кәсіптік техникалық училище мен
лицейлерге арналған) т.б. оқулықтары арнайы мақсатта тіл үйренушінің
кез-келген сөйлесу жағдайына қарай тілдік дағдылануына мүмкіндік
беретіндігін атауға болады.
Әдіснамалық ұстанымдарда: Білімді жас ұрпақтың өміріне ең қажетті
біліктіліктерін жетілдірудің базасы ретінде жүйелеу ескерілген.
Сондықтан, деңгейлік сатыларда ұсынылатын лексикалық тақырыптардың
мазмұндық жүйесі тілді үйренушілердің әлеуметтенуінің ерекшелігіне
табиғи ортасына сәйкестендірілуі шарт. Осындай бірізділікке бағынған
мазмұн білімді студенттің дүниетанымының болмыс-мәдениетінің
коммуникативтік іскерліктерінің дамуының тетігі ретінде қолдануға
мүмкіндік тудырады. Осы мәселені шешу барысында өзге тілді
студенттерге мемлекеттік тілді оқытуға арналған жұмыс бағдарламасын
төмендегідей модульдерге:
I «Адам және қоғам» (жалпы тұрмыстық лексика),
II «Елтану» (әлеуметтік, қоғамдық-тарихтық лексика),
III «Мамандық әлемі» (кәсіби-ресми лексика және ресми-іскерлік)
деп бөліп жоспарлап жүрміз. Әрине әр мамандықтың нақты лексикалық
минимумын, сөздіктерін, анықтамалықтарын, терминдер сөздігін,
сұхбаттасу үлгілерін, оқу құралдары мен оқулықтарын, қызмет барысында
толтырылатын іс-қағаздарының үлгілерін т.с.с. дайындап шығару- қазақ
тілі оқытушысының атқарар жұмыстарының басты бөлігі болмақ. [1, б.3-4]
2006 жылы шыққан оқу-әдістемелік құралымда сабақ барысында тиімді,
ұтымды жаңа инновациялық, педагогикалық және компьютерлік
технологияға негізделген оқыту әдістерін қолдана отырып, студент білімін
тереңдетуде,
болашақ
мамандығының
лексикасын
меңгертуде,
мамандыққа қатысты бейімдеп оқытуда мынандай: халықаралық қатынас
факультетінің (дипломатия мамандығы бойынша) студенттеріне арналған
қазақ тілі пәнінің оқу-жұмыс бағдарламасының жобалары, модульдік
кестелер үлгілері және түрлі әдіснамалық нұсқаларын ұсынып көрсеттім.
Мысалы, жоғары оқу орындарының халықаралық қатынастар
факультетінде оқитын І сатыдан өткен студенттердің білімін тереңдету
мақсатында қазақ тілі пәні бойынша берілетін білім мен оқытудың
мазмұнының бағыты-болашақ дипломаттардың сөйлеуін, жазуын,
баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, дипломатиялық құжат
Достарыңызбен бөлісу: |